"Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 160 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5200 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  270 және  379-баптарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. " Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 24 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 25 қаңтарда N 4033 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 наурызда N 47-48 (854) жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік кіріс ордерін толтыру мен есебін жүргізу ережесінде:
      14-тармағында:
      жетпіс бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Тауар коды төмендегі шарттар орындалған кезде:
      егер жиынтық кеден төлемін төлеу ерекшелік ставкасы бойынша жүргізілсе;
      егер Қазақстан Республикасында сәйкестігін міндетті растауға жататындарды және 0402, 0405, 0406, 0901, 0902, 0903, 0905, 0906, 0907, 0908, 0909, 0910, 1001, 1002, 1003, 1004, 1005, 1006, 1007, 1008, 1102, 1103, 1104, 1105, 1107, 1108, 1211, 1501, 1502, 1507, 1508, 1509, 1510, 1511, 1512, 1513, 1514, 1515, 1516, 1517, 1601, 1602, 1603, 1604, 1701, 1702, 1704, 1805, 1806, 1904, 1905, 2001, 2002, 2004, 2005, 2006, 2007, 2008, 2009, 2101, 2102, 2103, 2104, 2105, 2501, 2517, 2523, 2524, 3205, 3208, 3209, 3210, 3211, 3303, 3305, 3306, 3503, 3506, 3605, 4014, 4410, 4814, 5007, 5111, 5112, 5113, 5208, 5209, 5210, 5211, 5212, 5309, 5407, 5408, 5512, 5513, 5514, 5515, 5516, 5802, 5904, 5905, 6103, 6104, 6105, 6106, 6107, 6108, 6109, 6110, 6112, 6113, 6115, 6203, 6204, 6205, 6206, 6207, 6208, 6209, 6210, 6211, 6212, 6302, 6401, 6402, 6403, 6404, 6405, 6806, 6807, 6810 тауар позицияларында СЭҚ ТН-ге сәйкес жіктелетіндерді қоспағанда тауарларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаса, СЭҚ ТН тауар позициясының деңгейінде көрсетіледі.
      Бұл ретте шығу елі белгісіз не бір елден шығарылатын, бір тауар позициясында жіктелген тауарлар бір тауар ретінде декларациялануы мүмкін.
      Барлық қалған жағдайларда тауардың коды СЭҚ ТН тауарлық кіші қосалқы позицияның деңгейінде көрсетіледі.";
      тоқсан екінші абзацтағы ", сондай-ақ кеденнің ұлттық валютадағы есеп шотының нөмірі, СТН және ол ашылған банктің атауы" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Ж. Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                      Б. Жәмішев