Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6690 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 55-бабының 2-тармағына сәйкес, авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы 
28 қарашадағы № 546  
бұйрығымен бекітілген 

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасына сәйкес әзірленген (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан).
      2. Осы Ереже шет мемлекеттері берген авиациялық персоналдың куәліктерін тану тәртібін және шарттарын белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының азаматына шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін немесе жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиациялық персонал куәлігін тану Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
      4. Шет мемлекеттер шетел азаматтарына берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігі төмендегі барлық шарттар сақталады деген шартпен Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арқылы танылады:
      1) үміткер Қазақстан Республикасының авиакомпаниясына жұмысқа шақырылған (шақыру қағазының көшірмесі);
      2) үміткер өзінің біліктілігі мен тәжірибесін растайтын тиісті құжаттарды ұсынады:
      азаматтық авиацияның авиациялық персоналының куәлігі (көшірмесі);
      медициналық сертификат (ұшқыштар құрамы үшін – көшірмесі);
      соңғы кезең ішінде біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы құжаттың көшірмесі;
      ұшу кітапшасынан алынған ұшу сағаттары туралы жазбалар бөлімінің соңғы үш беті (көшірмесі);
      осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес үлгідегі Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану өтініші (түпнұсқасы);
      3) үміткерде ИКАО-ға мүше шетел мемлекетінің авиациялық персоналының қолданыстағы куәлігі бар;
      4) үміткерде пилот куәлігін берген мемлекеттің Авиациялық билік орындары немесе Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы мақұлдаған медициналық орталық берген пилоттың қолданыстағы медициналық куәлігі бар.
      5. Шет мемлекеттер шетел азаматтарына берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арқылы біліктілік арттыру курсынан өту мерзімінің аяқталуына дейін, ал ұшқыштар құрамының куәлігі медициналық қорытынды әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін танылады.
      Шетел мемлекеті берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігінің жарамдылығын растау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасының талаптарына сәйкес тиісті мемлекеттің Авиациялық әкімшілігіне сұрау салу жібереді.
      6. Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігі азаматтық авиацияның авиациялық персоналының куәлігін растағаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлік береді.

2-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі

      7. Шетел мемлекеті берген азаматтық авиация авиациялық персоналының куәлігін тануды алу үшін, авиакомпания Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш және осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті құжаттарды жібереді.
      8. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган екінші мемлекеттің Авиациялық әкімшілігінен растау алған күні шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлікті береді. Авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәліксіз авиациялық персонал куәлігі жарамсыз деп есептеледі.

Авиациялық персоналдың 
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
1-қосымша      

Нысаны

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеті берген куәлігін тану өтініші

Personal Data /Персоналдың деректері:
Last Name/Тегі:...........            Given Names/Аты:............
Address/Мекенжайы:........            Date of Birth/Туған күні:...
Employing Company/Авиакомпания:.      Passport No/ төлқұжат №.....
Licence to be validated/.......       Number/ Нөмірі:.............
Валидацияға берілген авиациялық
персонал куәлігі
____________________________________________________________
Licence Data/Лицензияның деректері:
Type of Licence/Лицензия үлгісі:...
Licence Number/Лицензия нөмірі:....
Type Ratings/ Рұқсаттар:....... Limitations/Шектеулер:.....
Issued by/Берілген орны:....... Expiry Date/Қолданылу мерзімі:
____________________________________________________________
Medical Declaration/Медициналық сертификат (ұшқыштар құрамының):
Type of Certificate (Class 1/Class 2).. Latest Examination Date:..
Сертификат сыныбы (1-сынып/2-сынып)     Соңғы тексеру күні:
Expiry Date/Қолданылу мерзімі:....      Limitations/Шектеулер:...
____________________________________________________________
Flying Experience/Налет часов:
Total hours on A/C Type Requested:...   Total Night Flight Time:
әуе кеменің сұратылған үлгісіндегі
жалпы ұшу сағаттары                     Жалпы түнгі ұшу сағаттары
Total Flight Time as Pilot In Command (PIC)..
Әуе кеме командирінің жалпы дербес ұшуы
Total hours as First Officer.......
Екінші пилот ретінде жалпы ұшу
________________________________________________________
Total PIC on Multi Crew Aircraft *      Total Instrument Time:
Көп қозғалтқышты әуе кемесімен          Аспап бойынша ұшу ережесі
жалпы дербес ұшу....                    бойынша жалпы ұшу:
Total Time:.........
Жалпы ұшу:
      * (Captain on MPA + 50% Co Pilot on MPA) * (Көп қозғалтқышты әуе кеменің командирі +50% көп қозғалтқышты әуе кеменің екінші пилоты)
______________________________________________________________
Currency Data/Қолданылу мерзімі туралы деректер:   Landings within 90 days >3? (Y/N) / 90 күн ішіндегі қонулар >3? (ия/жоқ)

Latest Proficiency Check Date / Тренажерден өту күні:
..................
Name of Examiner / Нұсқаушы: ...................................
Latest Date Flown / Алдыңғы ұшу күні: ..........................

DECLARATION
ӨТІНІШ

______________________________________________________________
ditions and limitations, and which may be further limited by the Department of Civil Aviation Authority Republic of Kazakhstan.
Өзім берген ақпараттың дұрыс екендігін растаймын. Менің пилот лицензиямда жазылған немесе Қазақстан Республикасының Авиациялық билік орындары белгілеген бір де бір шектеулерден асырмауға тиіс екендігімнен хабардармын.
______________________________________________________________

      Date/Күні:.................
      Signature of Applicant/Қолы: ___________________

Авиациялық персоналдың  
шетел мемлекеттері берген 
куәліктерін тану ережесіне 
2-қосымша        

Нысаны

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тану туралы куәлік

STATE LOGO ETC
ЕЛТАҢБА

Subject: Confirmation of the validity of the:  Attn:
Субъект: Жарамдылығын растау:                       Наз.:
We confirm, that   is a holder of a valid
Біз осы куәлік иесінің әрекет ететінін растаймыз

INFORMATION FORM FOR THE VERIFICATION OF A LICENSE

ITEM

ICAO ANNEX 1

DESCRIPTION Сипаттамасы
English/loca  language (Қазақ)


1

(i)

State of license issue
Куәлік берілген (ел, қала) жер


2

(ii)

Title of license
Куәліктің атауы (ATPL, CPL etc.)


3

(iii)

Serial number of license
Куәліктің нөмірі


4

(iv)

Full name of holder (last and first)
Куәлік иесінің аты және тегі


5

(iv a)

Date of birth (dd/mm/yyyy)
Туған күні


6

(v)

Address of holder (as on license)
Куәлік иесінің мекенжайы (куәлікте жазылғандай)


7

(vi)

Nationality of holder
Ұлты


8

(viii)

Issuing Authority (conditions under which license is issued) Куәлік беруші органның атауы


9

(x)

Date of issue and validity date Куәліктің берілген күні және қолданыс мерзімі


10

(xii)

Valid Ratings held (Type/Class/Instrument and Instructor)
(түрі, сыныбы, аспапты ұшу, инструкторлық рұқсаттама)

Ratings (рейтинг разряд) Valid until
Жарамдылық мерзімі

11

(xiii)

Remarks, limitations and endorsements (e.g.: night qualification for PPL, etc; English Language Proficiency Level)
Ескертулер,шектеулер, растаулар (коммерциялық) жеке пилоттың ұшуына түнгі рұқсат; ағылшын тілінің деңгейі)


12


Past of pending enforcement action
Авиациялық оқиға орын алды ма

_   
|_|Yes
 Ия

|_|No
    жоқ

13


Medical details,
Class 1/ Class 2 (Delete as applicable) сынып деңгейі

LIMITATIONS
шектеулер
VALID UNTIL
Қолданыс мерзімі

CERTIFICATION

I, (last and first name)  certify that the details entered on the form above and on additional pages attached are true and correct. Мен (аты, тегі)
барлық жоғарыда айтылған және толтырылған деректердің растығы мен дұрыстығын растаймын

Certifying Signature and Aviation Authority stampКуәландырушы орган және штамп

Authority Куәландырушы орган:
FAX факс:              PHONE байл. телефоны:
Position лауазымы:
Signature қолы: stamp/штамп: date/берілген күні:
(dd/mm/yyyy)