Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 20 желтоқсанда № 6690 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 55-бабының 2-тармағына сәйкес, авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация
министрінің 2010 жылғы 
28 қарашадағы № 546  
бұйрығымен бекітілген 

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияның 1-қосымшасына сәйкес әзірленген (Чикаго, 1944 жылғы 7 желтоқсан).
      2. Осы Ереже шет мемлекеттері берген авиациялық персоналдың куәліктерін тану тәртібін және шарттарын белгілейді.
      3. Қазақстан Республикасының азаматына шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін немесе жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиациялық персонал куәлігін тану Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органымен жүзеге асырылады.
      4. Шетел азаматына шет мемлекеттер берген авиация персоналының куәлігін Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті орган мынадай талаптар сақталған кезде танылады:
      1) үміткер Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымына жұмысқа шақырылса (көшірмесі);
      2) үміткер мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке басын куәландыратын құжат (төлқұжат);
      азаматтық авиация персоналының авиациялық куәлігі (көшірмесі);
      медициналық қорытынды (ұшу және диспетчерлік құрам – көшірмесі);
      кейінгі кезеңде біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы құжаттардың көшірмесі (LPC/OPC skill test up grade ұшу құрамы үшін);
      ұшу кітапшасынан ұшу сағаттары туралы жазба бөлімінен соңғы үш бет (көшірмесі);
      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шет мемлекеттер берген авиация персоналының куәліктерін тануға өтініш (түпнұсқа).
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
      4-1. Қазақстан Республикасының азаматына шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі мынадай талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы болған;
      2) шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігі «Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын, сондай-ақ халықаралық ұшуды орындау кезінде авиация персоналының радиотелефон байланысында белгілі бір көлемде пайдаланылатын ағылшын тілін игеруге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 150 бұйрығымен бекітілген оқу және кәсіптік бағдарламаларға сәйкес келгенде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6872 тіркелген);
      3) әуе кемесінде оқу бойынша біліктілігі және денсаулық сақтау субъектісі немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган таныған Қазақстан Республикасы шегінен тысқары медициналық орталық берген кәсіптік жарамдылықтың медициналық қорытындысы болғанда;
      4) ұшу сағаттарының мөлшері Конвенцияға 1-қосымшаға (Авиация персоналына куәлік беру) сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарында көрсетілген ұшу уақытының минимумына тең немесе жоғары болуы тиіс;
      Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның авиация персоналы осы Қағидада көзделген талаптарды сақтаған кезде шет мемлекетте алған әуе кемесінде оқыту бойынша біліктілігін жоғалтпайды.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
      5. Шет мемлекеттер шетел азаматтарына берген азаматтық авиацияның авиациялық персоналы куәлігі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган арқылы біліктілік арттыру курсынан өту мерзімінің аяқталуына дейін, ал ұшқыштар құрамының куәлігі медициналық қорытынды әрекетінің мерзімі аяқталғанға дейін танылады.
      Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігінің жарамдылығын растау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшаның талаптарына сәйкес осы мемлекеттің Авиациялық әкімшілігіне сұрау салу жібереді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
      6. Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігі азаматтық авиацияның авиациялық персоналының куәлігін растағаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлік береді.

2-тарау. Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану тәртібі

      7. Шет мемлекет берген азаматтық авиацияның авиация персоналының куәлігін тануын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда өтініш және осы Қағиданың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тиісті құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.
      8. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган екінші мемлекеттің Авиациялық әкімшілігінен растау алған күні шетел мемлекеті берген авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәлікті береді. Авиациялық персонал куәлігін тану туралы куәліксіз авиациялық персонал куәлігі жарамсыз деп есептеледі.
      9. Шет мемлекет берген авиация персоналының куәлігін тану туралы куәлігі (сертификатты) алған Қазақстан Республикасының азаматы үшін азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6860 тіркелген) Қазақстан Республикасының авиация персоналының куәліктерін беру қағидасына сәйкес авиация персоналының куәлігін бере алады.

Авиациялық персоналдың 
шетел мемлекеттері берген
куәліктерін тану ережесіне
1-қосымша      

Нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011.12.02 № 711 (4-тармақты қараңыз) бұйрығымен.

Елтаңба
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы

Авиациялық персоналдың шетел мемлекетi берген куәлiгiн тану өтiнiшi
 

Personal Data /Персоналдың деректерi:
Last Name/Тегi:...........            Given Names/Аты:............
Address/Мекенжайы:........            Date of Birth/Туған күнi:...
Employing Company/Авиакомпания:.      Passport No/ төлқұжат №.....
Licence to be validated/.......       Number/ Нөмiрi:.............
Валидацияға берiлген авиациялық
персонал куәлiгi
Licence Data/Лицензияның деректерi:
Type of Licence/Лицензия үлгiсi:...
Licence Number/Лицензия нөмiрi:....
Type Ratings/ Рұқсаттар:....... Limitations/Шектеулер:.....
Issued by/Берiлген орны:....... Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:
Medical Declaration/Медициналық сертификат (ұшқыштар және диспечерлер құрамының):
Type of Certificate (Class 1/Class 2).. Latest Examination Date:..
Сертификат сыныбы (1-сынып/2-сынып)     Соңғы тексеру күнi:
Expiry Date/Қолданылу мерзiмi:....      Limitations/Шектеулер:...
Flying Experience/ Ұшу уақыты (ұшқыштар құрамының):
Total hours on A/C Type Requested:...   Total Night Flight Time:
әуе кеменiң сұратылған үлгiсiндегi
жалпы ұшу сағаттары                     Жалпы түнгi ұшу сағаттары
Total Flight Time as Pilot In Command (PIC)..
Әуе кеме командирiнiң жалпы дербес ұшуы
Total hours as First Officer.......
Екiншi пилот ретiнде жалпы ұшу
Total PIC on Multi Crew Aircraft *      Total Instrument Time:
Көп қозғалтқышты әуе кемесiмен          Аспап бойынша ұшу ережесi
жалпы дербес ұшу....                    бойынша жалпы ұшу:
Total Time:.........
Жалпы ұшу:
      * (Captain on MPA + 50% Co Pilot on MPA) * (Көп қозғалтқышты әуе кеменiң командирi +50% көп қозғалтқышты әуе кеменiң екiншi пилоты)
Currency Data/Қолданылу мерзiмi туралы деректер:   Landings within 90 days >3? (Y/N) / 90 күн iшiндегi қонулар >3? (ия/жоқ)
Latest Proficiency Check Date / Тренажерден өту күнi:
..................
Name of Examiner / Нұсқаушы: ...................................
Latest Date Flown / Алдыңғы ұшу күнi: ..........................

DECLARATION
ӨТIНIШ

I hereby declare that the above supplied information is truthful and correct. I am aware that I may not exercise privileges other than the privileges authorized by my licence under its conditions and limitations, and which may be further limited by the Department of Civil Aviation Authority Republic of Kazakhstan.
Өзiм берген ақпараттың дұрыс екендiгiн растаймын. Менiң лицензиямда жазылған немесе Қазақстан Республикасының Авиациялық билiк орындары белгiлеген бiр де бiр шектеулерден асырмауға тиiс екендiгiмнен хабардармын.
______________________________________________________________
      Date/Күнi:.................
      Signature of Applicant/Қолы: ___________________

Авиациялық персоналдың  
шетел мемлекеттері берген 
куәліктерін тану ережесіне 
2-қосымша        

Нысаны

Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәлігін тану туралы куәлік

STATE LOGO ETC
ЕЛТАҢБА

Subject: Confirmation of the validity of the:  Attn:
Субъект: Жарамдылығын растау:                       Наз.:
We confirm, that   is a holder of a valid
Біз осы куәлік иесінің әрекет ететінін растаймыз

INFORMATION FORM FOR THE VERIFICATION OF A LICENSE

ITEM

ICAO ANNEX 1

DESCRIPTION Сипаттамасы
English/loca  language (Қазақ)


1

(i)

State of license issue
Куәлік берілген (ел, қала) жер


2

(ii)

Title of license
Куәліктің атауы (ATPL, CPL etc.)


3

(iii)

Serial number of license
Куәліктің нөмірі


4

(iv)

Full name of holder (last and first)
Куәлік иесінің аты және тегі


5

(iv a)

Date of birth (dd/mm/yyyy)
Туған күні


6

(v)

Address of holder (as on license)
Куәлік иесінің мекенжайы (куәлікте жазылғандай)


7

(vi)

Nationality of holder
Ұлты


8

(viii)

Issuing Authority (conditions under which license is issued) Куәлік беруші органның атауы


9

(x)

Date of issue and validity date Куәліктің берілген күні және қолданыс мерзімі


10

(xii)

Valid Ratings held (Type/Class/Instrument and Instructor)
(түрі, сыныбы, аспапты ұшу, инструкторлық рұқсаттама)

Ratings (рейтинг разряд) Valid until
Жарамдылық мерзімі

11

(xiii)

Remarks, limitations and endorsements (e.g.: night qualification for PPL, etc; English Language Proficiency Level)
Ескертулер,шектеулер, растаулар (коммерциялық) жеке пилоттың ұшуына түнгі рұқсат; ағылшын тілінің деңгейі)


12


Past of pending enforcement action
Авиациялық оқиға орын алды ма

_   
|_|Yes
 Ия

|_|No
    жоқ

13


Medical details,
Class 1/ Class 2 (Delete as applicable) сынып деңгейі

LIMITATIONS
шектеулер
VALID UNTIL
Қолданыс мерзімі

CERTIFICATION

I, (last and first name)  certify that the details entered on the form above and on additional pages attached are true and correct. Мен (аты, тегі)
барлық жоғарыда айтылған және толтырылған деректердің растығы мен дұрыстығын растаймын

Certifying Signature and Aviation Authority stampКуәландырушы орган және штамп

Authority Куәландырушы орган:
FAX факс:              PHONE байл. телефоны:
Position лауазымы:
Signature қолы: stamp/штамп: date/берілген күні:
(dd/mm/yyyy)