Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті (Г.Қ. Ыбыраева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, "Көліктік сервис орталығы", "Казвторчермет", "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы", "Астана халықаралық әуежайы", "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамдарының, "Батыс транзит XXI ғасыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Резерв" және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Алдабергенов |
КЕЛІСІЛГЕН: | |
Қазақстан Республикасы | |
Көлік және коммуникация | |
министрінің міндетін | |
атқарушы | |
________Д.Көтербеков | |
2010 жылғы 24 қыркүйек |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 24 қыркүйек N 279-НҚ бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 240-НҚ бұйрығымен (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 239-НҚ (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 241-НҚ (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4) "Магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 384-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 (976) жарияланған):
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "маусымға" деген сөз "мамырға" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз порттарының қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу ережесінде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Субъект уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде ХҚЕС-қа сәйкес жасалған аудиттелген қаржылық есептілікті ұсынады.".
5) күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының м.а. 31.07.2013 № 238-НҚ (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.