Теңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 280-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3866. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 2013 жылғы 31 шілдедегі № 241-НҚ бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет  кодексіне  және "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 2 желтоқсандағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 1354  қаулысына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бойынша:
      көрсетілген қаулыға  401-қосымшада :
      6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
      реттік нөмірі 4-жолдағы "екі залға конференц-жүйесін сатып алу және орнату" деген сөздер "бір залға конференц-жүйесін сатып алу және орнату; саны 4 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-жолдағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "Президентінің," деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі