Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылы 30 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 сәуірде № 6909 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 582 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2011.11.04 № 582 (алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 8-тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4965 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған);
      2) «Өздерін оралман деп тануға ұсынған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің Уақытша орналастыру орталығында болу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 223-б және «Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 225-б бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 12 тамыздағы № 275-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6456 болып тіркелген) 1-тармағы 2-тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (Х.Е. Досқалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (Х.Е. Досқалиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   С. Баймағанбетов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2011 жылғы 30 наурыздағы
№ 135 бұйрығымен бекітілген

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу
қызметтерін көрсету ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында (бұдан әрі - Орталық) болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетудің осы ережесі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 8-тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібін белгілейді.
      2. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жолдама - уәкілетті орган беретін және оралманға және оның отбасы мүшелеріне орталыққа орналасу құқығын беретін құжат;
      2) орталық – (бұдан әрі- Орталық) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
      3) өтініш иесі - Орталыққа орналасу мақсатында уәкілетті органға өтініш білдіретін оралман және оның отбасы мүшелері.
      4) уәкілетті орган - Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы.

2. Өтініш беру тәртібі

      3. Өтініш иесі өтінішінің нысандағы негізінде уәкілетті орган беретін жолдама осы Ережедегі 1-қосымшаға сәйкес өтініш білдірушілерді Орталыққа орналастыру үшін негіз болып табылады.
      4. Жолдама өтініш білдірушінің осы Ережедегі нысан 2-қосымшаға сәйкес беріледі.
      5. Өтініш оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналына (бұдан әрі – журнал) нысанға осы Ережедегі 3-қосымшаға сәйкес тіркеледі.
      6. Орталықта бос төсек-орынның болмауына байланысты өтініштерді қабылдаудан және оларды тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
      7. Өтінішті уәкілетті орган оны берген күні қарауы тиіс.
      8. Бос төсек-орындар болмаған жағдайда өтініш білдіруші уәкілетті орган қалыптастыратын журналда резервке тіркелетін өтініш беру кезектілігінің тәртібімен қабылданады.
      9. Орталықта төсек-орын босаған кезде уәкілетті орган Орталыққа орналастыру кезектілік тәртібімен өтініш иесіне (өтініш иелеріне) жолдама береді.
      10. Жолдама алған кезде оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Орталыққа үш күнтізбелік күн ішінде орналасады. Егер өтініш білдірушілердің кінәсінен көрсетілген мерзімді сақтамаған жағдайда, ол орналасу құқығын жоғалтады, бірақ бұл ретте оның Орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.

3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталықта
болуы мен уақыты

      11. Өтініш білдірушілердің Орталықта болуы бюджеттік заңнамаға сәйкес республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді қаржыландыру есебінен және егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. Орталықта оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Орталықтың тұрғын үй мен қосалқы үй-жайларын, төсек және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
      2) Орталыққа орналасу және болу мәселелері бойынша Орталық басшылығына арыздар, қолдаухаттар және өзге де өтініштер береді;
      3) ішкі тәртіп ережелерімен танысады және оларды сақтайды;
      4) бейімдеу қызметтерін алады.
      13. Орталық:
      1) тұру үшін берілетін үй-жайларды санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормаларға сәйкес ұстайды;
      2) өтініш білдірушілерді төсек керек-жарақтарымен, олардың уақтылы ауыстырумен қамтамасыз етеді;
      3) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу қызметтерін көрсетеді.
      14. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.
      15. Өтініш білдірушілер Орталықта болу тәртібін бұзған жағдайда Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен өтініш білдіреді.
      16. Уәкілетті орган өтініш білдірушілердің Орталықта болуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысының негізділігіне тексеріс жүргізеді және оларды Орталықта қалдыру не болмаса шығару туралы шешімді бір жұмыс күн ішінде шығарады.
      17. Өтініш білдірушілердің Орталықта болуы олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін кейін жүзеге асырылады.
      18. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін оларға ұсынылған үй-жайды олар Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей босатады.

Оралмандар мен олардың отбасы  
мүшелерінің оралмандарды    
бейімдеу және кіріктіру орталығында
болу және оларға бейімдеу   
қызметтерін көрсету      
ережесіне 1-қосымша      

Нысан             

ЖОЛДАМА

_____________________________________________________________________
                       (Үміткердің Т.А.Ә., туған күнi)
Отбасы мүшелерi:
1. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
2. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
3. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күні, туыстық дәрежесi)
4. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
5. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)
6. __________________________________________________________________
         (Т.А.Ә., туған күнi, туыстық дәрежесi)

      Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру, оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналастыру үшін жолданады:

      __________ облысы (қаласы)
      Ішкі істер департаменті
      Көшi – қон полициясы басқармасының бастығы
      /__________/                                ___________________
                                                   (берілген мерзімі)

Оралмандар мен олардың отбасы  
мүшелерінің оралмандарды   
бейімдеу және кіріктіру орталығында
болу және оларға бейімдеу   
қызметтерін көрсету      
ережесіне 2-қосымша      

Нысан            

__________________________ облысы / қаласы
Ішкі істер департаменті                  
Көші-қон полициясы басқармасының бастығына
__________________________________________
(үміткердің Т.А.Ә)        

Өтiнiш

      Cізден мені және саны «_____» адамнан тұратын менің отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру, оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналастыруыңызды сұраймын.

      ______________                               __________________
         (күнi)                                          (қолы)

Оралмандар мен олардың отбасы  
мүшелерінің оралмандарды   
бейімдеу және кіріктіру орталығында
болу және оларға бейімдеу   
қызметтерін көрсету      
ережесіне 3-қосымша       

      Нысан              

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін Уақытша
орналастыру орталығындағы тiркеу ЖУРНАЛЫ

N р/с

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.

Туған жерi және күнi

Шыққан елi

Жолдаманың нөмiрi және берiлген күнi

      ________ басталды
      ________ аяқталды