Қазақстан Республикасындағы электр энергиясы мен қуаттары көтерме рыногын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералдық ресурстар министрінің 2001 жылғы 12 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 1366. Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 197 (V043086) бұйрығымен.

      1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 3-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болып қалған қызметкерлер, мүгедектердің өздері еңбек қатынастарында тұратын (тұрған) және сол уақытта еңбекте мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан жағдайда, жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүріп-тұру құралдарымен, протез-ортопедия бұйымдарымен, медициналық және әлеуметтік-еңбектік оңалтудың басқа да түрлерімен қамтамасыз етіледі. Осы міндеттемелерді орындаудан жалтарған жағдайда жұмыс беруші мүгедектердің немесе әлеуметтік қамсыздандыру органдарының талабы бойынша мүгедектің пайдасына сот

тәртібімен жауапты болады. Мүгедектердің Қазақстан Республикасының 
заңдарына сәйкес еңбекке орналасу құқығы да сақталады.";
     2) 46-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
     3) 47-бапта:
     "одақтық," деген сөз алып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
     "Сурдо-тифлотехника құралдарымен қамтамасыз ету мемлекеттік тапсырыс 
шеңберінде республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.".
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.