Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қарашада N 8-11-48 тіркелді. Күші жойылды - Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Бұқар жырау аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 2 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің көлемі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 10.09.2014 N 6 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндеттерін атқарушы
      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков