Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6690 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 2-тармағына сәйкес, авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Құсайынов

  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің
2010 жылғы 28 қарашадағы
№ 546 бұйрығымен
бекітілген

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 07.12.2022 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциямен (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан) (бұдан әрі – Конвенция), Конвенцияға "Авиациялық персоналына куәліктер беру" деген 1-қосымшамен, ИКАО 9379 AN/916 "Авиациялық персоналына куәліктер берудің және осы жүйені басқарудың мемлекеттік жүйесін құру жөніндегі нұсқаулық" құжатымен әзірленді.

      2. Осы Қағидалар авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      3. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктері Қазақстан Республикасында осындай куәліктер берілген талаптар Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгілеген стандарттарға сәйкес келген жағдайда жарамды деп танылады.

      Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тануды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) бере отырып жүзеге асырады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) авиациялық персоналының куәлігін тану (куәлікке күш беру) – нәтижесінде мемлекет өз куәлігін берудің орнына шетел мемлекеті берген куәлікті өзінің жеке куәлігіне тең ретінде танитын әрекет;

      2) авиациялық персонал куәліктерін тану туралы берілген куәліктер тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – авиациялық персонал куәліктерін тану туралы куәліктерді беру туралы жазба жүргізілетін еркін нысандағы электрондық құжат;

      3) өтініш беруші – авиациялық персоналыдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымына жүгінген жеке немесе заңды тұлға.

      5. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерінің мынадай түрлері уәкілетті ұйыммен расталады:

      1) жеке ұшқыштың (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);

      2) коммерциялық авиация ұшқышы (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);

      3) көпмүшелі экипаждың (ұшақтың) ұшқышы;

      4) желілік пилоттың (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);

      5) еркін аэростат ұшқышы;

      6) планер ұшқышы;

      7) штурман;

      8) бортинженер (бортмеханик);

      9) бортрадист;

      10) сыртқы пилоттың (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);

      11) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың;

      12) ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері.

2-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі

      6. Авиациялық персоналдың куәлігін бастапқы тану кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тануға өтініш;

      2) авиациялық персонал куәлігі иесінің жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі;

      3) авиациялық персонал куәлігінің көшірмесі (жазбалары бар барлық парақтар);

      4) тиісті кластағы медициналық сертификаттың көшірмесі (ұшқыштардың, сыртқы ұшқыштардың, ұшқыштардан ерекшеленетін ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      5) әуе кемесінің түрі бойынша сұратылған біліктілік белгісі үшін соңғы 12 айдағы ұшу немесе тренажерлік тексеру актісінің көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      6) ұшу кітапшасының соңғы үш парағының жазбалары бар көшірмелері немесе соңғы 90 күннің ұшу сағатын растайтын авиакомпанияның ұшу уақытын есепке алу жүйесінен үзінді (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      7) алдыңғы 24 айдағы әуе кемесінің тиісті түріне техникалық қызмет көрсету тәжірибесін растай отырып, жеке журнал (Logbook) парақтарының көшірмелері (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін);

      8) Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, әуе құқығы (air law), метеорология (meteorology), пайдалану қағидалары (operational procedures), фразеология (radiotelephony) бойынша білімін көрсету туралы құжаттың көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      9) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасы бойынша білімін көрсету туралы құжаттың көшірмесі (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің немесе ұшу диспетчерлерінің куәліктері үшін).

      7. Авиациялық персоналдың куәлігі кезекті (кейіннен) танылған кезде өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тануға өтініш;

      2) авиациялық персонал куәлігінің көшірмесі (жазбалары бар барлық парақтар);

      3) тиісті кластағы медициналық сертификаттың көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың, пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      4) әуе кемесінің түрі бойынша сұратылған біліктілік белгісі үшін соңғы 12 айдағы ұшу немесе тренажерлік тексеру актісінің көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың, пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      5) алдыңғы 12 айдағы әуе кемесінің тиісті түріне техникалық қызмет көрсету тәжірибесін растай отырып, жеке журнал (Logbook) парақтарының көшірмелері (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін).

      8. Уәкілетті ұйым 5 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және өтініш беруші осы Қағидалардың 6 немесе 7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде шет мемлекеттің авиациялық билік орындарына сұрау салу жібереді немесе осы мемлекет берген авиациялық персоналы куәлігінің, біліктілік және арнайы белгілердің, медициналық сертификаттың және өзге де құжаттардың жарамдылығын тану үшін олардың ресми сайтында жарияланған ақпаратты басшылыққа алады. Тану 2 жұмыс күні ішінде жарамды.

      Авиациялық персоналы куәлігінің, біліктілік және арнайы белгілердің, медициналық сертификаттың және шетел мемлекеті берген өзге де рұқсаттардың жарамдылығы расталғаннан кейін уәкілетті ұйым 2 жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген негіздер бойынша авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін танудан дәлелді бас тартуды ресімдейді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе авиациялық персоналының шетелдік куәлігін тану рәсімін жүргізу үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге осы Қағидалардың 6 немесе 7-тармақтарында көзделген жоқ құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну қажеттілігі және оларды ұсыну мерзімі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды немесе мәліметтерді ұсыну мерзімі хабарлама жіберілген күннен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

      Өтініш беруші хабарламада көрсетілген құжаттарды немесе мәліметтерді алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушінің құжаттарын қайтаруды жүзеге асырады және оларды қарауды тоқтатады.

      9. Куәлік ИКАО-ның ресми тілінде - ағылшын тілінде толтырылады.

      10. Куәлік өтініш берушіге немесе оның өкіліне сенімхат бойынша беріледі.

      11. Берілген Куәліктер уәкілетті ұйымның Тізілімінде тіркеледі.

3-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану шарттары

      12. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай салаларда авиациялық персоналдың куәлігін тану мақсатында кандидаттың ИКАО 9379 AN/916 "Авиациялық персоналға куәлік берудің мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі басшылық" құжатына сәйкес білімін көрсетуге тәртібін айқындайды:

      пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін:

      1) әуе құқығы (air law);

      2) метеорология (meteorology);

      3) пайдалану қағидалары (operational procedures);

      4) фразеология (radiotelephony);

      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің немесе ұшу диспетчерлерінің куәліктері үшін:

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасы.

      13. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану туралы куәлік 12 айдан аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады.

      Куәліктің жарамдылығы авиациялық персоналы куәлігінің және куәліктегі біліктілік белгілерінің және (немесе) куәліктің қолданылуын шектейтін медициналық қорытындының жарамдылығы бойынша айқындалады.

      14. Қазақстан Республикасында тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы мен авиациялық персонал куәлігін берген мемлекет арасында жасалған халықаралық келісімдерде (шарттарда) көзделген жағдайларды қоспағанда, авиациялық персоналдың шетелдік куәлігінің иесі Куәліксіз пайдаланбайды.

      15. Куәлікті кезекті тану кезінде қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 120 күн ішінде Куәліктің қолданылу кезеңі үзілмейді.

      Осы тармақтың шарттары сақталмаған кезде Куәліктің қолданылу мерзімі жаңа күнмен айқындалады.

      16. Куәліктің қолданылу мерзімі 12 айдан асқан кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.

      17. Куәлікті тану үшін құжаттар ИКАО-ның ресми тілдерінде – орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.

      18. Кандидат Конвенцияға "Авиациялық персоналына куәліктер беру" деген 1-қосымшада көрсетілген тәжірибеге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

      19. Орыс тілін меңгерген, бірақ ағылшын тілін білмейтін ұшқыш берілген Куәлікті тек Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана пайдаланады.

      Авиациялық персонал куәлігін берген шетел мемлекеттің растамасы ағылшын тілін меңгерудің дәлелі болып табылады.

      20. Уәкілетті ұйым шетел мемлекеті берген Куәлікті мынадай негіздер бойынша танудан бас тартады:

      1) Куәлікті алу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) кандидаттың және (немесе) Куәліктің қолданылу мерзімін алу немесе ұзарту үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, Конвенцияға және осы Қағидаларға "Авиациялық персоналына куәліктер беру" 1-қосымшасының белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты авиациялық персоналының куәлігінде көзделген қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу (шектеу) туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса, соның негізінде ол Куәлік алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

      21. Уәкілетті ұйым Куәліктің қолданылуын тоқтата тұрады:

      1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына әсер ететін жұмыстарды орындау технологиясын сақтамау;

      2) тексерулер кезінде анықталған кәсіптік даярлықтың жеткіліксіздігі;

      3) ұшуды қамтамасыз ету және орындау, әуе қозғалысына қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптарды бір жолғы өрескел бұзғанда;

      4) алкогольдік, есірткілік (оларға ұқсас) масаң күйде әуе кемесін басқаруға, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге байланысты қызметті орындау.

      Куәліктің қолданылуын тоқтата тұру мерзімі куәлігі уақытша тоқтатыла тұрған адамға хабарлама тапсырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайды.

      22. Уәкілетті ұйым Куәлікті кері қайтарып алады:

      1) өзі ұсынған құжаттарды бұрмалау арқылы Куәлік алған кезде;

      2) қызметтік функцияларды орындауға қатысты жазбалар мен олармен байланысты деректер бұрмаланған кезде;

      3) сот шешімі бойынша;

      4) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған кезде.

      23. Уәкілетті ұйым Куәлікті қайтарып алу туралы Куәлік иесін немесе ол бағынатын азаматтық авиация ұйымының басшысын шешім қабылданған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарландырады.

      Куәлік иесі немесе ол бағынатын азаматтық авиация ұйымының басшысы хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға қайтарады.

      Куәлік белгіленген мерзімде қайтарылмаған кезде, Куәлікті қайтару заңнамада белгіленген тәртіппен, сот арқылы жүзеге асырылады.

      24. Уәкілетті ұйым Куәлікті кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда Тізілімде, "Ескертпе" бағанында кері қайтарып алу күнін көрсете отырып, Куәлікті кері қайтарып алу туралы жазба жасалады.

      25. Куәлікті қайтарып алғаннан кейін Куәлікті беру осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      26. Куәлікті ауыстыру жоғалған, ұрланған, бүлінген, тегі, аты және техникалық себептері өзгерген кезде жүргізіледі.

      27. Тозған немесе механикалық әсер ету салдарынан жазбаны, белгіні, мөрді оқу мүмкін болмаған кезде Куәлік бүлінген болып есептеледі.

  Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану қағидалары
мен шарттарына
1-қосымша
  Нысан

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану туралы куәлігі Aviation Administration of Kazakhstan Certificate of Validation №

      First and Last name of Holder:

      Date of Birth:

      Nationality:

      Licence held:

      State of issue:

      ICAO Licence No. _____ issued on DD MONTH YEAR is hereby validated to exercise the privileges of a _____ in accordance with Legislation of the Republic of Kazakhstan and subject to the following conditions:

      1. This Certificate must be accompanied at all times by an appropriate valid Licence, ratings and/or Medical Certificate (for appropriate personnel who must have a medical certificate, according to Annex 1 of ICAO) in accordance with the law of its State of Licence Issue.

      2. The issued Certificate is used exclusively within the Republic of Kazakhstan if the pilot is able to speak and understand the Russian language but is not able to speak and understand the English language, as provided in Annex 1 to the Convention.

      3. This Certificate is only valid for ____________ aircraft.

      4. Certificate valid from _________ until ___________

      Signature and full name of the Licensing Officer: _____________

      The Certificate may be amended, suspended or revoked at any time by the Civil Aviation Authority of the Republic of Kazakhstan.

      Date of issue: ____________

  Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану қағидалары
мен шарттарына
2-қосымша
  Нысан

Application for aviation personnel licence validation / Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тануға өтініш AVIATION PERSONNEL DATA / ДАННЫЕ АВИАЦИОННОГО ПЕРСОНАЛА

      Last name / Фамилия: ________________________________________________________

      First Name / Имя: ___________________________________________________________

      Country / Страна: ___________________________________________________________

      Date of birth / Дата рождения: _________________________________________________

      Employing company / Работодатель: ____________________________________________

      Passport No / № паспорта: ___________________________________________________

LICENCE DATA / ДАННЫЕ СВИДЕТЕЛЬСТВА

      Type of licence / Вид свидетельства: ____________________________________________

      Licence number / Номер свидетельства: _________________________________________

      Ratings / Квалификационные отметки: _________________________________________

      Special remarks (limitations) / Специальные отметки (ограничения): _________________

      Issued by / Место выдачи: ___________________________________________________

      Expiry Date / Срок действия: _________________________________________________

MEDICAL DECLARATION / ДАННЫЕ МЕДИЦИНСКОГО СЕРТИФИКАТА

      Type of certificate (class 1 / 2 / 3) / Класс сертификата (1 / 2 / 3): ______________________

      Latest examination date / Дата крайнего освидетельствования: ______________________

      Expiry date / Срок действия: __________________________________________________

      Limitations / Ограничения: __________________________________________________

FLIGHT EXPERIENCE / ДАННЫЕ О ЛЕТНОМ ОПЫТЕ:

      Total flight hours on A/C type requested / Общий налет на запрашиваемом типе

      воздушного судна:

      __________________________________________________________________________

      Total flight hours as pilot in command (PIC) / Общий налет в качестве КВС: ____________

      Total flight hours as first officer / Общий налет в качестве второго пилота: _____________

      Total instrument flight hours / Общий налет по приборам: __________________________

      Grand total flight hours / Общий налет часов: _____________________________________

FLIGHT CHECK DATA / ДАННЫЕ ЛЕТНОЙ ПРОВЕРКИ

      Three take-offs/landings on type during last 90 days (Y/N) / Три взлета/посадки на типе в

      течение последних 90 дней (Да/Нет): _________________________________________

      Date of the latest proficiency check / Дата крайней летной или тренажерной проверки:

      __________________________________________________________________________

      Full name of examiner / ФИО экзаменатора: _____________________________________

      Latest flight date / Дата крайнего полета: ________________________________________

D E C L A R A T I O N / З А Я В Л Е Н И Е

      I, ________________________________________________________ hereby declare that

      above supplied information is truthful and correct. I am aware that I may not exercise

      privileges other than the privileges authorized by my licence under its conditions and

      limitations, and which may be further limited by the Civil Aviation Authority of the Republic

      of Kazakhstan.

      Данным заявлением Я, _____________________________________________________

      подтверждаю, что предоставленная мной информация является достоверной.

      Я осведомлен, что не могу превышать ограничения, предписанные моим

      свидетельством либо установленные авиационными властями гражданской авиации

      Республики Казахстан.

      Date / Дата: _______________

      Signature of applicant / Подпись заявителя: _____________________________________