"Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шiлдедегi № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 шiлдеде № 36508 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6690 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану қағидалары мен шарттарында:

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) мүше болып табылатын шетел мемлекеттері берген авиациялық персонал куәліктерінің мынадай түрлері уәкілетті ұйыммен расталады:

      1) PPL жеке пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);

      2) CPL коммерциялық авиациясы пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің);

      3) MPL көпмүшелі экипаж (ұшақ) пилоттың куәлігі;

      4) ATPL желілік пилоттың куәлігі (ұшақтың, тікұшақтың, көтеру күшін арттыру жүйесі бар әуе кемесінің);

      5) FBPL еркін аэростат пилоттың куәлігі;

      6) GPL планер пилоттың куәлігі;

      7) FNL штурманының куәлігі;

      8) FEL бортинженер (бортмеханик) куәлігі;

      9) FROL бортрадист куәлігі;

      10) RPL сыртқы пилоттың куәлігі (ұшақтың, дирижабльдің, планердің, бұранда қанаттың, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің немесе еркін аэростаттың);

      11) AML әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігі;

      12) FDL ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігі;

      13) ATCL әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің куәлігі.

      6. Авиациялық персоналдың куәлігін бастапқы тану кезінде өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тануға өтініш;

      2) авиациялық персонал куәлігі иесінің жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі;

      3) авиациялық персонал куәлігінің көшірмесі (жазбалары бар барлық парақтар);

      4) тиісті кластағы медициналық сертификаттың көшірмесі (ұшқыштардың, сыртқы ұшқыштардың, ұшқыштардан ерекшеленетін ұшу экипажы мүшелерінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің куәліктері үшін);

      5) әуе кемесінің түрі бойынша сұратылған біліктілік белгісі үшін соңғы 12 айдағы ұшу немесе тренажерлік тексеру актісінің көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      6) ұшу кітапшасының соңғы үш парағының жазбалары бар көшірмелері немесе соңғы 90 күннің ұшу сағатын растайтын авиакомпанияның ұшу уақытын есепке алу жүйесінен үзінді (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      7) 6 айдан кем емес әуе кемесінің тиісті түріне техникалық қызмет көрсету тәжірибесін растай отырып, алдыңғы 24 айдағы жеке журнал (Logbook) парақтарының көшірмелері (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін);

      8) азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, әуе құқығы (air law), метеорология (meteorology), пайдалану қағидалары (operational procedures), фразеология (radiotelephony) бойынша білімін көрсету туралы құжаттың көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      9) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасы бойынша білімін көрсету туралы құжаттың көшірмесі (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің немесе ұшу диспетчерлерінің куәліктері үшін).

      7. Авиациялық персоналдың куәлігі кезекті (кейіннен) танылған кезде өтініш беруші уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тануға өтініш;

      2) авиациялық персонал куәлігінің көшірмесі (жазбалары бар барлық парақтар);

      3) тиісті кластағы медициналық сертификаттың көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың, пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері үшін);

      4) әуе кемесінің түрі бойынша сұратылған біліктілік белгісі үшін соңғы 12 айдағы ұшу немесе тренажерлік тексеру актісінің көшірмесі (пилоттардың, сыртқы пилоттардың, пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін);

      5) 6 айдан кем емес әуе кемесінің тиісті түріне техникалық қызмет көрсету тәжірибесін растай отырып, алдыңғы 12 айдағы жеке журнал (Logbook) парақтарының көшірмелері (әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін).";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті ұйым азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып, мынадай салаларда авиациялық персоналдың куәлігін тану мақсатында кандидаттың ИКАО 9379 AN/916 "Авиациялық персоналға куәлік берудің мемлекеттік жүйесін құру және осы жүйені басқару жөніндегі басшылық" құжатына сәйкес білімін көрсетуге тәртібін айқындайды:

      пилоттардың, сыртқы пилоттардың және пилоттардан басқа ұшу экипажы мүшелерінің куәліктері үшін:

      1) әуе құқығы (air law);

      2) метеорология (meteorology);

      3) пайдалану қағидалары (operational procedures);

      4) фразеология (radiotelephony);

      әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері және ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлердің немесе ұшу диспетчерлерінің куәліктері үшін:

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасы.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Орыс тілін меңгерген, бірақ ИКАО Конвенциясының 1-қосымшасының ең төменгі талаптарына сәйкес ағылшын тілін білмейтін пилот берілген Куәлікті тек Қазақстан Республикасы аумағының шегінде ғана пайдаланады.

      Орыс тілін меңгерген, бірақ ИКАО Конвенциясының 1-қосымшасының ең төменгі талаптарына сәйкес ағылшын тілін білмейтін әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері берілген куәлікті халықаралық ұшуларға қызмет көрсету үшін пайдаланбайды.

      Авиациялық персонал куәлігін берген шетел мемлекеттің растамасы ағылшын тілін меңгерудің дәлелі болып табылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Куәлікті қайтарып алғаннан кейін Куәлікті беру осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген тәртіппен қайтарып алынған сәттен бастап 12 айдан ерте емес жүргізіледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 24 шілдедегі
№ 231 бұйрығына
қосымша
Авиациялық персоналдың
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану қағидалары
мен шарттарына
1-қосымша
Нысан

Certificate of validation of aviation personnel licence issued by a foreign state Aviation Administration of Kazakhstan

      Certificate of Validation №

      First and Last name of Holder:

      Date of Birth:

      Nationality:

      Licence held:

      State of issue:

      ICAO Licence No. _____ issued on _______(dd/mm/yyyy) is hereby validated to exercise the privileges of a (an) ____________ Licence in accordance with Legislation of the Republic of Kazakhstan and subject to the following conditions:

      1. This Certificate must be always accompanied by an appropriate valid Licence, ratings and / or Medical Certificate (for appropriate personnel who must have a medical certificate, according to Annex 1 of ICAO) in accordance with the law of its State of Licence Issue.

      2. The issued Certificate is used exclusively within the Republic of Kazakhstan if the pilot can speak and understand the Russian language but is not able to speak and understand the English language in accordance with Annex 1 to the Convention.

      (The above-mentioned text is used in the Certificate of validation for flight crew members)

      The issued Certificate cannot be used to provide Air Traffic Service for international flights if an air traffic controller speak and understand the Russian language but is not able to speak and understand the English language in accordance with Annex 1 to the Convention.

      (The above-mentioned text is used in the Certificate of validation for air traffic controllers)

      The Language proficiency requirements are not applicable for aircraft maintenance personnel in accordance with Annex 1 to the Convention.

      (The above-mentioned text is used in the Certificate of validation for aircraft maintenance personnel)

      3. This Certificate is valid to act as an Air Traffic Controller with_________ rating (-s) / for operating on_________aircraft / for Maintenance on_____________ aircraft.

      4. Certificate valid from _________ until ___________

      Signature and full name of the Issuing Officer: _____________

      The Certificate may be amended, suspended or revoked at any time by the Civil Aviation Authority of the Republic of Kazakhstan.

      Date of issue: ____________