Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8853 тіркелді.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Е.Н. Мейірбеков):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет–ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдарының интранет–порталында орналастырылуын;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Р.В. Склярға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 742 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру
құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жол жүру құжаттарын (билеттер) сатуды ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2001 жылғы 8 желтоқсандағы "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленген, ал тасымалдаушы немесе жолаушы агенттігі жолаушыларға жол жүру құжаттарын (билеттер) сатуды ұйымдастыру, қолданыста болу мерзімін ұзарту, пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлемдерді қайтару, жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта рәсімдеу тәртібін айқындайды.

      2. Жолаушы поезымен жол жүру үшін жолаушының жол жүру құжатының (билет) болуы қажет, ал тасымалдаушы немесе онымен өкілетті орган - жолаушы агенттігі жолаушы көрсеткен тағайындалған станциясына дейін бос орын болған кезде жол жүру құжатын рәсімдейді.

      3. Тасымалдаушылар өзі қалыптастыратын поездарға, сондай-ақ жасалған шарттар негізінде басқа тасымалдаушылар қалыптастыратын жолаушы поездарына жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастырады.

      3-1. Тасымалдаушы жолаушылар агенттігіне жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу бойынша ұйымдастыру-технологиялық сүймелдеу қызметін көрсеткен жағдайда тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.

      Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4. Жолаушылар үшін барлық сату пункттерінде көрсетілетін қызметтер туралы анық ақпаратпен қамтамасыз етіледі (көрнекі және қолжетімді түрде), соның ішінде:

      жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатқан кезде көрсетілетін қызметтер тізбесі және олардың құны;

      жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату қызметтерін көрсететін заңды тұлға туралы мәліметтер;

      жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мерзімдері;

      сату пунктінің жұмыс уақыты.

      5. Жолаушы поездарына жол жүру құжаттарын сату жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АБЖ) терминалдарының (автоматтандырылған тәсіл), электрондық сату жүйелерінің, өзіне өзі қызмет көрсету автоматтарының (терминалдары), қол технологиясы бойынша диспетчерлік терминалдардың (ДТМ) (автоматтандырылмаған тәсіл), қала маңындағы поездарға билет басатын автоматтардың (ББМ) көмегімен жүргізіледі.

      5-1. Тасымалдаушы поездың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды БАЖ терминал жабдығын қолдана отырып БАЖ арқылы жүзеге асырады.

      Билет кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату осы тармақтың бірінші бөлімімен орнатылған тәртіпте жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде тасымалдаушылар және жолаушы агенттіктері жолаушыларға келесі қызметтерді көрсетуге міндетті:

      1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату;

      2) жол жүру құжатының (билетінің) мерзімінің қызмет ету аралығында;

      3) пайдаланылмаған теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттер) қайтару;

      4) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта рәсімдеу;

      5) ұйымдасқан жолаушы топтарын тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын рәсімдеу.

      7. Сондай-ақ қосымша қызметтер ұсынылады, оларға ақы алынуы мүмкін:

      1) тапсырыстарды телефон бойынша рәсімдеу;

      2) теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) клиент талап еткен жерге жеткізу.

      8. Қосымша қызметтердің құны мен түрлері туралы ақпарат сату пунктінде көрінетін жерде орналастыру, ал қызметті телефон бойынша көрсеткен кезде тікелей хабардар ету арқылы жолаушыға жеткізілуі тиіс.

      9. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату мынадай мерзімдерде:

      жолаушылар пойыздарына - қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға пойыздың қалыптастыру немесе айналым пункттерінен пойыз жөнелтілгенге дейін сату режиміне немесе аралық станциясынан орындардың болуына қарай, кемінде 45 (қырық бес) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейін жүзеге асырылады;

      қала маңы пойыздарына – 10 (он) тәуліктен 1 (бір) тәулікке дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

      Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пойыз жөнелтілгенге дейін 10 минут қалғанда тоқтатылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қайта отырғызусыз қатынайтын вагондарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату:

      осы вагондар тағайындалған станцияға немесе поездың негізгі маршрутынан ауытқитын учаскеде орналасқан станцияларға дейін баратын жолаушыларға – алдын ала режимде;

      поездың негізгі маршрутынан ауытқитын станцияға дейін баратын жолаушыларға – поезд жөнелтілгенге дейін 72 сағат бұрын жүргізіледі.

      11. Барлық станцияларда АБЖ-ға енгізілген және жолаушы операцияларын орындау үшін ашық кез келген станциядан жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге рұқсат етіледі.

      12. Жолаушының межелі станциясына дейін тікелей пойыз болмаған кезде пойыздың қандайда бір (келісілген) станциясында ауыстыра отырып жол жүру құжаттарын ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жолаушының осы станцияға келу уақыты мен оның осы станциядан жөнелтілуі арасында орын болған кезде кемінде 1 сағат айырмасын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Қажет болған кезде жолаушы жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поездан бұрын (ерте) жүретін поездбен егер онда бос орын болса, жол жүре алады. Ол үшін жолаушы жол жүру құжатын (билетін) қайта ресімдеуі қажет. Жол жүру құжатын (билет) басқа бір жолаушыға қайта ресімдеуге жол берілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) тегі мен аты-жөнін өзгертпей, бұрын кетіп бара жатқан, жөнелтілуіне 24 сағаттан аз уақыт қалған пойызға мынадай жағдайларда:

      1) пойыздың нөмірін бұрын кететін пойызға ауыстырған кезде;

      2) вагон түрін жоғары санатқа ауыстырған кезде;

      3) пойыздың нөмірі (бұрын кететін) мен вагон түрін бір мезгілде ауыстырған кезде;

      4) бір вагондағы орындарды сол үлгідегі басқа вагондағы орынға ауыстырған кезде;

      5) бір вагондағы орын нөмірін ауыстырған кезде жол беріледі.

      Жолаушыны межелі станцияға дейін тікелей пойыз болмаған кезде "келісілген" пойыздарға жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеуге жол беріледі.

      Бұл ретте жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату жолаушының осы станцияға келу уақыты мен оның осы станциядан жөнелтілуі арасында орын болған кезде кемінде 1 сағат айырмасын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта ресімдеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) айқындалған талаптарына сай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату кезінде келесі операциялар ішіне кіреді: рәсімдеу, қайта рәсімдеу, жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару, тікелей плацкартты рәсімдеу.

      17. Тасымалдау қағидасына сәйкес, жол жүру құжатын (билетті) рәсімдеу жолаушының жеке басын куәландыратын құжат болған кезде ғана жүргізіледі.

      18. Жол жүру құжаты (билет) қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша беріледі.

      19. Сапар жолында аялдаманы рәсімдеу, сапар жолында аялдаманы тоқтатуды рәсімдеу, жол жүру құжатынын (билетін) мерзімін ұзарту тасымалдау қағидасында белгіленген шарттарға сай жүргізіледі.

      20. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Жолаушы агенттігі теміржолдық жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату үшін теміржолдық жол жүру құжаттарының (билеттердің) құнына кірмейтін агенттік қызметтер үшін төлемді (сервистік алымды), агенттік пунктінде көрінетін жерде мұндай төлем туралы ақпаратты орналастыра отырып, белгілеуі мүмкін.

      22. Ұйымдасқан жолаушы топтарын тасымалдау үшін жол жүру құжатын (билет) сату тасымалдау қағидасында белгіленген шарттарға сай жүргізіледі.

      23. Пайдаланылмаған жол жүру құжаттары (билеттер) үшін төлемдерді қайтару, тасымалдау қағидасында белгіленген шарттармен жүргізіледі.

      24. Жол жүру құжаттары (билеттер) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде рәсімделеді.

      25. Жол жүру құжаттарында (билеттерде) өшірулерге жол берілмейді. АБЖ арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарында (билеттерде), егер жүру барысында поездың нөмірі өзгерген жағдайда, аралық станцияларда билет кассиріне тек поездың нөмірін өзгертуге жол беріледі.

2. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) автоматтандырылған
тәсілмен рәсімдеу тәртібі

      26. 2008 жылғы 28-29 мамырдағы Бішкек қаласындағы Жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеу белгіленген үлгідегі бланкілерде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, Литва, Латвия Республикасының, Эстон Республикасының "Экспресс" АБЖ пайдалану технологиялық процесінің ережелеріне сәйкес 48 Мәжіліс Кеңесінде мемлекет қатысқандардан теміржол көлігі одағының бекітілімімен жүргізіледі.

      27. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) "Экспресс" АБЖ арқылы рәсімдеген кезде мәліметтер осы жүйеге қосылған билет басу құрылғысымен басылады.

