Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қарашада N 8-11-48 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Репсубликасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 1026 теңге сомасында әлеуметтік көмектің көлемі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасының
      міндеттерін атқарушы
      Мәслихат хатшысы                           А. Жүніспеков