"Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 870 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14600 болып тіркелді

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі №742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 325 (27599) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Тасымалдаушы жолаушылар агенттігіне жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу бойынша ұйымдастыру-технологиялық сүймелдеу қызметін көрсеткен жағдайда тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттердi) сатуды жасасқан ақысыз шарттар негізінде жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары арқылы ұйымдастыра алады.".

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қажет болған кезде жолаушы жол жүру құжаты (билеті) сатып алынған поездан бұрын (ерте) жүретін поездбен егер онда бос орын болса, жол жүре алады. Ол үшін жолаушы жол жүру құжатын (билетін) қайта ресімдеуі қажет. Жол жүру құжатын (билет) басқа бір жолаушыға қайта ресімдеуге жол берілмейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) қайта ресімдеу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) айқындалған талаптарына сай жүзеге асырылады.";

      20-тармақ алынып тасталсын;

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жол жүру құжатына (билетке) мынадай ақпарат енгізіледі:

      1) жол коды және теміржол әкімшіліктерінің шартты белгілері;

      2) құжаттың атауы;

      3) жол жүру құжатының (билеттің) нөмірі;

      4) поезд нөмірі;

      5) поездың жөнелтілу күні (күні, айы) және уақыты (сағат, минут);

      6) вагон түрі және нөмірі, қызмет көрсету класы;

      7) билет құны;

      8) плацкарт құны;

      9) адам саны;

      10) жол жүру құжатының түрі;

      11) төлеу нысаны;

      12) тасымалдаушының атауы, қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі және сериясы;

      13) поезд жөнелтілетін және белгіленген (тағайындалған) станциялардың коды;

      14) вагондағы орынның нөмірі;

      15) тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      16) қорғаныш коды;

      17) АБЖ тапсырыс беру нөмірі;

      18) жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу күні;

      19) жол жүру құжатын (билетін) ресімдеу уақыты;

      20) жол жүру құжатын (билетін) сату пунктінің нөмірі;

      21) мемлекет коды және жол жүретін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда);

      22) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, аты-жөні, әкесінің аты, тегі (болған жағдайда). Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының жол жүру құжатын ресімдеу кезінде қосымша тууы туралы куәліктің сериясы, оның туған күні (күні, айы, жылы) және деректемелері көрсетіледі;

      23) жол жүру құжатының (билетінің) жалпы құны, оның ішінде:

      тариф және қосылған құн салығының сомасы;

      сервистік қызметтер және қосылған құн салығының сомасы;

      24) тағайындалған станцияға келу күні мен уақыты, жолаушы келетін поездын (үш мәнді) нөмірі.".

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Интернет ресурстары, электрондық терминалдар және фискальдандырылған билеттік-кассалық машиналар арқылы рәсімделген жол жүру құжаттарына (билеттерге) мынадай ақпарат енгізіледі:

      1) теміржол әкімшілігінің шартты белгісі және жол коды;

      2) құжат атауы;

      3) электронды жол жүру құжатын тапсыру сәйкестендіргіші;

      4) поезд нөмірі;

      5) поездың жөнелтілу уақыты (сағат, минут) және күні (күні, айы);

      6) вагонның типі және нөмірі, қызмет көрсету класы;

      7) билет құны;

      8) плацкарт құны;

      9) адам саны;

      10) жол жүру құжатының түрі;

      11) төлеу нысаны;

      12) тасымалдаушының атауы және қосылған құн салығын төлеуші куәлігінің нөмірі;

      13) жөнелтілу және келу станцияның (станция коды) атауы;

      14) вагондағы орынның нөмірі;

      15) тасымалдаушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      16) жол жүру құжатының сериясы және нөмірі;

      17) қорғаныш коды;

      18) АБЖ тапсырыс беру нөмірі;

      19) жол жүру құжатын ресімдеу күні;

      20) жол жүру құжатын рәсімдеу уақыты;

      21) жол жүру құжатын сату пунктінің нөмірі;

      22) мемлекет коды және жол жүретін мемлекеттер бойынша жол жүру құны (халықаралық поездарда);

      23) жеке басын куәландыратын құжаттың түрі және оның деректемелері, (болған кезде) аты-жөні, әкесінің аты, тегі. Кәмелеттік жасқа толмаған жолаушының жол жүру құжатын ресімдеу кезінде қосымша тууы туралы куәліктің сериясы, оның туған күні (күні, айы, жылы) және деректемелері көрсетіледі;

      24) жол жүрудің жалпы құны, оның ішінде:

      тариф және қосылған құн салығының сомасы;

      сервистік қызметтер және қосылған құнның салық сомасы;

      25) тағайындалған станцияға келу уақыты, жолаушы келетін поезд (үш мәнді) нөмірі;

      26) штрих код (2D-баркод).".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 12 желтоқсаннан бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек