Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні, сондай-ақ банктер брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 176 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 мамырда № 7666 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.04.2015 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Акционерлік қоғамдар (тұрақтандыру банкін қоспағанда) өздерінің үлестес тұлғаларының тізімдерін осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) ұсынсын.
      2. Акционерлік қоғамдар үлестес тұлғалардың тізімдерін қағаз және электрондық тасымалдағыштағы (Excel-файлдағы электрондық кестелер) ілеспе хатпен есепті жылғы 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша тиісінше есепті жылғы 31 қаңтардан, 30 сәуірден, 31 шілдеден және 31 қазаннан кешіктірмей ұсынады.
      3. Комитет қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Комитеттің интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.
      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 272 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 272 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 74 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4206 тіркелген);
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 178 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5778 тіркелген) 2-тармағының.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
2012 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 171 қаулысына        
қосымша           

«___» ______________ акционерлік қоғамының үлестес тұлғаларының тізімі

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және/немесе жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру күні мен нөмірі

Үлестес тұлғалардың тізімі ұсынылатын күн

Жеке тұлғалар

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған күні*

Үлестестілігін тануға арналған негіздер**

Үлестестілігі пайда болған күн*

Ескертулер

1

2

3

4

5

6







Заңды тұлғалар

Заңды тұлғаның толық атауы

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, заңды тұлғаның почта мекенжайы және нақты орналасқан орны*

Үлестестілігін тануға арналған негіздер**

Үлестестілігі пайда болған күн *

Ескертулер

1

2

3

4

5

6







Басшының/оның орнындағы адамның қолы ____________________________
                                    (қоғамның мөрімен бекітілген)

      Басшының аты-жөні

      * Күндер жылы/күні/айы форматында толық цифрлармен толтырылады, қоғамның акционерлері және лауазымды тұлғалары қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады.
      ** «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабы 1-тармағының тиісті тармақшасына, «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына (екінші деңгейдегі банктер үшін) сілтеме жасау қажет.