Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 292 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 тамызда № 9659 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 11.03.2015 № а-3/108 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, атқарылатын қызметтер, өкілеттіктер және штаттық бірліктердің өткізілуіне байланысты, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қосымшаланған Ережесі бекітілсін.
      2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.А.Қалмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Рахметов

Ақмола облысы    
Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ а-6/238 қаулысымен 
бекітілген     

«Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, 020900, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 13.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
      12. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық өсуі мен сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге көмектесу мақсатында, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы ауданның аграрлық саясатын құру мен жүзеге асыру болып табылады.
      15. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) бөлім қызметін ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету;
      2) агроөнеркәсіп кешені саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне енгізілген өзге де мәселелер бойынша міндеттерді орындау.
      16. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ауылшаруашылығын дамыту мониторингін жүзеге асыру, ауылшаруашылығында жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізуді ұйымдастыру;
      2) аудан аумағында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын, ауылшаруашылығын дамытудың орта мерзімді жоспарын әзірлеу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы саладағы мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      4) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
      5) агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізуді және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      6) шығымдылық сапасын және өндірілген ауылшаруашылығы дақылдарының сапасын қолдауға, тұқым шаруашылығын қолдауға, жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарды арзандатуға облыстық бюджеттен субсидиялаудың барлық бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      7) ие болу құқығын жүзеге асыру және ауылшаруашылығы саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік үлестерді пайдалану.
      17. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметі саласында мақсаттары, басымдықтары және дамыту стратегиясы бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс енгізуге;
      2) жергілікті атқару органдарына олардың заңнамаларға қайшы келетін актілерінің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізуге;
      3) жергілікті атқарушы органдардан және өзге ұйымдардан ауылшаруашылығы мәселелері бойынша белгіленген мерзімге ақпарат сұратуға және алуға;
      4) ауданның атқару органы атынан сотта мемлекет мүддесінде ізденуге;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асырады;
      6) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты сақтау және нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөнінде, өмірде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін жұмыста басшылыққа алуға және қатаң орындау;
      8) мемлекеттік орган жұмысындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне кедергі болу және алдын-алу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Есіл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауды және функцияларын жүзеге асыруды жеке жауапкершілікке болады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін анықтайды;
      3) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілерін лауазымға тағайындап жұмыстан босатады;
      4) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметшілеріне тәртіптік жаза салады;
      5) мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;
      6) мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
      7) мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарға және басқа жерлерде таныстырады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқада өкілеттіктерді іске асырады.
      «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. «Есіл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.