Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының пайдалану кәсiпорындарында, жөндеу зауыттарында, жаттығу-ұшу ұйымдарында, ұшу-сынақ бөлiмшелерiнде авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету кезiндегi еңбек қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитария жөнiндегi

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 қарашадағы N 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3224. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Гарвард университетiнiң Халықаралық даму орталығы "Макроэкономикалық саясатты талдау және Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының мақсаттарын ескере отырып, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу" тақырыбына арналған зерттеу жүргiзу бойынша сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар қызметтердi берушi болып белгiленсiн.

      2. "Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер орталығы" акционерлiк қоғамына:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес зерттеу жүргiзу бойынша қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі