"Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 27 қыркүйектегі 1223-ө және "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6456 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 35-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.02.2014 № 35-ө бұйрығымен.

      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жағдай тудыратын нормаларды болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4963 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2007 ж., қыркүйек-қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу Ережесінде:
      10-тармақтың бірінші абзацында «үш күн» сөздері «үш жұмыс күні» сөздерімен ауыстырылсын;
      2) <*>
      Ескерту. 2) тармақшаның күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.03.30 № 134 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3) тармақшада «уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер алып тасталсын;
      13-тармақта:
      1) тармақшадағы «оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы «Орталыққа орналасқан оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін» деген сөздер «өтініш берушілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы «оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін Орталыққа келу» деген сөздер «өтініш берушілердің Орталықта болуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Өтініш берушілер Орталықта болу тәртібін бұзған жағдайда, Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталықта болу мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы ұсыныс береді.»;
      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Шешім оралман отбасына немесе оның жеке отбасы мүшесіне қатысты шығарылады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы оларға бейімдеу қызметтерін алғанға дейін, бірақ қоныстанған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.»;
      мемлекеттік тілдегі мәтіннің 4-тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықтан шығу тәртібі»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері берілген орынжайды бейімдеу қызметтері аяқталған күннен және орынжайды босату туралы Орталық әкімшілігінен хабарлама алған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей босатады.»;
      1-қосымшада:
      орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      төмендегі сол жақ бұрышындағы:
      «басқармасының бастығы» деген сөздер «департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қаласы» сөзі «республикалық маңызы бар қала, астана» сөздерімен ауыстырылсын;
      2-қосымшада:
      орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      «басқармасының бастығына» деген сөздер «департаментінің директорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қаласы» сөзі «республикалық маңызы бар қала, астана» сөздерімен ауыстырылсын;
      3-қосымшада:
      орыс тіліндегі мәтіннің жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
      «бейімдеу қызметтерін көрсету» деген сөздер алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                               Т. Дүйсенова