Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігінің ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2002 жылғы 31 қазандағы N 770-ю бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2080. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 442 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 5 маусымдағы N 889 Жарлығын іске асыру және қазақстан астығын теңіз жолымен экспортқа шығаруды ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Маңғыстау облысының әкімі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп бір апта мерзімде "Ақтау теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының оған тиесілі жерден алаңы 2 (екі) гектардан кем емес жер учаскесін
пайдалану құқығын астық терминалын салу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамына беруін қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С.Есімовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі