Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2883. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 325 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008.06.05  N 325  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Барлық деңгейдегi бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерiн әзiрлеу, басып шығару және кейiннен оларды қолдану процестерiн үйлестiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған бiлiм беру ұйымдары үшiн оқу әдебиеттерiн дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Орта бiлiм департаментi (С.Б.Есбосынова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсiн.

      Министр

"Білім беру ұйымдары үшін оқу  
әдебиеттерін дайындау мен басып 
шығаруды ұйымдастыру жөніндегі 
нұсқаулықты бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2004 жылғы 24 мамырдағы     
N 454 бұйрығымен бекітілген   

  Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін, оның ішінде электронды оқулықтарды дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  30-бабына сәйкес әзірленген және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу, басып шығару процесін үйлестіруге бағытталған.

      2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап
      оқу-әдістемелік кешен - оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматиялар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиет және басқалар);
      оқу әдебиеті - оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен жиынтығы;
      оқу әдебиеттерінің макеті - оқу әдебиеттерінің алдын ала жасалған макеті;
      оқу әдебиетінің мониторингі - білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерін пайдалану туралы ақпараттарды өңдеуді, жинауды ұйымдастыру нысаны;
      оқу әдебиеттерін әзірлеуші - оқу әдебиеттерін әзірлейтін жеке немесе заңды тұлға.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы  N 44 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрықтарымен .

      2-1. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
       Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

  2. Оқу әдебиеттерін әзірлеу және басып шығару

      3. Оқу әдебиеттерін әзірлеуші білім беру саласындағы оқу әдебиеттерінің макеттерін, ғылымның тиісті саласына сәйкес ғылым дәрежесі бар мамандардан 3 пікір (жыл сайын 30 желтоқсанға дейін) ұсынады.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      4. Оқу әдебиеттерін әзірлеумен байланысты барлық шығыстарға әзірлеуші жауап береді.

      5. Республикалық бюджеттің есебінен оқу әдебиеттерін әзірлеу кезіндегі міндетті шарттардың бірі орталық атқарушы орган үшін ерекше құқықтарды сақтау болып табылады.

      6. Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу орталық атқарушы орган бекіткен мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      7. <*>
       Ескерту: 7-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      8. Орталық атқарушы орган ұсынылған оқу әдебиеттерінің макеттерін сарапшылардың қарауына жібереді. Сарапшылардың оқу әдебиеттерінің макеттерін қарау мерзімі келіп түскен күннен кейін үш айдан аспауы керек.

      9. Оқу әдебиеттерінің сараптамасы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

      10. <*>
       Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      11. Орталық атқарушы орган сараптама нәтижелері бойынша оқу әдебиетіне»"Жіберілген»(ұсынылған)" деген гриф береді және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінде пайдалануға жіберілген оқу әдебиеттерінің тізбесін бекітеді.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      12. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың тізбесі оқу орындарының оқу әдебиеттерін таңдау мүмкіндігін қарастырады (бір пәннен 5-тен аспайтын оқулық және оқу-әдістемелік кешен).
       Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44   бұйрығымен .

      13. Сараптаманың теріс қорытындысын алған оқу әдебиеті қайта қаралмайды.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      14. Оқу әдебиетінің сапасын анықтау мақсатында білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерінің қолдану мониторингісін Оқулық»республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
       Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі  N 380   бұйрығымен .

      15. Әзірлеуші оқу әдебиетті білім беру ұйымдарының сараптамасы нәтижесіне сүйене отырып толықтырылады.

      16. Білім беру ұйымдарына қолдануға арналған оқу әдебиеті әзірлеушінің есебінен басылып шығарылады.

      17. Осы нұсқаулықтың 5-тармағында көзделген тәртіппен әзірленген оқу әдебиеті республикалық бюджет қаражаты есебінен сынама тиражбен басылып шығады.