Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданушылар үшін дене бітімі көрсеткіштері бойынша нормативтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2007 жылғы 11 мамырдағы N 203 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4721 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі N 186 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кадрлар
даярлауды мемлекеттік білімдік несиелендіру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі N 1018  қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 35, 317-құжат) мынадай
өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлауды несиелендірудің ережесінде:
      20-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік білім беру несиелері бойынша талаптар тоқтатылады.";
      31-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда қарыз алушының кепілдік берушілері сенім білдірілген өкілге (агентке) қарыз алушының қайтыс болуы туралы куәліктің нотариалды расталған көшірмесін және еркін нысанда жазбаша түрде жасалған өтінішті ұсынған кезде мемлекеттік студенттік несиелер бойынша талаптар тоқтатылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі