"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу турал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 8 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4333. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 маусымдағы N 325 Бұйрығымен

      ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" 2001 жылғы 5 шiлдедегi N 648 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2001 ж., N 27, 331-құжат; N 39, 397-құжат):

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Қазақстан Республикасы Президентiнiн жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы ", Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясына қатысты емес" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2008.11.28 N 698 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Жарлығымен).

      2. Осы Жарлық 2006 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
            Президентi