Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 689 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қазанда № 8788 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.Б.Әбсаттаров):

      1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды және мемлекеттік органдар интранет-порталында (МОИП) орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2013 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 689 бұйрығымен
бекітілген

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.05.2023 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 13-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі міндеттері:

      1) нақты уақыт режимінде арнайы бейнебақылау камерасының және өлшеу құралдарының көмегімен автомобиль жолдарындағы көлік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингілеу;

      2) отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етілген габариттік және салмақтық параметрлерінің сақталуын нақты уақыт режимінде бақылау;

      3) автомобиль жолдары желісінің және олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын нормативтік емес тозуын төмендету;

      4) отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүріп өтуін бақылау арқылы автомобильмен тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыру;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль көлігі және жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау процесінің алдын алу, жолын кесу және автоматтандыру.

      4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:

      1) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

      2) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;

      3) автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы дұрыс өтпеу –автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы автокөлік құралдарының тұтас таңбалау сызығын басып немесе қиып өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығып өтуі, жылдамдық режимін бұзып, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері оқылмайтын немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тіркеу нөмірлік белгілері жоқ көлік құралдарының жүріп өтуі, өлшеу аумағында тежеумен, үдеумен немесе тоқтап жүріп өтуі;

      4) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам.

      5) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

      6) автокөлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;

      7) өлшеу ауытқуы – өлшеу нәтижесінің өлшеніліп жатқан шаманың ақиқат (анық) мәнінен ауытқуы.

2-тарау. Автоматтандырылған өлшеу станцияларын қолдану тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы аумағында автоматтандырылған өлшеу станциялары жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында орналыстырылады.

      6. Автоматтандырылған өлшеу станцияларында автокөлік құралдарын өлшеу:

      1) автокөлік құралын толық тоқтата отырып, стационарлық үлгідегі автоматтандырылған өлшеу станцияларында;

      2) автокөлік құралының қозғалысындағы автоматтандырылған өлшеу станцияларында жүргізіледі.

      6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін айқындаған кезде өлшеу ауытқуы ескеріледі, ол көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесімен және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингімен (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен автоматты түрде шегеріледі.

      Жіберілетін қателіктің шегі осы Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген.

      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-2. Автокөлік құралының қозғалысындағы автоматтандырылған өлшеу станциялары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.

      Ескерту. 2-тарау 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Автоматтандырылған өлшеу станцияларын тексеру "Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Автоматтандырылған өлшеу станциялары мынадай функцияларды орындайды:

      1) жүріп өтетін автокөлік құралдарын тіркеу, кейін тиісті мәліметтерді интеллектуалды көлік жүйесіне (бұдан әрі - ИКЖ) және көлік дерекқорының ақпараттық-талдамалық жүйесіне (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) жіберу;

      2) автокөлік құралдарды түрі бойынша жіктеу;

      3) автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін айырып тану;

      4) автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық немесе габариттік параметрлердің асуын анықтау;

      5) есептік деректерді қалыптастыру;

      6) деректерді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Ахуалдық орталыққа (бұдан әрі – Ахуалдық орталық), ИКЖ және КДҚ АТЖ-ге жіберу;

      7) автокөлік құралдарының автоматтандырылған өлшеу станциясымен дұрыс өтпеуін айқындау.

      8) стационарлық автоматтандырылған өлшеу станцияларында автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін өлшеудің дұрыс өтпеуін айқындау.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Автоматтандырылған өлшеу станциясымен автомобиль жолдарында автокөліктік құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) автокөлік құралы автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы жүріп өтеді;

      2) нақты уақыт режимінде автокөлік құралының түрі анықталады, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі оқылады, салмақтық және (немесе) габариттік параметрлері айқындаладыы, жүріп өтудің 4 данада сурет тіркелуі жүргізіледі (алдынан көрініс, бүйірден көрініс, алдынан және артынан мемлекеттік тіркеу нөмірі);

      3) аппараттық-бағдарламалық кешен қабылданған деректерді (сурет, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі, біліктер арасындағы қашықтық, доңғалақтардың еңкулігі, жалпы салмағы, білікке түсетін жүктемелер, габариттік параметрлері, жол жүру күні мен уақыты) тіркеп, өңдейді;

      4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің артуы анықталған кезде фотобейнелер мен автокөлік құралы туралы ақпарат бұзушылықтар туралы есепті қалыптастыру және айыппұл төлеу қажеттілігі мен бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қалыптастыру үшін ИКЖ және КДҚ АТЖ-де сақталады;

      5) өлшеу нәтижелері бойынша жүргізушіні немесе тасымалдаушыны хабардар ету мақсатында автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған жерде визуалды шолу үшін қолжетімді жерде орналасқан ауыспалы ақпарат тақтасында автокөлік құралының (автокөлік құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу белгісі, салмақтық және габариттік параметрлері, осьтік жүктемелері және қозғалыс жылдамдығы, сондай-ақ салмақтық-габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат);

      6) қашықтық мониторингтің барлық функциялары Ахуалдық орталыққа автоматтандырылған өлшеу станциясының байланыс арналары арқылы түседі.

      9-1. Техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмыс істейтін аймақ арқылы жүріп өткен кезде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен автоматтандырылған өлшеу станциясында осындай автокөлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерінің өлшенуін қамтамасыз етуге міндетті.

      1) белгіленген жол белгілеріне сәйкес бөлінген жолақ бойынша жүру;

      2) автоматтандырылған өлшеу станциясында автокөлік құралының салмақтық габариттік өлшемінен өту;

      3) автокөлік құралы салмақтық габариттік параметрлерін бұзбаған жағдайда жүру бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады;

      4) салмақтық габариттік параметрлері бұзылған автокөлік құралы бұзушылықтар жойылғанға дейін автокөлік құралдарының тұрақ орнына жіберіледі;

      5) бұзушылықтар жойылғаннан кейін автокөлік құралы салмақтық габариттік параметрлерінің бақылау өлшемінен өтеді.

      Ескерту. Автокөлік құралдарының меншік иелері, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында автокөлік құралдарын иеленетін тұлғалар, сондай-ақ автокөлік құралын экипажымен қоса жалдау шарты бойынша беру жағдайларын қоспағанда, автокөлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген тұлғалар; егер автокөлік құралы Қазақстан Республикасының аумағымен халықаралық тасымалдарды жүзеге асырса, көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылар осы баптың 9-1-тармағындағы автокөлік құралдарының иелері деп танылады.

      10. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнатуды жол органымен келісім бойынша Ұлттық оператор жүзеге асырады.

      11. Жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату.

      12. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді Ұлттық оператор жүзеге асырады.

      13. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      14. Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар:

      1) автоматтандырылған өлшеу станциялары орналасқан аумақты, сондай-ақ автокөлік құралдарын орналастыруға арналған тұрақ орындарын сыртқы жарықтандыруды;

      2) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерін өлшеу нәтижелері туралы (автокөлік құралының түрі, маркасы, мемлекеттік тіркеу белгісі, салмақтық және габариттік параметрлері, осьтік жүктемелері және қозғалыс жылдамдығы, сондай-ақ салмақтық габариттік параметрлердің асып кетуі туралы ақпарат) автокөлік құралының жүргізушісін көзбен шолып хабардар етуді қамтамасыз ететін жабдықтар орнатуды;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ауыспалы ақпарат тақтасы параметрлеріне сәйкес ауыспалы ақпарат таблосын;

      4) автоматтандырылған өлшеу станцияларының қолдану аймағында жол белгілерін орнатуды, автоматтандырылған өлшеу станцияларының қолдану аймағына кіру және шығу, сондай-ақ автокөлік құралдары жүргізушілерінің әрекеттерін реттеу үшін бағдаршамдар орнатуды;

      5) автоматты режимде жұмыс істейтін және автокөлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, фронтальды бейнесін, жалпы түрін (алдыңғы көрінісі, бүйірлік және артқы көрінісі) анықтай отырып, фото - және бейнежазба функциялары бар арнайы техникалық құралдарды автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы өту сәтінде орнату, сондай-ақ автоматтандырылған өлшеу станцияларын айналып өтуіне мемлекеттік өлшеу станцияларын жасыру фактілерін тіркеу белгісін орнатуды;

      6) жол жабынының қаттылығын қамтамасыз ететін таразы жабдығын орнату орнына дейін ұзындығы 100 метрден кем емес бөлінген жолақ бойынша бетондалған жол жабыны;

      7) автоматтандырылған өлшеу станцияларының қолданылу аймағында техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы он екі тоннадан асатын жүк автокөлік құралдары үшін арнайы жолақтармен қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуді Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады.

      Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдарға тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпаратты осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Автоматтандырылған өлшеу
станцияларының жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының негізгі сипаттамалары

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. АӨС автокөлік құралдарының қозғалысын өлшеуге, мынадай параметрлерін өңдеуге және беруге мүмкіндік беретін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының кешенін, аспаптар мен жабдықтардың, аппараттық-бағдарламалық кешенін қамтиды:

      1) жалпы салмағы;

      2) бір осіне жүктеме;

      3) бір аспасында орналасқан осьтер тобына жүктеме;

      4) осьтер тобындағы әрбір оське жүктеме;

      5) осьтері арасындағы қашықтық;

      6) осьтер саны;

      7) республикалық маңызы бар жолдардағы габариттік параметрлері;

      8) автокөлік құралының сыныбы (типі);

      9) МТНБ тану;

      10) қозғалыс жылдамдығы.

      2. АӨС жабдығы мен бағдарламалық қамтамасыз етуі жол қозғалысына қатысушыларға кедергі келтірмейді және/немесе кедергі жасамайды, оның ішінде белгіленген жылдамдық шеңберінде автокөлік ағынының қозғалыс жылдамдығына әсер етпейді.

      3. Автокөлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін өлшеу жолға орнатылған мынадай арнайы өлшеу сенсорларының көмегімен жүзеге асырылады:

      1) көлік құралдарының массасы мен осьтік жүктемелерін дәл өлшеуге қабілетті, дәлдігі жоғары және сенімді құрылғылары бар өлшеу сенсорлары;

      2) жолдың белгілі бір бөлігінде орнатылған сенсорлар жол жамылғысы. Олар дәл өлшеуді қамтамасыз ету үшін автокөліктің әрбір доңғалақ жиегі олардың үстінен өтетіндей етіп орналастырылады;

      3) сенсорлар арнайы датчиктермен жабдықталады, олар салмақ пен осьтік жүктемелерді, сондай-ақ республикалық жолдармен жүру кезінде көлік құралының жылдамдығы мен габариттерін тіркейді;

      4) қоршаған орта әсеріне төзімді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін датчиктер. Олар көлік құралдарының өтуіне кедергі келтірмейді және зақымданудан қорғалған.

      4. Өлшеу нәтижелерін қасақана бұрмалау фактілеріне жол бермеу мақсатында таразы жабдығы мен оның бағдарламалық қамтамасыз етуінде автокөлік құралдарының дұрыс жүрмеуін айқындаудың мынадай функциялары болады:

      1) көлік құралының тиісті типі үшін белгіленген шектеулерді ескере отырып, көлік құралының жүру жылдамдығын мониторингілеу және талдау;

      2) республикалық жолдармен жүру кезінде көлік құралының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша бұзушылықтарды анықтауды қоса алғанда, көлік құралының габариттерінің осы жол учаскесі үшін жол берілетін нормаларға сәйкес келмеуін айқындау;

      3) барлық жүрулерді және күні, уақыты, көлік құралының түрі және оның габариттері сияқты тиісті деректерді тіркеу.

      5. АӨС көлік жүктемесін талдауға сәйкес, көлік қозғалысының деңгейі жоғары жол учаскелеріне, әсіресе жүк көлігі көп жүретін учаскелерде, оларды айналып өту, сондай-ақ көлік құралдарының жол жамылғысынан тыс жол жиегіне шығу мүмкіндігін болдырмайтын жерлерде орнатылады.

      6. Республикалық жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының нақты габариттік параметрлерін өлшеу оның барлық осьтерінің біркелкі орналасуын қамтамасыз ететін жол төсемінің немесе өзге алаңның бетінен ұзындығы, ені және биіктігі бойынша екі шеткі нүктенің бекітілуін ескере отырып, дәлдігі жоғары лазерлік өлшеу жүйелерінің көмегімен жүргізіледі.

      7. МТНБ тану автоматты түрде автокөлік құралының өлшеу аймағын кесіп өту кезінде бейнекамерадан алынған автомобильдің фотосуреті және/немесе бейне ағыны негізінде жүзеге асырылады.

      8. АӨС өлшеу сенсорлары мен фото-, бейнетіркеу жабдықтарының деректері негізінде жол қозғалысы қағидаларының мынадай бұзушылықтарын автоматты түрде тіркейді:

      1) республикалық жолдармен жүру кезінде автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтық және габариттік параметрлерінен асып кетуі;

      2) автокөлік құралдарының белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кету;

      3) жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды бұзу;

      4) автокөлік құралдарының автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы дұрыс өтпеуін айқындау (дұрыс емес өтпеге күрт үдеу және тежеу, бұлғау, жол таңбалау сызығынан және/немесе таразы жабдығының орналасу шекарасынан шығу, қарама-қарсы бағытта жүру, алда келе жатқан көлік құралымен аралықты сақтамау жатады).

      9. Автокөлік құралдарының жол жүруі туралы, оның ішінде жол берілетін, АӨС бекітілген салмақ және габариттік параметрлерден асуы туралы ақпарат ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес қолжетімді цифрлық байланыс арналары арқылы автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның АЖ-не беріледі.

      10. АӨС пайдалану кезінде ақпараттың сақталуы мынадай авариялық жағдайлар кезінде қамтамасыз етіледі:

      1) кернеудің сәтсіздіктері – қуатты тұтынушылардың қосылуына байланысты электр желісіндегі жүктеменің күрт артуы кезінде қысқа мерзімді төмендеулер;

      2) жоғары вольтты импульстар – жақын найзағай разрядынан немесе авариядан кейін қосалқы станцияда кернеудің қосылуынан туындайтын кернеудің қысқа мерзімді елеулі ұлғаюы;

      3) электр энергиясын толық ажырату – электр станциясындағы авариялар, ауыр жүктемелер салдарынан электр энергиясын толық ажырату;

      4) жоғары кернеу – қуатты тұтынушылардың ажыратылуынан туындайтын желідегі кернеудің қысқа мерзімді ұлғаюы;

      5) жиіліктің тұрақсыздығы – әдетте, энергия жүйелеріндегі әртүрлі шамадан тыс жүктемелерден туындайтын;

      6) байланыс арналарының бұзылуы немесе істен шығуы;

      7) қатты магниттік дискілердегі жинақтауыштардың істен шығуы мен істен шығуын қоса алғанда, АӨС толық немесе ішінара істен шығуы;

      8) бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы ақау.

      11. Алынған мәліметтер көлік құралының өлшенетін параметрлерін есептеу үшін жергілікті мамандандырылған бағдарламалық жасақтамамен өңделеді.

      12. АӨС таразы жабдығы 1-кестеде көрсетілген таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптарға сәйкес келеді.

1-кесте. Таразы жабдығының сипаттамаларына қойылатын негізгі талаптар

Сипаттама атауы

Сипаттама

1

Пайдалану орнында орнату әдісі

стационарлық

2

Жүк қабылдау құрылғысының түрі

кенепке кемінде 3 қатарға салынған

3

Санақ құрылғысының түрі

дискретті

4

Жүк қабылдау құрылғысын орнату

шұңқыр, жүріс бөлігінің деңгейінде кемінде 3 қатар

5

Тәулігіне өлшеу саны

шектелмеген

6

Жұмыс режимі

қарқынды

7

Автокөлік құралының жалпы массасын өлшеу диапазоны

кемінде 400 кг-нан 120000 кг-ға дейін

8

Доңғалақтардың габаритін бекіту мүмкіндігі

иә

9

Автокөлік құралының осіне ең аз жүктеме

кем дегенде 1000 кг-нан 20000 кг-ға дейін

10

Дискреттілік (d)

10 кг

11

Пайдалану кезінде және жөндеуден кейін автокөлік құралының жалпы массасын өлшеу кезінде жіберілетін қателіктің шегі

± 7%

12

Бір оське жүктемені өлшеу кезінде, пайдалану кезінде және жөндеуден кейін рұқсат етілген қателік шектері

± 7%

13

Осьтер тобына жүктемені өлшеу кезінде, пайдалану кезінде және жөндеуден кейін рұқсат етілген қателік шектері

± 7%

14

МТНБ анықтаудың максималды уақыты

10 с артық емес

15

Жұмыс температурасының диапазоны

-50 oC-тан +60 oС-қа дейін

16

Ылғалдылықтың жұмыс диапазоны

30 – 100 %

17

Автокөлік құралының осьаралық қашықтығын қателікпен өлшеу

+/- 50 мм

18

Айнымалы ток электр қуатының параметрлері:
кернеу
жиілігі
тұтыну

187 В бастап 242 В дейін
49 Гц-тен 51 Гц-ке дейін
950 Вт артық емес

19

Қорғау дәрежесі:
Салмақ сенсорлары
Салмақ өлшеу құралдары
Аппараттық шкаф

IP68 кем емес
IP66 кем емес
IP65 кем емес

20

Жолақтағы жүктеме датчиктерінің саны

6-дан кем емес

21

Жүктеме контроллеріндегі тәуелсіз арналар саны

8

22

Рұқсатсыз өзгерістерден, бұрмаланулардан, деректерді жоюдан қорғау

иә

23

МТНБ тану камералары

Камераға орнатылған МТНБ тану бағдарламалық жасақтамасымен

24

Жалпы көріністі қарау камерасы

Кемінде 4 Мп

      13. АӨС бағдарламалық жасақтамасының функционалдығы:

      1) өлшеу учаскесінде жол жүрісінің белгіленген қағидаларын шектемей, қозғалыстағы АҚ параметрлерін өлшеу.

      2) алынған ақпаратты жергілікті деректер базасында сақтау;

      3) деректерді іргелес жүйелерге беру және интеграциялау;

      4) пайдаланушыны жүйенің жай-күйі туралы кейіннен хабардар ете отырып, жүйе жабдығының автоматтандырылған диагностикасы;

      5) ақпаратты инспектордың планшетіне шығару мүмкіндігі;

      6) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі;

      7) аппараттық деңгейдегі қорғау деңгейі;

      8) шығыс деректерін ұсыну (ең аз тізбе):

      автокөлік құралының толық салмағы;

      осьтер туралы ақпарат (доңғалақтар мен осьтерге жүктеме, ось аралық қашықтық, осьтер саны, бір немесе екі доңғалақты доңғалақ, осьтердің іргелес белгісі);

      республикалық жолдармен жүру кезіндегі автомобильдің жылдамдығы мен өлшемдері;

      қозғалыс бағыты;

      теңгерімсіздік (%- дағы сол/оң айырмашылық);

      көлік құралдары арасындағы уақыт (қозғалыс тығыздығы);

      дұрыс емес жол жүру және салмақ өлшеуден жалтару;

      автокөлік құралдарының жіктелуі.

      9) әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл төлеу қажеттігі туралы электрондық нұсқама жасау үшін "ӘІБТ" ПО-мен одан әрі интеграциялау үшін КДҚ АТЖ-ға ақпарат беру мүмкіндігі.

      14. АӨС таразы жабдықтары мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) сыртқы әсерлерге төзімділік:

      сыртқы ортаның климаттық факторларының әсеріне төзімділігі бойынша таразы КСҚ 4.2 санатының МЕМСТ 15150 орындалуына сәйкес келеді;

      қоршаған ортаның әсерінен қорғалған таразы МЕМСТ 12997 стандартына сәйкес келеді.

      2) сенімділік көрсеткіші (таразылардың істен шығу өлшемшарты ретінде олардың жұмыс істеуінің бұзылуы және/немесе метрологиялық сипаттамалардың нормаланатын мәндеріне сәйкес келмеуі қабылданады):

      таразының орташа қызмет ету мерзімі – кемінде 5 жыл;

      2000 сағат ішінде жұмыс істеу ықтималдығы – 0,99 %.

      3) қауіпсіздік:

      таразы конструкциясына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.003 стандартына сәйкес келеді;

      таразы электр жабдықтарына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары МЕМСТ 12.2.007.0 стандартына сәйкес келеді;

      таразыны қорғау жерге тұйықтауға қойылатын талаптар МЕМСТ 12.1.030 стандартына сәйкес келеді;

      қалыпты жағдайда МЕМСТ 12997 бойынша қоршаған ауа температурасы минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейін және салыстырмалы ылғалдылығы 30%-дан 80%-ға дейін кез келген күштік электр тізбектері мен корпус арасындағы оқшаулаудың электрлік кедергісі кемінде 20 Мом сәйкес келеді;

      минус 45 oС-тан 70 oС-қа дейінгі қоршаған ауа температурасында және 30%-дан 80%-ға дейінгі салыстырмалы ылғалдылықта электр тізбектері мен корпус арасындағы электрлік оқшаулау бір минут ішінде бұзылмай және беттік қабаттасусыз 1500 В айнымалы ток кернеуіне төтеп береді.

      15. АӨС МТНБ-ні кем дегенде 95% дәлдікпен анықтау мүмкіндігіне ие.

      16. АӨС АҚ жүру жылдамдығына қарамастан салмақ габариттік параметрлерді өлшейді.

      17. АҚ дұрыс емес өтуін анықтаған кезде кескінді өңдеу және компьютерлік көру алгоритмі қолданылады, бұл көлік құралының кадрдағы қозғалысын анықтауға және оның қозғалыс траекториясын дәйекті кадрлар негізінде есептеуге мүмкіндік береді.

      18. Өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгенге дейін МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" стандартының талаптарына сәйкес өлшеу құралдарын тексеруді жүргізуге ұлттық аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген тексеру зертханасы орындаған көлік құралының динамикалық және статикалық параметрлерін өлшеудің автоматты жүйелерін метрологиялық тексеру туралы оң нәтижелері сертификаттары бар әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі уәкілетті органдардың нұсқамалары.

      19. Республикалық жолдарда автоматтандырылған өлшеу станциясы арқылы өту кезінде алдынан қозғалатын көлік құралымен қозғалыс аралығын кемінде 30 метр сақтау талап етіледі.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АӨС – автоматтандырылған өлшеу станциясы;

      МТНБ – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі;

      АҚ – ақпараттық жүйе;

      кг – килограмм;

      oС – Цельсий градусы;

      % – пайыз;

      В – вольт;

      Гц – герц;

      Вт – ватт;

      с – секундтар;

      мм – миллиметр;

      БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету;

      Мп – мегапиксель;

      АҚ – автокөлік құралы;

      КДҚ АТЖ – Көліктік деректер қоры ақпараттық-талдамалық жүйесі және тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі;

      "ӘІБТ" ПО – "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" процессингтік орталығы;

      ҚСК – қоңыржай және суық климат;

      Мом – мегаом.

  Бұйрығына
2-қосымша
  Автоматтандырылған өлшеу
станцияларының жұмысын
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

Айнымалы ақпарат тақтасының параметрлері

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параметр атауы

Сипаттама

1

Өлшем

960х1920 миллиметрден кем емес

2

Қаріп өлшемі

P10 кем емес

3

Қорғау дәрежесі

IP65

4

Жұмыс температурасының диапазоны

-50 0C-тан +60 0C-қа дейін

5

Өлшенетін параметрлер

Түрі
Маркасы
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі
Салмақ және өлшем параметрлері
Осьтік жүктемелер
Қозғалыс жылдамдығы
Салмақ өлшемдерінің артуы

6

Үйлесімділік

Мемлекеттік органдардың жүйелерімен ықпалдасу мүмкіндігі

7

Өлшеу дәлдігі

Жоғары дәлдік

8

Ақпараттық тақтаны орнату орны

Автоматтандырылған өлшеу станциясынан кейін қозғалыс бағытында 120 метр

  Автоматтандырылған
өлшеу станцияларының
жұмысын ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 27.05.2025 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат

      Ұсынылады: уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат.

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 1-ӨСОЖТА

      Кезеңділік: жыл сайын.

      Есепті кезең: 20__жыл.

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Ұлттық оператор және жергілікті атқарушы органдар.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде.

ЖСН/БСН



      Жинау әдісі: электронды түрде.

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының операторының атауы

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының операторының мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан орны

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс режимi

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының түрi

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының саны, бірлік

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

Автоматтандырылған өлшеу станцияларының тiзiлiмiнен алып тастау

Ескерту

1.










2.










3.










4.



















      Оператордың атауы ______________________

      Оператордың мекенжайы _________________

      Оператордың телефоны ______________________________________________

      Оператордың электрондық почта мекенжайы ____________________________

      Орындаушы ______________________________ қолы, телефон_______

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      _______________________________________________ қолы _________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

  Нысанға қосымша

"Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: 1-ӨСОЖТА, кезеңділігі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмейтін мерзімде)

      "Тізілімге енгізу үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының орналасқан жері туралы ақпарат" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реті бойынша нөмірлеуді үзбейді;

      2-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының атауы көрсетіледі;

      3-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының мекенжайы (индекс, (облыс, аудан, қала, кент, ауыл - Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес) көше, үй), байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі;

      4-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының орналасқан орны көрсетіледі;

      5-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының жұмыс режимi көрсетіледі;

      6-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының түрi көрсетіледі;

      7-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының саны көрсетіледі, бірлік;

      8-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының тiзiлiмiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар көрсетіледі;

      9-бағанда автоматтандырылған өлшеу станциялары операторының тiзiлiмiнен алып тастауы көрсетіледі;

      10-бағанда ескерту көрсетіледі.