Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 24 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4238. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 452 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Тауарлардың кедендiк құнын айқындаудың резервтiк әдiсiн қолдану кезiнде пайдаланылатын ақпараттық анықтамалық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 тамыздағы N 794 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде 1-тармақтың 3) тармақшасындағы "анықтамалық" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Еуропа елдерiнiң аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Superschwacke" каталогы "Eurotaxschwacke GmbH, Германия);
      5) Еуразия экономикалық қоғамдастығының Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының 8702, 8703 тауар позицияларында жiктелетiн және Америка Құрама Штаттарының аумағынан импортталатын көлiк құралдарының кедендiк құнын айқындауға арналған "Kelley Blue Book" каталогы (Kelley Blue Book Co, АҚШ)".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі