Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11696 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.12.2020 № ҚР ДСМ-336/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 146-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдерді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жиберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 5 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 420 бұйрығына
1-қосымша

Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу
және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып
алу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеуден өткізу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін анықтайды.

      2. Өнімді мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі – мемлекеттік органның ведомствосы) жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      мемлекеттік тіркеу – өнімнің Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (бұдан әрі – БСЭГТ) немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (бұдан әрі – ЕАЭО ТР) талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

      мемлекеттік тіркелуге жататын өнім – айналымы кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін және қауіпсіздігі мемлекеттік тіркелудің бар болу фактісімен расталатын өнімнің жекелеген түрлері;

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – өнімнің БСЭГТ, ЕАЭО ТР-не сәйкестігін куәландыратын және мемлекеттік органның ведомствосы Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша және тәртіппен беретін өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжат.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Өнімді мемлекеттік тіркеу және өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу

      4. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілетін мемлекеттік тіркеу оны Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағындағы өндіріске қою сатысында, ЕАЭО аумағына алғаш рет әкелінетін өнімге – оны ЕАЭО аумағына әкелгенге дейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік тіркеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер тізбесіне сәйкес адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер жатады.

      6. Өнімді мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға өтінішті қабылдау және тіркеу (бұдан әрі - өтініш);

      БСЭГТ және www.eurasiancommission.org сайтының "Техникалық реттеу" бөлімінде орналастырылған ЕАЭО ТР талаптарына сәйкестігіне өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелерін қоса алғанда, өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын қарау (сараптау);

      ұсынылған құжаттаманы сараптаудың оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелері негізіндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру туралы шешім;

      өнім туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу туралы тізіліміне және ЕАЭО-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу;

      Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжаттың бірыңғай нысанына сәйкес нысан (Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бірыңғай нысаны) бойынша оның БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі бөлігінде өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжатты ресімдеу және беру.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеуді (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) "электрондық үкімет": www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

      қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушіге тіркеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) алу кезінде жеке немесе заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жібереді;

      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

      дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;

      ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:

      дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында осы өнімнің еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі;

      парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет.

      Порталға тіркеу үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті жібереді;

      ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

      дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі;

      парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;

      ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:

      дайындаушы (өндіруші) куәландырған өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) электрондық көшірмелері;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: сапа сертификатының, қауіпсіздік (сапа) паспортының, талдау сертификатының, сапа туралы куәліктің, еркін сату сертификатының көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

      өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтерінің электрондық көшірмесі;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Қайта тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және бұрын берілген мемлекеттік тіркеу куәлігін (түпнұсқа) жібереді.

      Өнім дайындаушының немесе өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде тиісті өзгерістер туралы растаушы құжат қосымша ұсынылады.

      Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі;

      портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күн, уақыт көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және куәлікті беруінің жалпы мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш беруші толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері сегіз жұмыс күні ішінде өтінім берілген өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінім берілген өнімге тексеру жүргізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті ресімдейді және береді немесе теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімде куәлікті беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-2. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы хаттаманы толтырады және оған көрсетілетін қызметті берушімен бірге қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 9-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берілген сәтінен бастап өнімді ЕАЭО аумағына жеткізу және (немесе) өнімді ЕАЭО аумағында дайындау тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және оған қосымша (қосымшалар) қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін қатаң есептілік бланкілеріне жатады.

      12. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттарды мемлекеттік тіркеу:

      1) заттар мен жекелеген өнім түрлерінің қауіпсіздік паспортында көрсетілген халық пен мекендеу ортасы үшін қауіптілігін сараптамалық бағалау;

      2) заттар құрамының, өнімнің жекелеген компоненттерінің БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкестігі;

      3) заттар мен өнімдердің жекелеген түрлерін кәдеге жарату мен жою, олардың халыққа және мекендеу ортасына зиянды әсерінің алдын алу бойынша шараларды көздейтін қауіпсіздік паспорты негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Мынадай жағдайларда:

      тауарлар БСЭГТ және ЕАЭО ТР талаптарына сәйкес келмеген;

      егер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған, құжаттар пакеті толық көлемде ұсынылмаған және дәйекті емес ақпаратты қамтитын болса;

      егер өнімге және оларды дайындау және айналысы жағдайларына қатысты ғылымның қазіргі заманғы даму деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында осындай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемесі болмаса;

      өнімді дайындау, оның айналысы және қолдану (пайдалану) кезінде адамның денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімнің зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпарат болса мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеуден бас тартылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы шешім жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік орган ведомствосы бас тарту себептерін негіздей отырып ұсынады және осындай бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бас тарту туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым беріледі.

      16. Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды мемлекеттік органның ведомствосы өнім БСЭГТ және ЕАЭО ТР-ге сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Мемлекеттік органның ведомствосы кейіннен мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жоя отырып және өнім туралы мәліметтерді Бірыңғай тізілімнен алып тастай отырып, өнімді мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті берушінің: gov.egov.kz интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; не 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болған кезде), берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:

      жеке тұлғаның: оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны;

      заңды тұлғаның: оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағымды көрсетілетін қызметті берушінің өңдеуі барысында жаңартылып тұратын шағым туралы ақпаратқа (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн қаралады.

  Адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік тіркеуге жататын адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдердің тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мемлекеттік тіркелуге жатады:

      1) тұрмыстық химия өнімдер (тауарлары);

      2) әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар және олардың негізінде дайындалатын, адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіп төндіретін (дәрілік заттардан басқа) препараттар, өндіру, қолдану, тасымалдау, өңдеу жағдайларында, сондай-ақ тұрмыстық жағдайларда адамның денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсер етуге бейім табиғи немесе жасанды жолмен алынған жеке заттар (қосындылар);

      3) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған су дайындау материалдары, реагенттері, жабдығы, құрылғылары және басқа да техникалық құралдары;

      4) жеке гигиена заттары ересектер үшін.

  Адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және
мемлекеттік
тіркеу туралы шешімді кері
қайтарып алу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
____________________________
мемлекеттік органның атауы
____________________________
өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
жеке басты куәландыратын
құжаттың №
_________________________
заңды тұлға ұйымының атауы
____________________________
мекенжайы, байланыс телефоны
____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/
бизнес сәйкестендіру нөмірі

Өтініш

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.05.2016 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      Сізден ____________________________________________________________________

                              (өнімнің атауы)

      __________________________________________________________________________

      (қажеттісінің астын сызу)

      мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүргізуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қолы

      күні, айы, жылы

      Қосымша (құжаттар көшірмелері):

      1.

      2.

      3.

      Қолы,

      Күні, айы, жылы

  Адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы
шешімді кері қайтарып алу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________________________________________________________________

                              (уәкілетті орган)

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      _______ № __________

      Өнім:_____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (өнімнің атауы, өнім сәйкес келтіріліп дайындалған нормативтік және (немесе)

      техникалық құжаттар, дайындаушының (өндірушінің), алушының атауы және

      орналасқан орны)

      сәйкес келеді _____________________________________________________________

      мемлекеттік тіркеуден өтті, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізіліміне енгізілді

      және өндіруге, өткізуге және пайдалануға рұқсат берілді

      Осы куәлік:

      (қаралған зерттеу хаттамаларын, зерттеу өткізген ұйымның (сынақ зертханасының,

      орталығының) атауын, бақа да қаралған құжаттарды атап көрсету) негізінде берілді.

      Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі өнімді дайындаудың немесе

      бақылаудағы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына жеткізудің

      барлық кезеңіне белгіленеді.

      Қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде),

      уәкілетті тұлғаның лауазымы,

      құжат берген органның (мекеменің)

      мөрі

      _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/қолы) М.О.

  Адам денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдерді
мемлекеттік тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы
шешімді кері қайтарып алу
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

"Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Републикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті беру тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал);
қайта тіркеу үшін – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз жеткізгіште басылып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі туралы хабарлама "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және Қазақстан Републикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады;
2) порталда: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) тіркеу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
дайындаушы (өндіруші) куәландырған, өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;
өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.
парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
порталға:
өтініш;
ЕАЭО-ның кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;
өнімге, ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі.
парфюмерлік-косметикалық өнім құрамында наноматериалдар пайдаланылған жағдайда оның химиялық атауы, бөлшектер өлшемдері, сондай-ақ физикалық және химиялық белгілерін қоса алғанда, наноматериал туралы мәліметтерді ұсыну қажет;
ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім үшін:
өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) электрондық көшірмелері;
өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;
дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;
өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;
өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтерінің электрондық көшірмесі;
өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және ЕАЭО-ның Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;
бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2) қайта тіркеу үшін:
өтініш;
мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).
Өнім дайындаушының немесе көрсетілетін қызметті алушынің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде тиісті өзгерістерді растаушы құжат қосымша ұсынылады.
Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы: көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі.
портал арқылы: көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күн көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

9

Қазақстан Републикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) бақылаудағы тауарлардың Кеден одағы комисиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға және ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер анықталмаған ақпаратты қамтитын болса немесе осы Қағидалардың таплаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер бақылаудағы тауарларға және оларды дайындау және олардың айналымы шарттарына қатысты ғылымның қазіргі заманғы дамуы деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында мұндай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемелері болмаса;
4) өнімдерді дайындау, олардың айналымы және тұтыну (пайдалану) кезінде адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына өнімнің зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпараттың болуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары gov.еgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
2. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.
3. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде нашар көретін адамдар үшін нұсқасына қолжетімді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары gov.еgov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 4 маусымдағы
№ 420 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2010 жылғы № 1 жарияланған).

      2. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 15 ақпандағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6838 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 160-163 (26565) газетінде 2011 жылғы 27 сәуірде № 140 (26561) жарияланған).

      3. "Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7434 болып тіркелген).