"Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 761 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу т

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 08-3/233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 1 маусымда № 6985 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 2, 19-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 5 қарашадағы № 1156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 554-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың 16-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 43, 492-құжат).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов