Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қарашада N 8-11-48 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 2 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің көлемі бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2008.12.19 N 7 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндеттерін атқарушы
      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков