Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына өзгерістер мен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 5 маусымдағы N 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 10 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 4286. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.31 № 3 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.28 № 361 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 26 шiлдедегi N 1010  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 28, 354-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу ережесiнде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының азаматына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына рұқсат беруден уақытша бас тартылуы мүмкiн.";

      8-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Аумақтық iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарда Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығудан бас тарту негiздерiнiң жоқтығына тексеру жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға шығу туралы өтiнiш бiлдiрген азаматтарға қатысты iшкi iстер органдарының сұрау салуларын мүдделi мемлекеттiк органдар он күн мерзiмде қарайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі