Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4033. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына және Парламент Сенаты Регламентінің 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламенті мынадай мазмұндағы 81-1, 81-2 және 81-3-тармақтармен толықтырылсын:

"Әлеуметтік-экономикалық блок министрлері қызметтеріне
кандидатураларды алдын ала талқылау

      81-1. Премьер-Министрдің әлеуметтік-экономикалық блок министрінің кандидатурасы жөніндегі ұсынымын Сенаттың тиісті бейіндік комитеті өзінің отырысында қарайды.
      81-2. Әлеуметтік-экономикалық блок министрі қызметіне кандидатура жөніндегі ұсыным Парламент Сенатына жазбаша нысанда енгізіледі.
      81-3. Мәселені комитет отырысында қараған кезде кандидатураны қызметке Премьер-Министр немесе ол уәкілдік берген лауазымды адам ұсынады.
      Ұсынылған кандидатура жөнінде комитеттің қорытындысы қабылданады, ол Премьер-Министрге жіберіледі.".

      Қазақстан Республикасы
      Парламенті Сенатының
      Төрағасы