Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 761 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6029 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      «9 480 (тоғыз мың төрт жүз сексен)» деген сандар мен сөздер «9 385,966 (тоғыз мың үш жүз сексен бес тонна тоғыз жүз алпыс алты килограмм)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      «29340 (жиырма тоғыз мың үш жүз қырық)» деген сандар мен сөздер «29 265,205 (жиырма тоғыз мың екі жүз алпыс бес тонна екі жүз бес килограмм)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтың 2) тармақшасында:
      «4000000 (терт миллион)» деген сандар мен сөздер «3 956 451,57 (үш миллион тоғыз жүз елу алты мың төрт жүз елу бір доллар елу жеті цент)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
      «4000000 (төрт миллион)» деген сандар мен сөздер «3 980 067,88 (үш миллион тоғыз жүз сексен мың алпыс жеті доллар сексен сегіз цент)» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов