Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы № 5 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 28 сессиясының № 6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 2777 болып тіркелді. Күші жойылды - Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Бұқар жырау аудандық мәслихатының 31.10.2014 № 5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы", 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудындық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2007 жылғы 22 қазандағы № 5 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмектің көлемін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8-11-48 болып тіркелген, 2007 жылғы 24 қарашадағы № 47 "Сарыарқа" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 2 айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік көмектің көлемі бекітілсін.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық
      мәслихат хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы                     Ш. Курбанов