27.09.2007

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

      Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.03.30 № 134 (ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының  34-бабының 8 тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасына жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрінің м.а.           
2007 жылғы 27 қыркүйектегі      
N 225-ө бұйрығымен          
бекітілген              

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта уақытша болу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган – халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органы;
      2) орталық – Қазақстан Республикасының аумағында оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
      3) жолдама – уәкілетті орган беретін және оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне Орталыққа орналасу құқығын беретін белгіленген нысандағы құжат;
      4) өтініш беруші – Орталыққа орналасу мақсатында уәкілетті органға өтініш беретін оралман және оның отбасы мүшелері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  2. Өтініш беру тәртібі

      3. Уәкілетті органның жолдамасы ( 1-қосымша ) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа орналасуы үшін өтініш берушінің өтініші негізінде ( 2 қосымша ) негіз болып табылады.

      4. Орталыққа орналасу туралы өтініш оралман мәртебесін алғаннан кейін беріледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      5. Өтініш оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі ( 3-қосымша ).

      6. Ескерту. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      7. Уәкілетті орган өтінішті өтініш берілген күні қарайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      8. Орын болмаған жағдайда, өтініш берушінің тіркеу журналындағы кезектілік тәртібі бойынша уәкілетті орган өтініш берушіні резервке алады.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      9. Орталықта орын босаған кезде уәкілетті орган резервке сәйкес кезектілік тәртібімен келесі өтініш берушіге жолдама береді.

      10. Жолдама алған кезде өтініш беруші Орталыққа қолына жолдама алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде орналасады.
      Көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда өтініш беруші орналасу құқығын жоғалтады.
      Бұл ретте оның орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болу тәртібі мен уақыты

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      11. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы өтемсіз негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      12. Орталықта Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Орталықтың тұрғын үй мен қосалқы үй-жайларын және өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін төсек пен өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
      2) Орталық басшысына Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша арыз, қолдаухат және өзге де өтініш береді;
      3) Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;
      4) бейімдеу қызметін алады;
      5) өз кінәсі бойынша Орталыққа келтірілген материалдық нұқсанға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Орталық:
      1) тұру үшін берілген үй-жайды санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес ұстайды;
      2) өтініш берушілерді қажетті төсектік керек-жарақтармен, олардың уақытылы ауысымын қамтамасыз етеді;
      3) өтініш берушілердің Орталықта болуы тәртібіне қатысты ішкі актілермен таныстырады;
      4) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне   бейімдеу қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      14. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.

      15. Өтініш берушілер Орталықта болу тәртібін бұзған жағдайда, Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталықта болу мерзімін уақытынан бұрын тоқтату туралы ұсыныс береді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      16. Шешім оралман отбасына немесе оның жеке отбасы мүшесіне қатысты шығарылады.
      Шешім оралман отбасына немесе отбасы мүшесіне шығарылады.
      Шешім уәкілетті органның тиісті актімен ресімделеді, оған бірінші басшы немесе оны алмастырушы адам қол қояды.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      17. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта болуы оларға бейімдеу қызметтерін алғанға дейін, бірақ қоныстанған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  4. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықтан шығу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      18. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері берілген орынжайды бейімдеу қызметтері аяқталған күннен және орынжайды босату туралы Орталық әкімшілігінен хабарлама алған күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей босатады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Оралмандар мен олардың отбасы     
мүшелерінің оралмандарды бейімдеу   
және кіріктіру орталығында уақытша  
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін 
көрсету Ережесіне 1-қосымша     

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

ЖОЛДАМА

      Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру, әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналасу үшін:
____________________________________________________________________
             (Үміткердің аты-жөні, туған күні)
Отбасы мүшелері:
1. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
2. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
3. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
4. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
5. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
6. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)

__________облысы (республикалық маңызы бар қала, астана)
бойынша Көші-қон комитеті
департаментінің директоры                        /__________/
      Ескерту. Төменгі сол жақ бұрышқа өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                                  Оралмандар мен олардың отбасы
                                 мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
                                және кіріктіру орталығында уақытша
                             болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
                                    көрсету Ережесіне 2-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                                   __________облысы (республикалық
                                       маңызы бар қала, астана)
                                      бойынша Көші-қон комитеті
                                       департаментінің директорына
                                        _________________________
                                          (үміткердің аты-жөні)

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

                               Өтініш

      Сізден мені және менің саны "____" адамнан тұратын отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына уақытша орналастыруыңызды сұраймын

     _____________                  ______________
       (Күні)                             (қолы)

                                   Оралмандар мен олардың отбасы
                                 мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
                                және кіріктіру орталығында уақытша
                              болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
                                    көрсету Ережесіне 3-қосымша

      Ескерту. Жоғарғы оң жақ бұрыштың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

         Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі
                оларға орталығындағы тіркеу
                          ЖУРНАЛЫ

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрдің м.а. 2010.08.12 № 275-ө (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

N р/с

Өтініш берушінің
аты-жөні

Туған жері және күні

Шығу елі

Жолдаманың нөмірі және берілген күні

                                              ________басталды
                                              ________бітті


Дата вступления в силу:  10.10.2007
Дата изменения акта:  30.03.2011
Дата принятия акта:  27.09.2007
Информация об официальном опубликовании акта:  Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы қыркүйек-қазан.
Место принятия:  100051000000
Орган, принявший акт:  103016000000
Регион действия:  100000000000
Регистрационный номер акта в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан:  35290
Регистрационный номер НПА, присвоенный нормотворческим органом:  225
Статус акта:  yts
Сфера правоотношений:  001002004000
Форма акта:  ПРИК
Юридическая сила:  1500
Язык акта:  kaz