Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 101 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5705 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.27 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қаржы ұйымдарының есептілікті ұсыну тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген), "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 бірлескен қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2854 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 29 мамырда N 138 (23774) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 164 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3706 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 415 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3988 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4848 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 5 қыркүйекте N 135 (1164) жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы N 166 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5402 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 6 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5569 тіркелген) енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесiнде :
       4-тармақтың бірінші абзацындағы "5" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;
       1-қосымшада :
      "_____________ _____________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйым туралы мәліметтер (брокердің және дилердің атауы)" деген кестеде:
      кестенің атауындағы "_____________ _____________ дейінгі кезең ішінде" деген сөздермен және символдар ""___" _________________ жағдай бойынша" деген сөздермен және символдармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4-жолда:
      "Ұйымның" деген сөз "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктің акцияларын иеленетін тұлғаларды қоспағанда, ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшаның төртінші абзацы "орналасқан орны" деген сөздерден кейін "(егер заңды тұлға оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген жағдайда, онда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 145 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5371 тіркелген) бекітілген Оффшорлық аймақтардың тізбесіне сәйкес осы оффшорлық аймақты көрсету қажет);" деген сөздермен толықтырылсын;
       3-қосымшада :
      "______________ _______________ дейінгі кезең ішінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалған, бағалы қағаздармен болатын мәмілелер туралы есеп [бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы]" деген кестеде:
      кестенің атауы "кезең ішінде" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
"

Мәміленің
күні 1



                           "

      деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"

Мәмілені жасасу күні 1



                           ";

"

Шарттың күні және нөмірі



                           "

      деген баған алынып тасталсын;
"

Орналастыру 11



                           "

      деген бағаннан кейін мынадай мазмұндағы бағанмен толықтырылсын:
"

Клиент тапсырысын тіркеудің нөмірі, күні және уақыты 12


                           ";

      Ескерту мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
      " 12 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтері есебінен) брокерлік қызмет аясында мәміле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны жөніндегі қабылдаған инвестициялық шешімінің нөмірі мен күні көрсетіледі.";
       4-қосымшада :
      "Есепті кезеңнің соңындағы номиналды ұстауда болып табылатын бағалы қағаздар туралы есеп [бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымның атауы]" деген кестеде:
      "Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы қорларының (зейнетақы активтері)" деген бағанда "зейнетақы" деген сөз "меншікті" деген сөзбен ауыстырылсын;
"

Қазақстан Республикасы инвестициялық қорларының (инвестициялық қордың активтері)

бағалы қағаздардың (дана)

бағалы қағаз ұстаушылардың





                            "

      деген баған алынып тасталсын;
       4-1-қосымшада :
      "_________бастап_________ дейінгі кезеңде (бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы) ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында Қазақстан Республикасы ұйымдарының мемлекеттік емес бағалы қағаздарымен жасасқан, орындалмаған мәмілелері туралы ЕСЕП" деген кестеде:
      кестенің атауында "Қазақстан Республикасы ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
"

Шарттың күні және нөмірі


                            "

      деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
"

Клиент тапсырысын тіркеудің нөмірі, күні және уақыты


                            ";

      "Бағалы қағаздың ұлттық бірегейлендіру нөмірі" деген бағандағы "ұлттық бірегейлендіру" деген сөздер "сәйкестендіру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Кестені толтыру бойынша түсіндірменің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. "Клиент тапсырысын тіркеудің нөмірі, күні және уақыты" деген бағанды толтырғанда, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтері есебінен) брокерлік қызмет аясында мәміле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны жөніндегі қабылдаған инвестициялық шешімінің нөмірі мен күні көрсетіледі.";
       5-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жазылсын;
      осы қаулының 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының                   
2009 жылғы 26 мамырдағы         
N 101 қаулысына 1-қосымша       

" Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
5-қосымша          

___________ ____________ дейінгі кезең ішінде
бағалы қағаздардың халықаралық нарығында
бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер
туралы есеп

(бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

N

Мәміленің жасалған күні мен уақыты 1

Мәміле бойынша есепті жүргізу күні

Клиент тапсырысын тіркеудің нөмірі, күні және уақыты 2

Мәміленің түрі 3

Нарық 4

Брокердің атауы және оның резиденттік елі 5















Жиынтығы













       кестенің жалғасы

Кастодиан-банктің атауы

Шетелдік номиналды ұстаушының атауы

Бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі

Рейтингі 6

Эмитенттің атауы және оның резиденттік елі 7

Заңнамасына сәйкес бағалы қағаздардың шығарылымы тіркелген ел



















      кестенің жалғасы

Бағалы қағаздардың саны (данасы)

Номиналды құнының валютасы/
Төлем валютасы 8

Мәмілеге кім ретінде қатысты 9

Клиент және оның резиденттік елі 10

Бір бағалы қағаздың бағасы 11

Мәміленің көлемі 11

Ескерту

шетел валютасында

теңгемен

шетел валютасында

теңгемен



















Басшы
(есепке қол қоюға           (қолы)            Тегі, аты, әкесінің аты
уәкілетті тұлға)                              (бар болса)

Бас бухгалтер               (қолы)            Тегі, аты, әкесінің аты
(есепке қол қоюға                             (бар болса)
уәкілетті тұлға)

мөр орны

Орындаушы        (қолы, телефон нөмірі)       Тегі, аты, әкесінің аты
                                              (бар болса)

      Ескерту:
      1. "Уақыты, күні, айы, жылы" форматында мәмілені жасасу күні мен уақыты көрсетіледі.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтері есебінен) брокерлік қызмет аясында мәміле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны жөніндегі қабылдаған инвестициялық шешімінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
      3. Мәміле түрі көрсетіледі (сатып алу, сату, репо).
      4. Сауда жүйесінде мәміле жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі.
      5. Клиент тапсырысын орындаған брокердің атауы көрсетіледі. Егер мәмілені бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның тапсырмасы бойынша жасасқан басқа брокер (оның ішінде шетел брокері) мәмілені орындаған жағдайда, онда осы брокер және "брокердің атауы/елі" форматында оның резиденттік елі көрсетіледі.
      6. Борыштық бағалы қағазға берілген/үлестік бағалы қағаздың рейтингі немесе үлестік бағалы қағаз эмитентінің рейтингі көрсетіледі (үлестік бағалы қағазда рейтинг болмаған жағдайда, үлестік бағалы қағаз эмитентінің рейтингі көрсетіледі). Егер борыштық бағалы қағазға/үлестік бағалы қағазға (үлестік бағалы қағаздың эмитентіне) бірнеше рейтингтік агенттіктер рейтинг берген жағдайда, онда барлық берілген рейтингтер көрсетіледі. Рейтингтер "рейтинг (рейтингтік агенттік)/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында көрсетіледі. Егер борыштық бағалы қағазда/үлестік бағалы қағазда (үлестік бағалы қағаздың эмитентінде) рейтинг болмаса, онда "жоқ" деген сөз қолданылады.
      7. "Эмитенттің атауы/елі" форматында эмитенттің және оның резиденттік елінің атауы көрсетіледі.
      8. "Валюталар мен қорларды белгілеу үшін кодтар" 07 ИСО 4217-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеліміне сәйкес валюталардың кодтары көрсетіледі. Бағалы қағаздардың номиналды құнының валютасы және осы бағалы қағаздар бойынша төлем валютасы "Номиналды құнының валютасы/Төлем валютасы" форматында көрсетіледі.
      9. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болса, "В" белгісі көрсетіледі.
      Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болса, "D" белгісі көрсетіледі.
      10. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болса, "Клиенттің коды/елі" форматында "Клиент және оның резиденттік елі" деген бағана толтырылады. Бұл ретте мәміле олардың есебінен және мүддесі бойынша жасалған брокер клиенттерінің кодтары көрсетіледі:

N

Клиент

клиенттің 5 мәнді коды

1

Заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті)

JURRZ

2

Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті)

FIZRZ

3

Заңды тұлға (резидент емес)

JURNN

4

Жеке тұлға (резидент емес)

FIZNN

5

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым/жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтері)

PFDPA

6

Жинақтаушы зейнетақы қоры (меншікті активтер)

PFDOA

7

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі

STBNK

8

Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымы

INSOR

9

Инвестициялық қор

INVFD

10

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым – меншікті активтер (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкін қоспағанда)

Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген бес мәндік код

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтері есебінен мәмілелерді жасасқанда, осы бағанды толтырмайды.
      11. Сатушыға төленген сыйақыны ескеріп, мәміле жасалғанын растайтын (брокердің есебі, S.W.I.F.T. жүйесі бойынша алынған растау, қор биржасының құжаты) бастапқы құжатта берілген баға үтірден кейінгі төрт мәнге дейінгі дәлдікпен, мәмілелердің көлемі үтірден кейінгі екі мәнге дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
      Мәміле бойынша есепті мәміле жасасу күнінде емес жүргізгенде, мәміленің бағасы мен мәміленің көлемін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есепті жүргізу күнінде белгілеген ресми бағамы бойынша теңгемен көрсету қажет. Бағалы қағазды шетел валютасымен төлегенде, мәміле валютасындағы сома көрсетілетін "шетел валютасында" деген бағана толтырылады."

Қазақстан Республикасы Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының                   
2009 жылғы 26 мамырдағы         
N 101 қаулысына 2-қосымша       

" Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне         
6-қосымша            

___________ ____________ дейінгі кезең ішінде туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы есеп

(бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

N

Мәмілені жасасу күні 1

Туынды қаржы құралының түрі 2

Нарық 3

Базалық актив және оның рейтингі 4

Контр-агент және оның рейтингі 5

Мәміленің талаптарын сипаттау

1







2







...







      кестенің жалғасы

Хеджирлеу объекті 6

Мәмілеге кім ретінде қатысты 7

Клиент тапсырысын тіркеудің нөмірі, күні және уақыты 8

Клиент және оның резиденттік елі 9

Ескерту











Басшы                        (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты
(есепке қол қоюға                             (бар болса)
уәкілетті тұлға)

Бас бухгалтер                (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты
(есепке қол қоюға                             (бар болса)
уәкілетті тұлға)

мөр орны

Орындаушы         (қолы, телефон нөмірі)      Тегі, аты, әкесінің аты
                                              (бар болса)

      Ескерту:
      1. "Күні, айы, жылы" форматында мәмілені жасасу күні көрсетіледі.
      2. Туынды қаржы құралының түрі көрсетіледі (опцион, фьючерс, форвард, своп және басқа туынды қаржы құралдары).
      3. Сауда жүйесінде мәміле жасалған қор биржасының атауы және "қор биржасының атауы/елі" форматында оның резиденттік елі не мәміле "ұйымдастырылмаған нарық" форматында қор биржасында жасалмағаны көрсетіледі.
      4. Туынды қаржы құралының базалық активі (бағалы қағаздың және эмитентінің атауы, валютасы, пайыздық ставкасы, тауар және басқа базалық активтер) және "базалық актив/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында рейтингтік агенттік берген (бар болса) базалық активінің рейтингі көрсетіледі. Егер базалық активте рейтингтер болмаған жағдайда, онда базалық актив және "базалық актив/рейтингі жоқ" форматында рейтингі жоқтығы көрсетіледі.
      5. Егер мәміле қор биржасында жасалмаса, онда контрагент, оның резиденттік елі, сондай-ақ "контрагент/елі/рейтинг (рейтингтік агенттік)" форматында осы контрагентке берілген рейтинг көрсетіледі. Егер контрагентте рейтинг болмаса, онда "контрагент/елі/рейтингі жоқ" форматында ақпарат көрсетіледі.
      6. Егер мәміле хеджирлеу мақсатымен жасалса, "иә" деген сөз және "иә/хеджирлеу объектісінің деректемелері" форматында хеджирлеу объектісінің деректемелері (бағалы қағаздың сәйкестендіру нөмірі, саны, құны, көлемі, валютасы) көрсетіледі. Егер мәміле хеджирлеу мақсатымен жасалмаса, "жоқ" деген сөз көрсетіледі.
      7. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болса, "В" белгісі көрсетіледі.
      Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым дилер ретінде болса, "D" белгісі көрсетіледі.
      8. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар инвестициялық қордың басқарушы компаниясы (инвестициялық қордың активтері есебінен) брокерлік қызмет аясында мәміле жасасқан жағдайда, инвестициялық комитеттің мәміле жасалғаны жөніндегі қабылдаған инвестициялық шешімінің нөмірі мен күні көрсетіледі.
      9. Егер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым брокер ретінде болса, "Клиенттің коды/елі" форматында "Клиент және оның резиденттік елі" деген бағана толтырылады. Бұл ретте мәміле олардың есебінен және мүддесі бойынша жасалған брокер клиенттерінің кодтары көрсетіледі:

N

Клиент

клиенттің 5 мәнді коды

1

Заңды тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті)

JURRZ

2

Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының резиденті)

FIZRZ

3

Заңды тұлға (резидент емес)

JURNN

4

Жеке тұлға (резидент емес)

FIZNN

5

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым/жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтері)

PFDPA

6

Жинақтаушы зейнетақы қоры (меншікті активтер)

PFDOA

7

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі

STBNK

8

Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымы

INSOR

9

Инвестициялық қор

INVFD

10

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйым – меншікті активтер (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымды, жинақтаушы зейнетақы қорын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкін қоспағанда)

Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген бес мәндік код

      Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорлар және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар зейнетақы активтері есебінен мәмілелерді жасасқанда, осы бағанды толтырмайды."

Қазақстан Республикасы Қаржы    
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының                   
2009 жылғы 26 мамырдағы         
N 101 қаулысына 3-қосымша        

" Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздар рыногында брокерлiк және
дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға
лицензиялары бар ұйымдардың есеп
беру ережесiне          
7-қосымша            

"___" _________________ жағдай бойынша
тапсырмасы бойынша қор биржасының сауда жүйесінде "репоны" "тікелей әдіспен" ашу операциясы жүргізілген брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны туралы есеп

(бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік
қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымның атауы)

N

Клиенттің жеке шотының нөмірі

"Тікелей" әдіспен жасалған РЕПОны ашу операцияларының сомасы, теңгемен

Брокердің шоттарындағы клиенттердің активтер қалдықтарының құны, теңгемен 1

Маржаның деңгейі, %

Брокер және дилер маржиналды мәмілелерді жасау нәтижесінде пайда болған брокер алдындағы клиенттің берешегі, теңгемен 2

1






2






...






Басшы                        (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты
(есепке қол қоюға                             (бар болса)
уәкілетті тұлға)

Бас бухгалтер                (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты
(есепке қол қоюға                             (бар болса)
уәкілетті тұлға)

мөр орны

Орындаушы         (қолы, телефон нөмірі)      Тегі, аты, әкесінің аты
                                              (бар болса)

      Ескерту:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінің 38-4-тармағына сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 317 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3870 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру ережесінің 53-тармағына сәйкес."