"Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің Ережелерін", "Көлік құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру тәртібі туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Респуб

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 13 қарашада N 424 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5372 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 90 Бұйрығымен.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне 2008 жылғы желтоқсанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кездесуі бойынша ресми іс-шараларды өткізу кезінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының әуежайына арнайы техникалар, авиациялық отын, арнайы сұйықтық сатып алуға және жөндеуге Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 268500000 (екі жүз алпыс сегіз миллион бес жүз мың) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов