«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Арнайы экономикалық аймақтар әкімшіліктерінің өкілеттік мерзімдерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 452 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7344 тіркелген, 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 421-423 (26812-26814) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігінің екілеттіктер мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 2 тамыздағы Ш 236 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8652 тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 36 бұйрығының {Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9218 тіркелген, 2014 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 172 (27793) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 172 (28395) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ, Хаиров) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Министрінің
міндетін атқарушы А. Рау