"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 04 желтоқсандағы № 642 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8208 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.03.2014 № 152 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет регламенті бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеудi;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрiнiң
2012 жылғы 12 сәуірдегі
№ 642 бұйрығымен  
бекiтiлген     

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттiк қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк қызмет регламенті (бұдан әрi – регламент) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкiмшiлiк рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес, сонымен қатар «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
      2. Осы регламентте мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
      1) тұтынушы – мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш бiлдiрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
      2) құрылымдық-функциялық бiрлiктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын уәкiлеттi органдардың жауапты адамдары, мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiнiстерi, мемлекеттiк органдар, ақпараттық жүйелер немесе кiшi жүйелер.
      3. Мемлекеттiк қызметтi Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аумақтық көшi-қон полициясы бөлiнiстерi (бұдан әрi – көшi-қон полициясы бөлiнiстерi) көрсетедi.
      4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 6-бабының;
      2) Стандарттың;
      3) Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің «Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496-ө (№ 6681 нормативтік құқықтық актілер реестрінде тіркелген) және «Босқын куәлігі, жол жүру құжаты, пана іздеген адамның куәлігі үлгілерін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 498-ө (№ 6682 нормативтік құқықтық актілер реестрінде тіркелген) бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
      6. Босқын мәртебесін және босқын куәлігін беру, босқын мәртебесін ұзарту немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қойылатын талаптар

      7. Мемлекеттiк қызметтi тұтынушының тұрақты тұрғылықты жерi бойынша көшi-қон полициясы бөлiнiстерi көрсетедi.
      8. Мемлекеттiк қызмет аптасына бес жұмыс күні сағат 13-00-ден 14-30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейiн ұсынылады. Қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жылдам қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (бұдан әрi – IIМ) www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Iшкi iстер органдарының қызметi туралы» бөлiмінде облыстардың, Астана, Алматы қалаларының iшкi iстер департаменттерiнде (бұдан әрi – IIД), сондай-ақ көшi-қон полициясы бөлiнiстерi ғимаратында орналасқан ресми ақпарат көздерi мен стендтерде орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.
      11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызметті тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап, аумақтық бөліністе босқын мәртебесін беру туралы өтініш тіркелген күнінен бастап үш ай ішінде көрсетіледі;
      2) құжаттарды тапсыру кезiнде тұтынушының ең ұзақ кезек күту уақыты – 30 минут;
      3) қажетті құжаттарды алу кезінде тұтынушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ уақыты – 30 минут.
      12. Стандарттың 16-тармағында көзделген мән-жайлар пана іздеген адамдарға босқын мәртебесін беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-қимылдың (өзара
iс-қимыл) сипаттамасы

      13. Көшi-қон полициясы бөлiнiстерiнде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда көшi-қон полициясы инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Көшi-қон полициясы бөлiнiсiне құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
      құжаттардың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынатын мемлекеттік қызметтің түрі;
      құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
      құжатты қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
      14. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар жоқ.
      15. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне мынадай ҚФБ тартылған:
      1) Ішкі істер органының қалалық, облыстық көші-қон полициясы басқармасының көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерi Қазақстан Республикасында босқын куәлігін қабылдауды және беруді жүзеге асырады;
      2) ІІД Көші-қон полициясы басқармасының (бұдан әрі - ІІД КҚПБ) бастығы, бастығының орынбасары - босқын куәлігін беру туралы қорытындыны бекітеді;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана және Алматы қалалары және облыстар бойынша департаменттері – Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру жөніндегі материалдарды келіседі.
      16. Осы регламентке 1-қосымшада әрбiр әкiмшiлiк iс-қимылды орындау мерзiмiн көрсете отырып, әрбiр ҚФБ-ның әкiмшiлiк iс-қимылының (рәсiмдерiнiң) ретi мен өзара iс-қимылының мәтіндік кестелiк сипаттамасы келтiрiлген.
      17. Осы регламентке 2-қосымшада мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде әкiмшiлiк iс-қимылдардың қисынды ретi мен ҚФБ-ның арасындағы өзара іс-қимыл сызбасы келтiрiлген.

«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттiк қызмет
регламентiне 1-қосымша  

Әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердің) реті мен өзара
iс-қимылының сипаттамасы

1-кесте. ҚФБ iс-қимылының сипаттамасы. Негiзгi процесс.

Негiзгi процестiң iс-қимылы (жұмыс барысы, ағыны)

1

Iс-қимылдың (жұмыс барысы, ағыны) №

1

2

2

ҚФБ атауы

КҚПБ

КҚПБ

3

Iс-қимылдың (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тексеру

арнайы есептер бойынша тексеру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкiмдік шешiм)

комиссияда босқын мәртебесін беруді қарау немесе дәлелді бас тарту

босқын мәртебесін беру немесе одан дәлелді бас тарту

5

Орындау мерзiмi

3 ай

Күнтізбелік 3 күн

«Қазақстан Республикасында
босқын мәртебесін беру және
ұзарту» мемлекеттiк қызмет
регламентiне 2-қосымша 

Әкiмшiлiк iс-қимылдардың қисынды реті арасындағы өзара
байланысты көрсететiн сызбалар