Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында қызметтік тергеу жүргізу Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10179 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабының 10-тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында қызметтік тергеу жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жеке құрамының назарына жеткізілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ішкі қауіпсіздік басқармасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға                                     Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 84   
бұйрығымен бекітілген       

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында
қызметтік тергеулер жүргізу туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 58-бабының 10-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоксандағы № 321 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесіне сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында қызметтік тергеулерді жүргізу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Қағидалар).
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдалынады:
      1) қызметтік тергеу - қызметкерлердің тәртіптік теріс қылықты жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында жүргізілетін, ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;
      2) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының беделін түсіретін теріс қылықтар - іс-қимылдар, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдында қызметтің беделі мен мәртебесін түсіретін, атап айтқанда: жұмыскерлердің қоғамдық орындарға алькогольдік, нашақорлық немесе токсикологиялық мас күйінде келуі; тергеу жүргізуге зиян келтірген жедел сипаттағы ақпаратты жариялау; қызмет бабын өз пайдасы мақсатында қолдану; теріс қоғамдық резонанс туғызған жұмыскерлер, оқу орындарының тыңдаушылары араларындағы тыс қатынастар жасау; сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзу;
      3) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы қызметтік тәртіп - Қазақстан Республикасының заңнамасымен, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары басшыларының және уәкілетті басшыларының актілерімен белгіленген нормалар мен қағидаларды жұмыскерлердің міндетті сақтауы;
      4) тәртіптік жаза (бұдан әрі - жаза) - тәртіптік жауапкершілікке тартылатын қызметкерлерді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату құқығы бар лауазымды адам жұмыскерлерге қолданатын тәртіптік жауапкершілік шарасы;
      5) тәртіптік жауапкершілік - тәртіптік теріс қылықтар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қызметкерлер көтеретін заңдық жауапкершілік түрі;
      6) тәртіптік теріс қылық – қызметкерлердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қарама-қайшы, атқармау кінәсі немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерін), Агенттіктің және оның аймақтық бөлімшелерінде мемлекеттік кызметшілердің қызметтік этика ережесін бұзуы, тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы, сол сияқты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметіне келуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген шектеулерді сақтамауы.
      3. Қызметтік тәртіптің бұзылуының әрбір жағдайы үшін бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.
      4. Төтенше жағдайлар деректеріне жататындар:
      1) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріне зорлық-зомбылық қолдану немесе олардың өлімі;
      2) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлеріне қатысты құқық бұзушылықтар және қылмыстар (олармен немесе оларға қатысты жасалған);
      3) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерінің қару немесе арнайы құрал-жабдықтарды қолдануы;
      4) елтаңбалы мөрді және мөртабанды, ерекше маңыздылық белгісі бар, өте құпия және құпия құжаттарды ұрлау немесе жоғалту, мемлекеттік немесе қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету;
      5) тәбілдік атыс қаруды, оның оқ-дәрісін, арнайы құралдарды және материалдық игіліктерді ұрлау немесе жоғалту;
      6) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының әкімшілік ғимаратына және мүлкіне қарулы шабуыл жасау немесе қауып төндіру;
      7) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерінің жасаған жол-көлік оқиғасы немесе сонымен байланысты;
      8) қызметкердің қызметте алкогольдік, нашақорлық немесе таксикологиялық мас күйінде келуі.
      5. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерінің теріс қылық жасауы жаза қолдануға негіз болып табылады.
      6. Тәртіптік теріс қылықтар жасаған қызметкерге міндетін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін салынған жаза оны өз міндетін орындаудан босатпайды.
      7. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған жағдайда, одан жазбаша түсініктеме талап етіледі. Егерде қызметкер жазбаша түсініктемесінде қызметкер өзінің осы тәртіптік теріс қылықты жасау фактісімен келіссе, онда басшысы немесе мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының уәкілетті басшысы қызметтік тергеу жүргізбей-ақ, жауапкершілікке тартады.
      Егер қызметкер жазбаша түсініктемесінде өзінің тәртіптік теріс қылық жасау фактісімен келіспесе, онда басшысы немесе мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының уәкілетті басшысының бұйрығы бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі.
      8. Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату және жұмыстан шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижесі және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының тәртіптік комиссиясының тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады.
      Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқарып отырған лауазымынан босату түріндегі жаза алқа немесе мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басшыларының немесе уәкілетті басшыларының жедел кеңесі шешімімен қолданылады.
      9. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарындағы қызметтік тергеуді ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің лауазымды қызметкерлері жүргізеді.
      10. Қажет болған жағдайда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары басшысының немесе уәкілетті басшысының келісімімен қызметтік тергеу жүргізу кезінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басқа құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері тартылады.

2. Қызметтік тергеулерді жүргізу тәртібі

      11. Қызметтік тергеу қызметкердің жасаған тәртіптік теріс қылығының себебін, сипатын және мән-жайын анықтау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген мән-жайлардың бар жоғын растау қажет болғанда жүргізіледі.
      12. Қызметтік тергеу жүргізуге себеп болған:
      1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, оның ішінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерімен жасалған нақты теріс қылық фактілерді қамтитын иесі бүркемеленген арыздар;
      2) жалпы ақпарат құралдарындағы, оның ішінде Интернет ресурстарындағы және әлеуметтік желідегі хабарламалар;
      3) құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары;
      4) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерінің баянаттары (өтініштері);
      5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және аумақтық бөлімшелер басшысыларының нұсқаулары.
      13. Қызметтік тергеу жүргізуге Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Агенттік туралы Ереженің 6 тармағымен бекітілен тәртіппен қабылданған шешім негіз болады.
      14. Қызметтік тергеу мынадай жолдармен жүргізіледі:
      1) тәртіптік теріс қылықтың жасалған күнін және уақытын, қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан жауапты қызметкердің кінәлі адамдар шеңберін, дәрежесіне және мінезіне ықпал ететін мән - жайларды жеңілдететін, сондай-ақ ауырлататын деректерді құжаттық белгілеу;
      2) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметтік тергеуге қатысы бар қызметкерлерінен жазбаша түсініктеме түрінде рәсімделген жауап алу;
      Жазбаша түсініктемеде сұралушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қажет болған жағдайда толық сауалнама деректері көрсетіледі.
      Сұрақтарға жауаптар бірінші жақта сөзбе-сөз жазылады.
      Сауал қойылған тұлғаның тілегі бойынша, қойылған сұрақтарға жауаптарды өз қолымен жазуға мүмкіндік беріледі.
      Егерде теріс қылықты қызметке алғаш қабылданған қызметкер жасаса, теріс қылық жасау фактісі бойынша оған бекітілген тәлімгерден жазбаша түсініктеме талап етіледі.
