Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Инвестициялық портфельді басқарушылар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде өз қызметін Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.
Ұлттық Банк | |
Төрағасы | Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 200 қаулысымен бекітілді |
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының
инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының
жеткіліктілігі коэффициентін қолдауы жөніндегі шаралар туралы
нұсқаулық
1. Осы Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдауы жөніндегі шаралар туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және инвестициялық портфельді басқарушының (бұдан әрі – Басқарушы) ірі қатысушысының Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдауы жөніндегі шараларды белгілейді.
2. Басқарушының ірі қатысушысы (бұдан әрі – ірі қатысушы) осы Нұсқаулықта көзделген Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін жеткілікті деңгейде қолдау бойынша шаралар қабылдайды.
3. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін ірі қатысушының қолдауы жөніндегі шаралар:
1) ірі қатысушының сақтауы үшін міндетті Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдауы жөніндегі шараларды қолданудың талаптары мен тәртібін белгілейтін ішкі құжаттарды заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушының әзірлеуі мен бекітуін;
2) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) тұрақты түрде қамтамасыз етуін;
3) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті деңгейін (мәнін) жедел қамтамасыз етуін қамтиды.
4. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін тұрақты түрде қамтамасыз ету шаралары мыналардан:
1) Басқарушыға қатысты белгiленген пруденциалдық нормативтердiң сақталуын тексеру мақсатында Басқарушының тоқсан сайынғы қаржылық есептiлiгiн талдау негiзiнде Басқарушының қаржылық жай-күйiн тоқсан сайын бағалаудан, сондай-ақ Басқарушының меншiктi капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң төмендеуiне ықпал ететiн тәуекелдердi бағалаудан;
2) Басқарушының меншікті капиталы жеткіліктілігінің болжамдық мәндерін тоқсан сайын бағалаудан;
3) Басқарушыдағы тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуінің, оның ішінде көрсетілген жүйелердің "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келу бағаларының қамтамасыз етілуін жыл сайын бақылаудан;
4) ірі қатысушылары бар Басқарушыда Нұсқаулықтың 6-тармағында көзделген жедел қамтамасыз ету шараларын айқындайтын рәсімдердің болуын жыл сайын бақылаудан;
5) зейнетақы активтерін инвестициялаған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын меншікті активтерді инвестициялаған кезде Басқарушының меншікті активтерін инвестициялау саясатын ірі қатысушылары бар Басқарушының сақтауын тоқсан сайын бақылаудан;
6) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген, "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына сәйкес жасалған Басқарушының қаржылық жай-күйі нашарлауы мүмкін жағдайда Басқарушыны қайта капиталдандыру жоспарында көзделген шараларды қабылдаудан тұрады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенті төмендеген кезде ірі қатысушы оны ұлғайту мақсатында Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін тұрақты қамтамасыз ету шараларынан басқа қосымша жедел қамтамасыз ету шараларын қолданады.
6. Жедел қамтамасыз ету шаралары:
1) Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттерді;
2) Басқарушының активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;
3) Басқарушының ұйымдастыру құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттерді;
4) Басқарушының акционерлерінің арасында оның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеуді және (немесе) төлеуді (таза кірісті бөлуді) тоқтата тұру жөніндегі іс-әрекеттерді көздейді.
7. Басқарушының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мәнін қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттер Басқарушының орналастырылатын акцияларын ірі қатысушының сатып алуынан, Басқарушының меншікті капиталы жеткіліктілігі коэффицентінің қажетті мөлшерін нормативтік мәнге сәйкес келтіру мақсатында осы акциялардың құнын төлеуден тұрады, бірақ олармен шектелмейді.
8. Басқарушының меншікті активтерінің құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:
1) Басқарушыны кредиттік және (немесе) нарықтық тәуекелдерге ұшырататын операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру;
2) портфель бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында Басқарушының инвестициялық портфелін қайта құрылымдау;
3) елеулі шығыстарға байланысты немесе Басқарушыны қосымша тәуекелдерге ұшырататын операциялардың тізбесін және көлемін қысқарту түрінде жүзеге асырылады.
9. Басқарушының ұйымдық құрылымын өзгерту жөніндегі іс-әрекеттер:
1) әкімшілік-шаруашылық шығыстарды, оның ішінде қызметкерлерді қосымша жалдауды шектеу арқылы қысқарту;
2) Басқарушының штат санын өзгерту;
3) инвестициялық комитеттің құрамын өзгерту түрінде жүзеге асырылады.