Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қарашада № 2819 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 09.03.2021 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы", 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:

      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Мәслихат хатшысы

Ш. КУРБАНОВ

А. ЖҮНІСПЕКОВ



  Бұқар жырау аудандық
  мәслихатының 29 сессиясының
  2014 жылғы 31 қазандағы
  №5 шешіміне
  қосымша

Бұқар жырау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы № 5 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" шешімі (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 8-11-48 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 қарашадағы № 47 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған).

      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10 сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы 2 сессиясының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" №5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 8-11-68 болып тіркелген, 2009 жылғы 24 қаңтардағы № 3 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған).

      3. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28 сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 6 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы № 5 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу Тiзiлiмiнде № 2777 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қазандағы №40 "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде жарияланған).