Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі үшінші абзацының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын мынадай талаптар бекітілсін:
1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 69-бабының 11, 12, 17, 20 және 21-тармақтарында көзделген банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда (бұдан әрі – банктер) клиенттің банктік шоты болған кезде ресімделеді және онда мыналар қамтылады:
анықтама күні;
заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;
банктік шоттағы қалдық туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда сұратылатын күнгі шығыс қалдық.
Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 12-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын сома шегінде көрсетіледі. Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын банктік шоттарда ақшаның болуы туралы мәліметтер өндіріп алынатын сома шегінде көрсетіледі, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді қозғаған сәттен бастап осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәліметтер де көрсетіледі.
Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері, банктік шоттары бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы қағаз жеткізгіште ұсынылатын анықтамалар банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді-көшірме (бұдан әрі – үзінді-көшірме) нысанында жіберіледі;
2) үзінді-көшірмеде мыналар қамтылады:
үзінді-көшірме күні;
үзінді-көшірме берілетін кезең;
заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;
заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты ол болған жағдайда және егер клиент ақша жөнелтуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жөнелтушінің) жеке сәйкестендіру коды;
теңгемен банктік шот бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банктің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы және жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.
Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде бенефициар банктің (ақша жөнелтуші банктің) атауы және (немесе) банктік сәйкестендіру коды қойылмайды;
үзінді-көшірме берілетін кезеңнің басында және соңында келіп түсетін және жіберілетін қалдық.
Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді-көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап келіп түсетін және (немесе) жіберілетін қалдық туралы ақпарат қамтылады;
төлемнің белгіленуі;
үзінді-көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар.
Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабы 17-тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді-көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап дебет және кредит бойынша айналымдар туралы ақпарат қамтылады;
банктік шоттың валютасы;
банктің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және мөртабан (қағаздағы нұсқасы үшін).
Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабының 12, 17-тармақтарында көзделген үзінді-көшірмелерді ұсынған кезде, мынадай мәліметтер болған жағдайда қосымша беріледі:
үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, орындалмаған инкассолық өкімдер сомасы;
үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, орындалмаған төлем талаптарының сомасы;
үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңында банктік шотқа қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмаларының сомасы;
үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шоттардағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтар (тыйым салу) сомасы;
уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынылған өкімдерінің саны;
банктік шот бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегергенде, үзінді-көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).
Банктік шоттың мақсаты туралы ақпарат Банктер және банк қызметі туралы заңның 69-бабының 11, 12 және 17-тармақтарына сәйкес, Азаматтық кодекстің 741-бабында және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда ақшасы өндіріп алуға жатпайтын банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамаларды және банктік шоты бойынша үзінді-көшірмелерді ұсынған кезде қосымша көрсетіледі.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.04.2026 № 38 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
____________ М. Бекетеев
2016 жылғы "___"__________
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы
қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір
қаулыларының құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3019 тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 135 (1164) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 435 (26278) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.
4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген,
2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (1949) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.
6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.
7. "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 106 (2307) жарияланған) қосымша болып табылатын Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 6-тармағы.