"Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14001 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында теміржол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы  23 қыркүйектегі № 742 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 8853 болып тіркелген, 2013 жылғы 28 қарашада «Казахстанская правда» газетінде № 325 (27599) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында темір жол көлігінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Тасымалдаушы поездың жүру жолында жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды БАЖ терминал жабдығын қолдана отырып БАЖ арқылы жүзеге асырады.
      Билет кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату осы тармақтың бірінші бөлімімен орнатылған тәртіпте жүзеге асырылады.»;
      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурстарда сатуда поездың сапалы сипаттамалар туралы өзекті ақпарат, оның ішінде мыналар туралы ақпарат ұсынылады:
      вагондардың шығарылған жылы;
      ауа желдету жүйесінің болуы;
      поездың санаты;
      жолаушылардың қоғамдық тамақтану пункттерінің болуы;
      багаж вагондары;
      интерьердің жай-күйі (фотоматериал арқылы);
      поездағы жолаушыларға ұсынылатын қосымша көрсетілетін қызметтер.
      Бұл ретте поездың сапалы сипаттамалары туралы ақпарат вагондарды жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлеріне шығаруды ескере отырып ұсынылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ж. Қасымбек