"Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2002 жылғы 15 қарашадағы N 372 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 318 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5227 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы N 761 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.08.13 № 636 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 811  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізімінде N 3295 тіркелген).
      Айтылған бұйрықпен бекітілген "Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы cанитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасында "бөлімдер" деген сөз алынып тасталсын;

      6-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      айтылған санитарлық-эпидемиологиялық ережесімен нормаларына

      1-қосымшасында:
      атауында "(бөлімдерге)" деген сөз алынып тасталсын;
      "Дәріханадағы медициналық бұйымдарды сататын бөлім, м 2" деген бағана алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық бас дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Министрдің міндетін
      атқарушы                                           Ә. Нүсіпова