      Қызметтік тергеу жүргізіліп жатқан қызметкер жазбаша түсінік беруден бас тартқан жағдайда, жасалған жері, күні және уақыты, лауазымы көрсетілген кез келген түрде акті толтырылып, онда акті толтырған тұлғаның лауазымы, жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысқан қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
      Актіге оны жасаушы лауазымды тұлға және жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде қатысқан лауазымды тұлғалар қол қояды;
      3) қажет болған кезде алынатын және қызметтік тергеу материалдарына біріктірілетін қажетті құжаттармен, түпнұсқалармен немесе көшірмелермен танысу;
      4) құқық бұзушылықтар (төтенше оқиғалар) жасалған орынды белгілеу, атап айтқанда, олар жасалған жердің сызбасын жасау, құпиялық режимді сақтай отырып фотобейне жазба немесе жасау;
      5) қызметтік тергеу жүргізу барысында қызметтік тергеу материалдарына біріктіру мүмкін болмайтын оқып танысқан құжаттар бойынша, сондай-ақ қызметтік құжаттарды және өзге де заттарды қарау туралы анықтама жасау;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтік құжаттар мен заттарды, оның ішінде қызметтік куәліктерді уақытша алу;
      7) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басқа бөлімшелерінен Агенттік басшысының, не ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғасының жазбаша сұрау салуы және тапсырмасы негізінде құжаттар мен мәліметтерді алу, сұратып алу аумақтық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары үәкілетті басшыларымен орындалуға міндетті;
      8) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мен ұйымдарынан, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен анықтамаларды, қорытындыларды алу;
      9) сарапшылардың қорытындысы жұмыскердің кінәсін анықтау үшін шешуші мәнде болған жағдайда, соттық сараптамаларды тағайындау;
      10) қызметтік тергеу жүргізудің жан-жақты, толық және объективті қамтамасыз етілуі мақсатында, тексеріп жатқан оқиғаға қатысты азаматтардан, куәлерден, куәгерлерден жауап алу;
      11) полиграфологиялық зерттеулерді жұмыскер–полиграфологты тартумен өткізуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда маманмен өткізу;
      12) жұмыскермен едәуір тәртіп бұзушылық деректері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жалпы жедел – іздестіру іс-шараларын жүргізу;
      13) қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүргізу.
      Қызметтік тергеу материалдарына айғақ-анықтамалар, кінәлі тұлғалардың күші бар тәртіптік жазалары көрсетілген қызметтік тізімі, функционалдық міндеттері (қажет болған жағдайда) біріктіріледі.
      15. Қызметтік тергеу қорытынды жасаумен аяқталады және де ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, мазмұнды, резолютивтік.
      16. Кіріспе бөлімде:
      1) қызметтік тергеу жүргізген лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, немесе қызметтік тергеу жүргізген комиссия құрамы (комиссия төрағасы мен мүшелерінің лауазымдары, тектері және аты-жөндерін көрсете отырып);
      2) қызметтік тергеу жүргізудің негізі көрсетіледі.
      17. Мазмұнды бөлімде көрсетіледі:
      1) қызметтік тергеу жүргізуге негіз;
      2) қызметкердің тәртіп бұзушылықты жасау дерегі, оның салдары және өзге де маңызды мән-жайлар;
      3) қызметкерлердің, куәлардың, куәгерлердің, мамандардың қысқаша түсініктері;
      4) қызметкердің кінәсін растайтын (болдыртпайтын) матариалдар;
      5) қызметкердің жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар;
      6) қызметтік тергеу жүргізу барысында анықталған өзге де мән-жайлар;
      7) қызметтік тергеу жүргізілген қызметкердің, сондай-ақ оның тікелей басшыларының кінәлілігі (кінәсіздігі);
      8) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауына ықпал болған себеп-салдар бойынша ұйғарымдар көрсетіледі.
      18. Резолютивтік бөлімде:
      1) Кінәліге тәртіптік жауапкершілік шаралары мен басқа да шараларды қолдану туралы ұсыныстар;
      2) материалдарды Агенттік пен оның аумақтық бөлімшелерінің сондай-ақ тергеу бөлімшелеріне, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарына заңмен белгіленген тәртіпте шешім қабылдау үшін жолдау туралы ұсыныстар (қажет болған жағдайда);
      3) қызметтік тәртіпті бұзу фактілерінің болмауына байланысты анықталған кемшіліктерді жою шаралары туралы ұсынытар немесе қызметтік тергеулерді тоқтату туралы ұсыныстар енгізіледі.
      19. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде жұмыскердің әрекеттерінде қылмыс белгілері анықталған болған жағдайда, қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының басшысы немесе уәкілетті басшысы алынған материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарының тергеу бөлімшелеріне дереу береді.
      20. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары қылмыстық іс қозғаудан бас тарту немесе қылмыстық істі қысқарту туралы шешімді қабылданған жағдайда, сондай-ақ басқа құқық қорғау органдарынан аталған қаулылар келіп түскен кезде, бірақ қызметкердің әрекетінде сыбайлас жемқорлық белгілері не тәртіптік теріс қылық болған жағдайда, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы бір күнтізбелік күн ішінде ішкі қауіпсіздік бөлімшесіне қызметтік тергеу жүргізу үшін жолданады.
      21. Қызметкерге қатысты қылмыстық істер қозғау фактілері бойынша қызметтік тергеу осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметтік тергеумен заңға қайшы жасалған әрекеттің барлық мән-жайлары, оны жасауға қатысты тұлғалардың тобы анықталады, толық және объективті болуы қамтамасыз етіледі.
      22. Қызметтік тергеу қорытындысына қызметтік тергеу жүргізген лауазымды тұлғалар қол қояды және тиісті бөлімше басшыларымен келіседі. Одан кейін қорытынды ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үйлестіретін адамға ұсынылады және ол қызметтік тергеу аяқталған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей бекітіледі.
      23. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органның уәкілетті басшысы қызметтік тергеу қорытындысын бекітуден бас тартқан жағдайда, ол өзінің бас тарту себебін жазбаша жазуға тиіс. Көрсетілген жағдайда қызметтік тергеуді жүргізген адам бір тәулік ішінде қызметтік тергеу қорытындысын материалдармен бірге келіспеушіліктерді жою және шара қабылдау үшін Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік басқармасына жолдайды.
      24. Қызметтік тергеудің толық және объективті түрде қамтамасыз етілмеу фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің Төрағасы немесе оны ауыстыратын адам осы қорытындыны бұзып, қосымша немесе қайта қызметтік тергеу жүргізуді тағайындайды.
      25. Анықталған елеусіз теріс қылықтар жөніндегі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша жазалау қолданылатын тұлғаны таныстыру туралы жазбада белгіленген және келісілген қорытындының көшірмесі, соңғының түсініктемесі үш жұмыс күні мерзімінен кешіктірілмей жаза қолдану туралы бұйрықты шығару үшін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының персоналмен жұмыс бөлімшесіне жолданады.
      Елеулі және ауыр теріс қылықтар бойынша келісілген және бекітілген қорытындының көшірмесі мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының тәртіптік комиссияның қарауына жолданады.
      26. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылдың 20 қаңтарындағы № 4 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғалардың есебiн жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтық 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жаза қолданған кезде қызметтік тергеу жүргізген ішкі қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп жөнінде комитетінің өңірлік басқармасында үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған тұлғаларды есепке алудың № 1-К нысанды кәртішкесін есепке қояды.
      27. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органы жұмыскерінің құпиялық режимді бұзу, елтаңбаның мөр мен мөртабандарды қолдануды бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеу құпиялықты қамтамасыз ету және құжат айналымы бөлімшесінің жұмыкерлерімен тарта отырып, осы Қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      28. Қызметтік тергеу қызметтік тергеуді тағайындаған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Көрсетілген мерзімге қызметкердің еңбекке еңбек демалысында, қызметтік іссапарда болған немесе науқастанған уақыты, сондай-ақ оның басқа себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді. Осы көрсетілген жағдайларда қызметтік тергеу жүргізген лауазымды тұлғаның баянат негізінде қызметтік тергеу тоқтатыла тұрады.
      29. Қызметтік тергеуді жаңарту қызметтік тергеу жүргізген лауазымды тұлғаның баянаты негізінде жүзеге асырылады. Қызметтік тергеу жаңартылғаннан кейін тергеудің жалпы мерзімі осы Қағидалардың 29-тармағымен белгіленген мерзімнен аспауы тиіс.
      30. Қызметтік тергеу жүргізілген қызметкер қызметтік тергеу қорытындысымен келісілген және бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде таныстырылады. Егер де қызметтік тергеу жүргізілген қызметкер қорытындымен танысудан немесе қол қоюдан бас тартқан жағдайда, кемінде үш жұмыскердің қатысуымен ерікті түрде бас тарту жөнінде акті толтырылады.
      31. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоксандағы № 321 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесімен анықталған.