"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4080. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 325 Бұйрығымен

Республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс    

      Стратегиялық маңызы бар салалардағы экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру, мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - "Самұрық" холдингі" АҚ) құрсын; см.U080669
      2) екі апта мерзімде:
      "Самұрық" холдингі" АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекітуді;
      акцияларының мемлекеттік пакеттері "Самұрық" холдингі" АҚ-тың жарғылық капиталына берілетін ұлттық компаниялар мен басқа да акционерлік қоғамдардың тізбесін бекітуді;
      3) бір ай мерзімде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
      4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті