Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 225-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4965 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 135 бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы сатып алынуының маңызды стратегиялық мәні бар Қазақстан Республикасында "электрондық үкіметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасының спутниктік сегментін құру бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде»"KazSat" байланыс және хабар тарату қазақстандық спутнигінде жиілік ресурсын беру жөнінде қызметтер көрсетуші болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 30186000   (отыз миллион бір жүз сексен алты мың) теңге сомасында мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі