Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1232. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Z990473_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдердi төлеудің тәртiбiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi N 1464 P991464_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 48, 447-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн:
      1-тармақта "Мемлекеттiк мекемелер" деген сөздерден кейiн "2001 жылдың

 

1 қаңтарынан бастап" деген сөздермен толықтырылсын;

     4-тармақтағы "ақша" деген сөзден кейiн "қабылдау, төлеу және" деген

сөздермен толықтырылсын;

     5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "5. Республикалық және жергіліктi бюджеттерден қаржыландырылатын

мемлекеттiк мекемелер 2001 жылдан бастап мемлекеттiк мекемелердi ұстауға

жұмсалатын шығыстардың құрамында ақшалай төлемдердi алушылардың жеке

шоттарына ақша қабылдау, төлеу және есептеу жөнiндегі қызмет көрсетулерге

ақы төлеуге қаражат көздесiн.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.