      28. Жол жүру құжатына (билетке) мынадай ақпарат енгізіледі:

      1) жол коды және теміржол әкімшіліктерінің шартты белгілері;

      2) құжаттың атауы;

      3) жол жүру құжатының (билеттің) нөмірі;

      4) поезд нөмірі;

      5) поездың жөнелтілу күні (күні, айы) және уақыты (сағат, минут);

      6) вагон түрі және нөмірі, қызмет көрсету класы;

      7) билет құны;

      8) плацкарт құны;

      9) адам саны;

      10) жол жүру құжатының түрі;

      11) төлеу нысаны;

      12) тасымалдаушының атауы, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі және сериясы;

      13) поезд жөнелтілетін және белгіленген (тағайындалған) станциялардың коды;

      14) вагондағы орынның нөмірі;

      15) тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      16) қорғаныш коды;

      17) АБЖ тапсырыс беру нөмірі;

      18) жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу күні;

      19) жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу уақыты;

      20) жол жүру құжатын (билетін) сату пунктінің нөмірі;

      21) мемлекет коды және жол жүретін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда);

      22) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, аты-жөні, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда). Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының жол жүру құжатын ресімдеу кезінде қосымша тууы туралы куәліктің сериясы, оның туған күні (күні, айы, жылы) және деректемелері көрсетіледі;

      23) жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құны, оның ішінде:

      тариф және қосылған құн салығының сомасы;

      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;

      24) тағайындалған станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездын (үш мәнді) нөмірі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Бір тұлғаға бір поезға төрт орыннан артық жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге жол берілмейді.

3. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) автоматтандырылмаған
тәсілмен рәсімдеу тәртібі

      30. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қол технологиясымен (ДТМ арқылы) рәсімдеу шарикті қаламмен (көк, қара немесе күлгін сиямен), анық, сөздерді қысқартпай жүзеге асырылады. Дайын мәтіні бар мөрқалыптарды қолдануға жол беріледі.

      31. Бір парақта құрамдас бөліктері бар бланкіні толтырған кезде құрамдас бөліктердегі ақпарат (бірдей) пара-пар болуы тиіс.

      32. Жол жүру құжатының (билеттің) екі бөлігіндегі тиісті бағандарды толтырған соң жол жүру құнына, вагон үлгісіне, поезд санатына және жолаушылар санына (топтық жол жүру құжатында (билетте) сәйкес бланкінің бақылау талонын кесу жүзеге асырылады.

      33. Бір тұлғаға бір поезға төрт орыннан артық жол жүру құжаттарын (билеттерді) рәсімдеуге жол берілмейді.

4. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) электрондық сату жүйелері,
өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары (терминалдар) арқылы
рәсімдеу тәртібі

      34. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) электрондық жол жүру құжатын беру жолымен интернет, өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары (терминалдар), қала маңындағы поездарға билет басатын автоматтар (ББМ) арқылы рәсімдеуге жол беріледі.

      35. Жол жүру құжаттарында (билеттерінде) тасымалдау қағидасының 28) тармақшасына сәйкес ақпарат болуы қажет.

      36. Интернет ресурстары, электрондық терминалдар және фискальдандырылған билеттік-кассалық машиналар арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарына (билеттерге) мынадай ақпарат енгізіледі:

      1) теміржол әкімшілігінің шартты белгісі және жол коды;

      2) құжат атауы;

      3) электронды жол жүру құжатын тапсыру сәйкестендіргіші;

      4) поезд нөмірі;

      5) поездың жөнелтілу уақыты (сағат, минут) және күні (күні, айы);

      6) вагонның типі және нөмірі, қызмет көрсету класы;

      7) билет құны;

      8) плацкарт құны;

      9) адам саны;

      10) жол жүру құжатының түрі;

      11) төлеу нысаны;

      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;

      13) жөнелтілу және келу станцияның (станция коды) атауы;

      14) вагондағы орынның нөмірі;

      15) тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      16) жол жүру құжатының сериясы және/немесе нөмірі;

      17) алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18) АБЖ тапсырыс беру нөмірі;

      19) жол жүру құжатын ресімдеу күні;

      20) жол жүру құжатын рәсімдеу уақыты;

      21) жол жүру құжатын сату пунктінің нөмірі;

      22) мемлекет коды және жол жүретін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда);

      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, (болған кезде) аты-жөні, әкесінің аты, тегі. Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының жол жүру құжатын ресімдеу кезінде қосымша тууы туралы куәліктің сериясы, оның туған күні (күні, айы, жылы) және деректемелері көрсетіледі;

      24) жол жүрудің жалпы құны, оның ішінде:

      тариф және қосылған құн салығының сомасы;

      сервистік қызметтер және қосылған құнның салық сомасы;

      25) тағайындалған станцияға келу уақыты, жолаушы келетін поезд (үш мәнді) нөмірі;

      26) штрих код (2D-баркод).

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2016 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 09.06.2023 № 422 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:

      вагондардың шығарылған жылы;

      ауа желдету жүйесінің болуы;

      поездың санаты;

      жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;

      багаж вагондары;

      интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы);

      поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.

      Бұл ретте поездың сапалы сипаттамалары туралы ақпарат вагондарды жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлеріне шығаруды ескере отырып ұсынылады.

      Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2016 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.