Ерейментау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің:
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 76 "Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4056 тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірде аудандық "Маяк" газетінде жарияланған);
      Астрахан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 173 "Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4930 тіркелген, 2015 жылғы 21-28 тамыз аралығында аудандық "Маяк" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов