Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 шілдеде № 7065 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 872 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2015 № 774 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 43) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі.                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 9 маусымдағы 
№ 646 қаулысымен  
бекітілген    

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру
қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және әуежай пайдаланушыларына сертификат беру тәртібін белгілейді.
      2. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын басқа адамға беруге болмайды.
      3. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаты саласы мен қолданыс мерзімі көрсетіле отырып, екі жыл мерзімге беріледі.
      4. Қағидада мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтінім - өтініш берушінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
      2) өтініш беруші — әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты (бұдан әрі - қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификат) алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш білдірген әуежай пайдаланушысы;
      3) сертификаттық тексеру - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын, өтініш берушінің сертификаттық талаптарға сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыратын құралдарды, жабдықтарды, технологиялық үдерістерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, персоналдың біліктілігін тексеру;
      4) сертификаттық талаптар - азаматтық авиацияның сертификаттау саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптар;
      5) қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар - жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорды, әуе  кемелерінің экипаж мүшелерін, авиация персоналын қарап тексеруді жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу әрекеттерінен қорғауға арналған дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
      5-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1308 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Сертификаттау жүргізу тәртібі

      6. Сертификаттау жүргізудің төмендегідей тәртібі белгіленеді:
      1) өтініш берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға құжаттары қоса берілген өтінім беруі;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сертификаттық тексеру жүргізуі;
      4) қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Сертификат алуға сертификаттаудың жалпы мерзімі сертификаттау жүргізуге өтінім ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Өтінім бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау

      9. Өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.
      Өтінімге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар қоса беріледі.
      10. Кейінгі сертификаттау кезінде өтініш беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға орын алған өзгерістерге қатысты құжаттары (өзгерістер болған немесе жаңартуды талап ететін) бар өтінімді ұсынады.
      11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде шешім қабылдайды.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Өтінімді алдын ала бағалауға құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысу және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеру жатады. Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
      1) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеру бөлімшелерін ұйымдастыру;
      2) әуежайдың АҚҚ қарап тексеру бөлімшелерінің ұйымдық құрылымы, практикасы және басқарудың негізгі қағидаттары;
      3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес әуежайдың АҚҚ, басшылық құрамы, мамандары, техникалық құралдары, өндірістік базасы бойынша деректердің болуы;
      4) қарап тексеруді жүзеге асыратын штаттың жасақталуы және персоналдың даярлық деңгейі;
      5) жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерінің экипаж мүшелерін және авиаперсоналды қарап тексеруді ұйымдастыру;
      6) ұшу алдында багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды қарап тексеруді ұйымдастыру;
      7) қарап тексеру кезінде қолданылатын арнайы техникалық құралдарды пайдалану;
      8) өтінім бойынша шешім қабылдау.
      13. Өтінімнің сәйкессіздігі, сондай-ақ осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда өтінім себептері көрсетіле отырып, қайтаруға жатады.
      14. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган оң шешім қабылданған жағдайда сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрады.
      Комиссия құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функциясына авиациялық қауіпсіздік мәселелері жататын қызметкерлері кіреді.

4. Сертификаттық тексеру

      15. Сертификаттық тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әуежайдың авиациялық қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттық тексеруге сәйкес жүргізіледі.
      16. Өтініш беруші сертификаттық тексеру барысында мәлімделген қызмет саласының сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайды.
      17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарап 2 данада тексеруді ұйымдастырудың нақты жағдайы, ұсынымдар және сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындылар көрсетілген сертификаттық тексеру актісі жасалады.
      18. Сертификаттық тексеру кезінде қарап тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификатты беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтініш беруші осы ескертулерді жою бойынша күні және жауапты тұлғалары көрсетілген іс шаралар жоспарын жасайды. Өтініш беруші іс-шаралар жоспарын бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді. Өтініш беруші сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оларды жойғаны туралы анықтама ұсынады.
      19. Комиссияның сертификаттық тексеру мерзімі Комиссияның сертификаттық тексеру орнына келген сәтінен бастап күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс.

5. Сертификат беру, беруден бас тарту

      20. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттық талаптарға сәйкес келсе, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру туралы шешім қабылдайды.
      21. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру үшін қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
      22. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру аяқталған сәттен бастап он күн мерзімде осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты ресімдеуді және беруді жүргізеді.
      23. Егер:
      1) өтініш берушінің ұсынған құжаттарының сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;
      2) сертификациялық тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты беруден бас тарту жүргізіледі.
      24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген сертификаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себебі көрсетіле отырып дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      25. Әуежайдың пайдаланушылары қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатта белгіленген талаптарды сақтайды.

6. Сертификаттың қолдануын тоқтата тұру және оны қайтарып алу

      26. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
      1) әуежайды пайдаланушының сертификаттық талаптарды сақтамауы;
      2) Тексеру жүргізу кезінде анықталған авиациялық қауіпсіздікке ықпал ететін бұзушылықтардың анықталуы.
      27. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қолданылуын тоқтатқан жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімінде тоқтата тұру себебін және қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуы тоқтатылатын (алты айдан аспайтын) мерзімді көрсетеді.
      Егер әуежайды пайдаланушы белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймаса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты қайтарып алады.
      28. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын жаңғыртуды (ол тоқтатыла тұрған жағдайда) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушының анықталған кемшіліктерді жойған және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыға тексеру жүргізгеннен кейін ғана жүзеге асырады.
      Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрған немесе қайтарып алған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуежайды пайдаланушыны дереу қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
      29. Қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификаты қайтарып алынған жағдайда әуежайды пайдаланушы қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты дереу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қайтарады.
      30. Әуежайды пайдаланушының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген немесе басқа да өзгерістер болған жағдайда, егер олар сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер тудырмаса, қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі берілген сертификаттарды қайта ресімдеу жүргізіледі.

7. Сертификаттың телнұсқасын беру

      31. Пайдаланушының сертификаты бүлінген немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 10 күн ішінде пайдаланушы сертификатының телнұсқасын береді.
      32. Пайдаланушы телнұсқаны алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қажетті негіздемесі мен бұрын берілген пайдаланушы сертификаты (жоғалғаннан (ұрланғаннан) басқа жағдайларда) қоса берілген еркін нысандағы өтінішті ұсынады.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
1-қосымша         

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған
ӨТІНІМ

_____________________________________________________________________
                  (өтініш берушінің толық атауы)
__________________________________________________________ мақсатында
(қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатты алу, қолданылу мерзімін ұзарту)

      сертификаттау жүргізуді сұраймын.
      қарап тексеруді жүзеге асырудың жоспарланған күні ____________
      (ұзартылған/өзгерістер енгізілген кезде тиісінше қолданыстағы сертификаттың аяқталу мерзімі көрсетіледі) өтініш беруші міндеттенеді:
      1) сертификаттау рәсімдерін орындауға;
      2) сертификаттық талаптарға жауап беруге;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға қарап тексеруді ұйымдастыру және қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін беруге міндеттенеді

      Басшы _________________________________________________________
                             (лауазымы/қолы/ күні)

М.О.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
2-қосымша         

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған
өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесі

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Өтініш берушінің құрылтай құжаттары.
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама не куәлік.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 № 507 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
      Ескерту. Тізбе 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1308 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.
      Ескерту. Тізбе 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1308 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөнінде өтініш берушімен шарттық қатынастары бар азаматтық авиация пайдаланушылары мен кәсіпорындарының тізбесі (бар болса).
      5. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөнінде пайдаланушылармен жасалған шарттың (шартқа қосымшалар) көшірмелері (бар болса).
      6. Осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тікелей жүзеге асыратын әуежайдың АҚҚ басшылық құрамы туралы деректер.
      7. Өтініш берушінің бағыныстылығы мен өзара іс-әрекет ету байланыстарын көрсете отырып, авиациялық қауіпсіздік қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ) ұйымдық құрылымының схемасы.
      8. Өтініш берушінің ААҚ-ның туралы ережесі.
      9. ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің персоналымен жасақтаулы жөніндегі деректер.
      10. ААҚ қарап тексеру бөлімшесінің өндірістік базасы жөніндегі деректер.
      11. Қарап тексеруді ұйымдастыруды қамтамасыз етудің техникалық құралдар тізбесі (атауы, саны).
      12. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық құжаттардың тізбесі.
      13. Өтініш беруші ұйымның инспекциялық тексеру актісі (ол жүргізілген жағдайда).
      14. Өтініш берушінің аумағында ААҚ бақылайтын аймақтарды (рұқсаты шектеулі аймақ) және қарап тексеру пункттері орналасқан аэровокзал ғимаратының толық схемасы (жоспары) көрсетілген оның жоспарының схемасы.
      15. ААҚ персоналын оқыту бағдарламасы.
      16. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік нұсқаулығы (бағдарламасы).
      17. Өтініш берушінің авиациялық қауіпсіздік сапасын ішкі бақылау бағдарламасы.
      Осы Қағиданың 1 -17-тармақтарында көрсетілген құжаттар өтініш берушінің бірінші басшысы және мөрімен расталған көшірмелер түрінде беріледі.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
3-қосымша         

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді
ұйымдастыруы жөніндегі сертификатты алуға арналған өтінім
бойынша
ШЕШІМ

20____ жылғы "_____" ____________ № _____

      ___________ әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметінің
      (әуежай атауы)
қарап тексеруді ұйымдастыру жөніндегі сертификатын алуға арналған
_____________________________________________________ өтінімін қарап,
            (өтініш берушінің атауы)

      хабардар етеміз:
      Сіздер ұсынған құжаттар
      Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасы сәйкес келеді (сәйкес келмейді) (құжаттардың сәйкессіздігі жағдайында сәйкессіз пункт (-тер) көрсетіледі)

      М.О

Уәкілетті органның басшысы немесе ол
өкілеттік берген тұлға _____________   ___________
                        (Т.А.Ә.)        (қолы)

      20___ жылғы "_____" __________

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
4-қосымша         

Қарап тексеру бөлімшесінің персоналы, әуежайдың ААҚ басшылық
құрамы, әуежайдың ААҚ өндірістік базасы, техникалық құралдар
бойынша жиынтық деректер

1. Әуежайдың қарап тексеру бөлімшесінің персоналы мен
ААҚ басшылық құрамының жасақталу жөніндегі деректері

(әуежай атауы)

Штаттық лауазымдар

Санаты

Штат бойынша саны

Нақты саны

ААҚ басшылық құрамының штаттық лауазымдары




1.




2.




Қарап тексеру бөлімшесінің штаттық лауазымдары




1.




2.




2. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы
жөніндегі деректер

ААҚ үшін өндірістік үй-жайлар мен құрылыстар

Саны және жалпы ауданы - (шаршы м)

Жеке меншік

Жалданатын

1. ААҚ қызметтік үй-жайлары



2. ААҚ тұрмыстық үй-жайлары



3. ААҚ оқу сыныбы



4. Өту/шығу БӨП



5. Жолаушыларды, ӘК экипаж мүшелерін, авиаперсоналды қарап текcеpу пункттері



6. Багажды, жүкті, поштаны, борттық қорларды қарап тексеру пункттері



7. Қосымша ақпарат



3. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық
құралдарының тізбесі

Қарап тексеру пункттерінің саны

1. Халықаралық желілерде _________________________
2. Ішкі желілерде ________________________________
3. БӨП ____________________________________________
4. Ресми делегация залдарында _______________________________
5. Багажды, жүкті борттық қорларды қарап тексеру үшін _____________________________________________

Авиациялық қауіпсіздіктің техникалық құралдарының, мақсаты және атауы

Үлгісі, моделі

Саны

1

2

3

1. Жолаушыларды, экипаж мүшелерін, авиаперсоналды және олардың қол жүгін қарап тексерудің техникалық құралдары:



2. Рентгендік-телевизиялық қондырғылар, стационарлық металл іздегіштер тасымалданатын (қол) металл іздегіштер



3. Багажды, жүкті, поштаны және борттық қорларды қарап тексерудің техникалық құралдары: рентгендік-телевизиялық құрылғылар тасымалданатын (қол) металл іздегіштер



4. Жарылғыш заттарды (жарылғыш заттар парын детекторлары) анықтауға арналған жабдық



Әуежай басшысы ___________________________________________
                        (Т.А.Ә., қолы)
Күні ___________________________________________________

М.О.

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
5-қосымша      

Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны

______________________ 20_____ жылғы "______" ________________
(уәкілетті орган атауы)
бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
      Төраға ______________________
              (Т.А.Ә., лауазымы)
      Комиссия мүшелері _________________________________________
                                    (Т.А.Ә., лауазымы)
_________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)

_______________________________________________ сертикаттау өткізді.
            (заңды тұлғаның атауы)

Қорытынды мәтіні ___________________________________________________
Төраға ____________________________            ______________________
                  (Т.А.Ә.)                            (қолы)
Комиссия мүшелері _____________________        ______________________
                       (Т.А.Ә.)                       (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы _______________________         ________________________
                  (Т.А.Ә.)                            (колы)

Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік
қызметінің қарап тексеруді  
ұйымдастыруын сертификаттау 
және сертификат беру қағидасына
6-қосымша      

ЕЛТАҢБА
_______________________________________________
Уәкілетті органның атауы Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап
тексеруді ұйымдастыру
СЕРТИФИКАТЫ № ___________________

Қолданыс мерзімінің өтуі:
аяқталу күні

Пайдаланушының атауы
Пайдаланушының мекенжайы:
Телефон:
Факс:
E-mail:
Байланыс ақпараты:

Осы сертификат ___________________________________________ әуежайының
                              (әуежай атауы)
пайдаланушысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 201__ жылғы "____" ________ № ________ қаулысымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес әуе кемесінде жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттық қорларды, экипаж мүшелерін, авиациялық персоналды қарап тексеруді жүзеге асыруға құқық, беретіндігін куәландырады.
________________________________________________________ инспекциялық
            (уәкілетті органның атауы)

бақылауды жүзеге асырады.

М.О.

Уәкілетті органның басшысы немесе
ол өкілеттік берген тұлға _____________ _________________________
                              (қолы)          (Т.А.Ә.)

Берілген күні 20____ жылғы "_____" __________

____________________________________________________________________
      (әуежай пайдаланушысының атауы, сертификат №_________