"Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 43 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 наурызда № 13520 болып тіркелді

      «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 26-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Тасымалдаушылар жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушы агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.»;
      мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын:
      «37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:
      вагондардың шығарылған жылы;
      ауа желдету жүйесінің болуы;
      поездың санаты;
      жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;
      багаж бөлімдері;
      интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы);
      поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі             Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрінің
      _____________Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 22 ақпан