РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Алакөл аудандық қоғамдық ономастика кеңесінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 72-04-16/1013 келісімінің негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақжар ауылдық округіне қарасты Қоңыр ауылындағы атаусыз көшелерге Бейбітшілік және Достық аты қойылсын.
2. Ақжар ауылдық округіне қарасты Майлышат ауылындағы атаусыз көшеге Ынтымақ аты қойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Ақжар ауылдық округінің заңгер жөніндегі бас маманы Дабыл Тұрысбековке жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақжар ауылдық
округ әкімі: И. Гуторов