«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4126 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті бір апта мерзімінде белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы
өртке қарсы қызмет генерал-майоры С.Ғ. Әубәкіровке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко