Қазақстан Республикасының ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 677 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2524. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының "Денсаулық жүйесі туралы" Заңын іске асыру және ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) ауылдық медицина ұйымдарының: емхананың, фельдшерлік-акушерлік пункттің, фельдшерлік пункттің, ауылдық немесе отбасылық дәрігерлік амбулаторияның қызметі туралы ереже;
      2) ауылдық медицина ұйымдары үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең аз нормативі бекітілсін.
      2. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша):
      1) ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсететін медициналық ұйымдардың қалыптасқан желісі мен құрылымын сақтауды және Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына және "Ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 472 қаулысына сәйкес олардың дамуын қамтамасыз етуді ұсынсын;
      2) 2003-2004 жылдары ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен ауылдық учаскелік ауруханаларды, ал 2004 жылы аудандық емханалар мен диспансерлерді мемлекеттік мекемелер мәртебесіне ауыстыру мүмкіндігін қарастырсын;
      3) БМСК жалпы практикалық/отбасылық медицина дәрігерлері және қызметкерлерін үздіксіз оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
      4) 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін халық денсаулығы паспортының электрондық базасын жасасын;
      5) осы бұйрықтың 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ауылдық медицина ұйымдарын медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөліктермен жарақтандыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

      Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау      
министрлігінің       
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 677 бұйрығымен      
бекітілген         

Ауылдық медицина ұйымдарының: емхананың, фельдшерлік-акушерлік пункттің, фельдшерлік пункттің,
ауылдық немесе отбасылық дәрігерлік амбулаторияның
қызметі туралы ереже

      1. Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің ауылдық медицина ұйымдарына: орталық аудандық аурухананың (аудандық аурухананың) емханасы (амбулатория), ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, фельдшерлік пункт жатады.

      2. Орталық аудандық аурухананың (бұдан әрі - ОАА), аудандық аурухананың (бұдан әрі - АА) жеке ұйым немесе құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - емхана) болып табылады. Емхананың құрылымы "Ауылдық аумақтың емханасының шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы" деген осы Ережеге қосымшада көзделген бөлімшелерден тұрады.
      Емхананың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ереже ОАА (АА) меңгерушісі немесе бас дәрігері әзірлейді және бекітеді.

      3. Емхананың негізгі міндеттері:
      1) аудан орталығының халқын және тіркелген аудан халқын білікті амбулаториялық-емханалық жәрдеммен қамтамасыз ету;
      2) ауданның амбулаториялық-емханалық бөлімшесінің қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық ету және бақылау;
      3) аудан кәсіпорындарда, мекемелерінде және ұйымдарында жұмыс істейтін халықтың, уақытша еңбекке жарамдылығынан айырылған және мүгедек адамдардың жалпы және балалар аурушаңдығының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шараларды жоспарлау және өткізу;
      4) ауданның барлық амбулаториялық-емханалық ұйымдарының жұмыстарының практикасына аурудың алдын алу мен емдеудің осы заманғы әдістерін, амбулаториялық-емханалық жәрдемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін дер кезінде және кеңінен енгізу;
      5) отбасын жоспарлау жөніндегі мәселелерді шешу болып табылады.

      4. Емхана көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      1) жіті және аяқ астынан болған аурулар, жарақаттар, улану және өзге де бақытсыз жағдайлар кезіндегі науқастарға бастапқы және жедел медициналық көмек көрсетуді;
      2) бекітіліп берілген халыққа, оның ішінде қосып берілген учаскелерге, емхананың (амбулаторияның) амбулаториялық қабылдауындағыдай денсаулық жағдайына және аурудың сипатына байланысты емханаға келе алмайтын, төсек тәртібін сақтау, дәрігердің жүйелі бақылауында немесе ауруханаға жатқызу туралы мәселені шешуді қажет ететін науқастарға үйде дәрігерлік көмек көрсету кезінде де дер кезіндегі және білікті дәрігерлік көмек көрсетуді;
      3) ауданның емдеу-алдын алу ұйымдарынан жіберілген науқастарды консультативтік қабылдауды;
      4) емханаға (амбулаторияға) өтініш берген науқастар мен дені саулардың ауруын ерте анықтау, білікті және толық мөлшерде тексеру;
      5) адамдарды дер кезінде ауруханаға жатқызуды;
      6) науқастарды қалпына келтіре емдеуді; V032601
      7) алдын алу тексерулерінің барлық түрлерін; P060856
      8) халықты диспансерлеу, оның ішінде: олардың денсаулық жағдайына динамикалық бақылауға және иммундауға жататын адамдарды іріктеу;
      9) жасөспірімдердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды; V032566
      10) тиісті аумақтарда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы іс-шараларды;
      11) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптауды ;
      12) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына тұрақты еңбекке жарамдылығынан айырылған адамдарды жіберуді;
      13) қызмет көрсетіліп отырған халықтың, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын жүргізу жөніндегі санитарлық-ағарту жұмыстарын, алдын алуды, олардың гигиеналық тәрбиесін ұйымдастырады және өткізеді.

      5. Емхана:
      1) науқастарға консультация беру және осы ұйымдардың дәрігерлеріне практикалық көмек көрсету үшін дәрігерлердің баруын;
      2) халыққа емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру, дәрігерлік-еңбектік сараптау, стационарлар мен тиісті емдеу-алдын алу ұйымдарының мәселесі жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты;
      3) ауданның амбулаториялық-емханалық ұйымдардың (бөлімшелердің) дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды;
      4) отбасын жоспарлау жөніндегі консультативтік қызметтерді жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысады.

      6. Емханаға басшылықты орталық аудандық аурухананың бас дәрігерінің амбулаториялық-емханалық бөлімінің жұмысы жөніндегі орынбасары немесе емхананың бас дәрігері (меңгерушісі) жүзеге асырады.

      7. Емхана Қазақстан Республикасының Конституциясына , денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, Жарғыға және осы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      8. Емхана интерн-дәрігерлерді даярлау, медицина колледждері (училищелері) оқушыларының өндірістік практикасын және медицина жоғары оқу орындары студенттерінің жазғы өндірістік практикасын өткізу базасы болуы мүмкін.

      9. Емхана белгіленген тәртіппен өз қызметінің есебін жасайды және ұсынады, медициналық құжаттарды жүргізеді.

      10. Өз бетінше жұмыс істейтін емхана белгіленген тәртіппен мөрді және мөртабанды пайдаланады.

      11. Осы ереже аудандық орталық аурухана болмаған жағдайда ауылдық әкімшілік ауданда ұйымдастырылатын аудандық орталық емханаларға таратылады.

      12. Белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін ауылдық елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік пункт ауылдық дәрігерлік амбулаторияның немесе ауылдық учаскелік аурухананың амбулаториялық-емханалық бөлімшесі болып табылады.

      13. Фельдшерлік-акушерлік пунктке:
      1) халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
      2) дәрігердің тағайындауларын дер кезінде және толық көлемде орындау;
      3) балалар мен жүкті әйелдерді емдеуді, бекітіліп берілген ауыл халқының, Отан соғысы мүгедектерінің денсаулық жағдайын жүйелі бақылау;
      4) дәрігердің басшылығымен аурушаңдықты, алдымен бұрын жұқпалы және паразиттік аурулардың, ауылшаруашылығы және тұрмыстық жарақаттанушылықты төмендетуге бағытталған алдын алу, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешенін өткізу;
      5) балалар мен аналар өлімін төмендету, оның ішінде халықты иммундау жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүргізу;
      6) эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жұқпалы аурумен ауыратындарды, олармен байланыста болған адамдарды және жұқпалы ауруға күдіктілерді айқындау мақсатында түтін басы аралап шығуды жүргізу;
      7) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарын белгіленген тәртіппен жұқпалы аурулар, паразиттік және кәсіби аурулар, халықтың улануы және санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзушылықты анықтау туралы хабардар ету жүктеледі.

      14. ФАП осы мекеменің санитарлық-гигиеналық талаптары мен міндеттеріне жауап беретін үй-жай жиынтығы болуы, сондай-ақ жарақтандыру және байланыс құралы табеліне сәйкес жабдықталуы тиіс. Фельдшерлік пунктке жүктелген міндеттерді орындауға арналған көлік құралдарды қажеттілігі бойынша ауылдық дәрігерлік амбулатория (ауылдық учаскелік аурухана) ұсынады.

      15. Дәріхана, дәріханалық пункттер және дәріханалық киоскілер болмаған кезде шалғайдағы ауылдық жерлерде дәрілік заттарды сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке адамдар фельдшерлік-акушерлік пункт арқылы жүзеге асырады. Бұндай кезде дәрілік заттардың сапасының, қауіпсіздігінің және тиімділігінің сақталуын дәрілік заттарды сатушы медициналық білімі бар аттестацияланған мамандар қамтамасыз етеді.

      16. Фельдшерлік-акушерлік пункт белгіленген тәртіппен өзінің жұмысы туралы жоспары мен есебін жасайды және ұсынады, есеп беру-есепке алу медициналық құжаттарын жүргізеді.

      17. Фельдшерлік-акушерлік пунктті меңгеруші басқарады, сметасы, атауы көрсетілген мөртаңбасы және мөрі болады.

      18. Белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін ауылдық елді мекендердегі фельдшерлік пункт (бұдан әрі - ФП) амбулаториялық-емханалық бөлімше болып табылады.

      19. Фельдшерлік пунктке:
      1) халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
      2) дәрігердің тағайындауларын дер кезінде және толық көлемде орындау;
      3) балалар мен жүкті әйелдерді патронаждауды, бекітіліп берілген ауыл халқының, Отан соғысы мүгедектерінің денсаулық жағдайын жүйелі бақылау;
      4) дәрігердің басшылығымен аурушаңдықты, алдымен жұқпалы және паразиттік аурулардың, ауылшаруашылығы және тұрмыстық жарақаттанушылықты төмендетуге бағытталған алдын алу, эпидемияға қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар кешенін өткізу;
      5) алдын алу іс-шараларын, оның ішінде халықты иммундау жүктеледі.

      20. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жұқпалы аурумен ауыратындарды, олармен байланыста болған адамдарды және жұқпалы ауруға күдіктілерді айқындау мақсатында түтін басы аралап шығуды жүргізу.

      21. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарын белгіленген тәртіппен жұқпалы аурулар, паразиттік және кәсіби аурулар, халықтың улануы және санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзушылықты анықтау туралы хабардар ету.

      22. ФП осы мекеменің санитарлық-гигиеналық талаптары мен міндеттеріне жауап беретін үй-жай жиынтығы болуы, сондай-ақ жарақтандыру және байланыс құралы табеліне сәйкес жабдықталуы тиіс. Фельдшерлік пунктке жүктелген міндеттерді орындауға арналған көлік құралдарды қажеттілігі бойынша ауылдық дәрігерлік амбулатория (ауылдық учаскелік аурухана) ұсынады.

      23. Дәріхана, дәріханалық пункттер және дәріханалық киоскілер болмаған кезде шалғайдағы ауылдық жерлерде дәрілік заттарды сатуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды және жеке адамдар фельдшерлік-акушерлік пункт арқылы жүзеге асырады. Бұндай кезде дәрілік заттардың сапасының, қауіпсіздігінің және тиімділігінің сақталуын дәрілік заттарды сатушы медициналық білімі бар аттестацияланған мамандар қамтамасыз етеді.

      24. ФП сметасы, атауы көрсетілген мөр таңбасы және мөрі болады.

      25. ФП белгіленген тәртіппен өзінің жұмысы туралы жоспары мен есебін жасайды және ұсынады, есеп беру-есепке алу медициналық құжаттарын жүргізеді.

      26. Ауылдық (отбасылық) дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі - амбулатория) өз қызметі шегінде аурушаңдықты, ерте анықталған ауруларды ескерту және төмендету жөніндегі кеңейтілген алдын алу іс-шараларын өткізуді; науқастарды ерте анықтауды; дені саулар мен науқастарды диспансерлеуді; халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырушы емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады.

      27. ОДА белгіленген тәртіппен ауылдық елді мекендерде, қала типтес жұмысшы кенттерінде, курортты кенттерде, елді мекендерден тыс құрылыс объектілерінде ұйымдастырылады.
      Амбулаторияға бекітілген халық контингенті мен санын тиісті денсаулық сақтау органы, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері белгілейді.

      28. ОДА жеке ұйым болуы немесе ауылдық учаскелік аурухананың құрамына енуі мүмкін.

      29. ОДА-ның негізгі міндеттері:
      1) тікелей амбулаториялар мен үйге бекітілген ауруханадан тыс дәрігерлік көмек көрсету;
      2) жарақаттанушылықты және аурушаңдықты, оның ішінде халық арасындағы паразитарлық және кәсіби ауруларды төмендету және алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      3) ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізу;
      4) практикаға осы заманғы әдістерді және аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу құралдарын, амбулаториялық-емханалық мекемелердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу;
      5) оған бағынатын фельдшерлік-акушерлік пункттердің қызметіне ұйымдастыру-әдістемелік басшылық және үйлестіру болып табылады.

      30. Осы міндеттерге сәйкес амбулаторияға:
      1) үйдегі науқастарды амбулаториялық қабылдауды жүргізу және көмек көрсету;
      2) жіті ауру кезінде және бақытсыздыққа ұшыраған жағдайда (жарақаттар, уланулар және т.б.) және медициналық көрсеткіштерге сәйкес өзге де емдеу-алдын алу ұйымдарына науқастарды жіберуді қамтамасыз ету көрсеткіштері кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету;
      3) ерте анықталған ауруларды, науқастарды осы заманғы амбулаториялық тексеру мен емдеу, стационарлық емдеуге мұқтаж науқастарды анықтау және оларды ауруханаға жатқызу үшін дайындау;
      4) науқастарды тексеру және емдеуде стационармен, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмекпен сабақтастықты қамтамасыз ету;
      5) уақытша жарамсыздығын сараптау және еңбекке жарамсыздығы  парағын беру жөніндегі жұмыс;
      6) мүгедектік мәселесін шешу үшін белгіленген тәртіпте еңбекке жарамдылығын тұрақты жоғалтқан адамдарды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органына жіберу;
      7) диспансерлеуге жататын адамдарды (дені саулар мен науқастар) алдын алу медициналық тексеруді жүргізу, олардың денсаулық жағдайына динамикалық байқауды қамтамасыз ету, емдік-сауықтыру іс-шараларын жүргізу;
      8) ауыл шаруашылығы жұмысшыларын ерекше медициналық көмекпен қамтамасыз ету және оларға жаппай дала жұмыстары кезеңінде медициналық көмекпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу;
      9) ана мен бала денсаулығын сақтау;
      10) кешендік санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды (алдын алу екпелерін және т.б.) жүргізу;
      11) белгіленген тәртіппен санитарлық-эпидемияға қарсы станцияларды жұқпалы аурулар, паразиттік және кәсіби аурулар, халықтың улануы және анықталған санитарлық-гигиеналық талаптарды бұзушылық туралы хабарлау;
      12) жұмыста практикалық көмек көрсету және бақылау үшін ФАП-ке бағынатын дәрігерлердің жоспарлы шығулары жүктеледі.

      31. ОДА-ның құрамына:
      1) тіркеу орны, медициналық статистика кабинеті;
      2) дәрігерлік қабылдау: терапиялық, педиатриялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, стоматологиялық, жұқпалы аурулар кабинеттері;
      3) қосалқы-диагностика кабинеті, зертхана, тиісті жарақтандырылған рентген кабинеті;
      4) күндізгі стационар;
      5) әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
      6) ФАП, ФП, жеке үй-жайсыз медицина қызметкерлері;
      7) күндізгі стационар кіруі мүмкін.

      32. ОДА Қазақстан Республикасының Конституциясына , денсаулық сақтау саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерге, Жарғыға және осы ережеге сәйкес жұмыс істейді.

      33. ОДА-ны медициналық аппаратпен, аспаптармен, қатты мүккәмалдармен және шаруашылық мүліктермен жарақтандыру бекітілген нормативке сәйкес белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      34. Жеке ОДА заңды тұлға құқығын қолданады, дөңгелек мөрі және мөртаңбасы болады.

      35. Амбулатория белгіленген тәртіпте өзінің жұмысы туралы жоспары мен есебін жасайды және ұсынады, есепке алу құжаттарын жүргізеді.

      36. ОДА-ның қызметіне басшылықты денсаулық сақтау органы тағайындайтын және босататын бас дәрігері (аға дәрігер) жүзеге асырады.

Ауылдық медицина ұйымдарының 
қызметі туралы ережеге    
қосымша            

Ауылдық жерлердегі емхананың шамамен алғандағы ұйымдастырушылық құрылымы

      1. Тіркеу орны
      2. Кабинеттер:
      1) медициналық статистика
      2) диабеттік аяқ басы
      3) функциялық диагностика
      4) стоматология
      5) егу
      6) ем-шара
      7) тексеру
      8) педиатрия
      9) терапия
      10) жасөспірімдер дәрігері
      11) аллерголог
      12) кардиолог (кардиоревматолог)
      13) эндокринолог
      14) дерматовенеролог
      15) психиатр
      16) фтизиатр
      17) нарколог
      18) невролог
      19) жұқпалы аурулар
      20) эндоскопия
      21) хирургия
      22) балалар хирургиясы
      23) травматолог-ортопед
      24) уролог
      25) онколог
      26) офтальмолог
      27) отоларинголог
      28) акушер-гинеколог
      29) физотерапия
      30) рентгенология
      3. Дәріхана
      4. Күндізгі стационар
      5. Клиникалық-диагностикалық зертхана

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау      
министрлігінің       
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 677 бұйрығымен      
бекітілген         

Ауылдық медициналық ұйымдар үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең аз нормативі

____________________________________________________________________
N |          Атаулары                                  | Саны
____________________________________________________________________
1.  Гинекологиялық кресло                                   1
2.  Бактерицидты сәулелеуіш                                 3
3.  Электрлік стерилизатор, миниавтоклав                    3 (1)
4.  Дистиллятор                                             1
5.  Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                  1
6.  Дез.ерітінді дайындауға арналған аспап
    (Na гидрохлориды)                                       1
7.  Ветоштар мен дез. ерітіндіге арналған контейнерлер      5
8.  Бүйрек тәрізді тазиктер                                 10
9.  Бикстер (контейнерлер)                                  5
10. Дәрі-дәрмектерді сақтайтын сейф                         1
11. ЖДК дәрігерінің шемоданы                                1
12. Ересектерге арналған еден таразысы                      1
13. Жаңа туған нәрестелер таразысы                          1
14. Бой өлшегіш (ересектер мен балаларға арналған)          1+2
15. Қол динамометрі                                         1
16. Өлшегіш жолақ                                           3
17. Балаларға арналған фонендоскопты тонометр               4
18. Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр             4
19. Жамбас өлшегіш                                          1
20. Акушерлік стетоскоп                                     3
21. Сүт сорғыш                                              3
22. Медициналық термометр                                   30
23. Бөлме термометрі
24. Негатоскоп                                              1
25. Электрлік вакуум-аспиратор (сорғыш)                     1
26. Тасымалды жарық шамы                                    4
27. Клизмалар (әртүрлі өлшемдердің кешені)                  5
28. Эсмарх кружкасы                                         2
29. Асқазан зонты (жинақ оның іш. балалар. арн.)            3
30. Резеңке грелка                                          2
31. Амбу қабы                                               2
32. Оттегі жастығы                                          2
33. Қолмен тыныс алу аппараты                               1
34. Медициналық тасымалдағыш                                2
35. Балаларға арналған газшығарғыш жиынтық                  2
36. Мұзға арналған бөтелке                                  2
37. Бір рет қолдануға арналған катетерлар (жинақ)           12
38. Сым шендеуіштер                                         5
39. Жане шприцтері                                          2
40. Металл шпательдер                                       20
41. Автоматтандырылған фикциялы күре тамыр бұрауы           12
42. Венаға құюға арналған штатив                            2
43. Портативті ЭКГ аппараты                                 1
44. Дефибриллятор                                           1
45. Пикфлуометр                                             5
46. АИ-1 типті ультрадыбыстық ингалятор немесе небулайзер   2
47. Отоскоп                                                 2
48. Офтальмоскоп                                            2
49. Жарығы бар көз жанарының өткірлігін анықтайтын
    кесте:
    - ересектер үшін                                        2
    - балалар үшін                                          2
50. Маклаков тонометры (көздегі қан қысымын өлшейтін
    тонометр)                                               1
51. Маңдай рефлекторы (Симановскийдің)                      3
52. Жұтқыншақты тексеретін жарық беруші қарындаш            3
53. Неврологиялық балға                                     3
54. Амбулаториялық көмекке арналған хирургиялық
    шағын жиынтық                                           3
55. Трахеостомиялық жиынтық                                 1
56. Интубацияға арналған жиынтық                            1
57. Парацентезге арналған жиынтық                           1
58. Босандыруға қабылдауға арналған жиынтық                 1
59. ЖІС енгізуге арналған жиынтық                           1
60. Офтальмологиялық жиынтық                                1
61. Оториноларингологиялық жиынтық                          1
62. Дәрі-дәрмектерді сақтайтын тоңазытқыш                   2
63. Кушетка                                                 1
64. Бала орайтын үстел                                      1
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау      
министрлігінің       
2003 жылғы 12 қыркүйектегі
N 677 бұйрығымен      
бекітілген         

Фельдшерлік-акушерлік пункт үшін

____________________________________________________________________
N |             Атаулары                                 | Саны
____________________________________________________________________
1.   Гинекологиялық кресло                                   1
2.   Бактерицидты сәулелеуіш                                 1
3.   Электрлік стерилизатор, миниавтоклав                    2
4.   Дистиллятор                                             1
5.   Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                  1
6.   Дез.ерітінді дайындауға арналған аспап
     (Na гидрохлориды)                                       1
7.   Бүйрек тәрізді тазиктер                                 5
8.   Бикстер (контейнерлер)                                  2
9.   Тоңазытқыш                                              1
10.  Тоңазытқыш тізбектерге арналған контейнерлер
     (вакциналарды тасымалдауға сақтауға арналған)           1
11.  ЖДК дәрігерінің шемоданы                                1
12.  Ересектерге арналған еден таразысы                      1
13.  Жаңа туған нәрестелер таразысы                          1
14.  Бой өлшегіш (ересектер мен балаларға арналған)          1+2
15.  Өлшегіш жолақ                                           2
16.  Балаларға арналған фонендоскопты тонометр               2
17.  Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр             2
18.  Жамбас өлшегіш                                          1
19.  Акушерлік стетоскоп                                     2
20.  Сүт сорғыш                                              2
21.  Медициналық термометр                                   5
22.  Асқазан зонты (жинақ оның іш. балалар. арн.)            2
23.  Тасымалды жарық шамы                                    2
24.  Клизмалар (әртүрлі өлшемдердің кешені)                  3
25.  Электрлік вакуум-аспиратор (сорғыш)                     1
26.  Резеңке грелка                                          2
27.  Автоматтандырылған фикциялы күре тамыр бұрауы           12
28.  Мұзға арналған бөтелке                                  2
29.  Металл шпательдер                                       20
30.  Венаға құюға арналған штатив                            2
31.  Сым шендеуіштер                                         5
32.  Көліктік шендеуіштер                                    2
33.  Балаларға арналған газшығарғыш жиынтық                  2
34.  Амбу қабы                                               2
35.  Ересектер мен балаларға арналған тіл ұстағыш            2
36.  Эсмарх кружкасы                                         1
37.  Бой тартқыш                                             1
38.  Корнцангтер жиынтығы                                    1
39.  Резинке-мата оттегі жастығы                             2
40.  Булы ингалятор                                          2
41.  Екі жақты қынап айнасы (жиынтық)                        3
42.  Бір жақты қынап айнасы (жиынтық)                        2
43.  Қынаптық айна-көтергіш (жиынтық)                        2
44.  Қабақ көтергіш                                          1
45.  Конус тәріздес жай воронка                              1
46.  Құлақ воронкасы                                         2
47.  Құм сағаты (жиынтық)                                    1
48.  Қан элементтерін санауға арналған Горячев камерасы      1
49.  Несептегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест
     (реактивтік жолақтар)                                   1
50.  Гемоглобинометр                                         1
51.  Протативті "Соллюкс" шамы                               1
52.  Бір линзалы жай лупа                                    1
53.  Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын аспап       1
54.  Тырнақ қайшылары                                        2
55.  Жалпы хирургиялық қайшылар (әр түрлі)                   4
56.  Гипс таңуларын қиюға арналған қайшылар                  1
57.  Жалпы мақсаттағы 200х2,5 анатомиялық пинцет             5
58.  Жалпы мақсаттағы 200х2,5 хирургиялық пинцет             3
59.  Скальпель                                               3
60.  Патронажды мейірбике жиынтығы                           1
61.  Туберкулездік сынамаларға арналған жиынтық              1
62.  Кушетка                                                 1
63.  Бала орайтын үстел                                      1
___________________________________________________________________

Фельдшерлік пункт үшін

___________________________________________________________________
N |             Атаулары                                 | Саны
___________________________________________________________________
1.   Бактерицидты сәулелеуіш                                 1
2.   Электрлік стерилизатор, миниавтоклав                    2
3.   Дистиллятор                                             1
4.   Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                  1
5.   Дез.ерітінді дайындауға арналған аспап
     (Na гидрохлориды)                                       1
6.   Бүйрек тәрізді тазиктер                                 5
7.   Бикстер (контейнерлер)                                  2
8.   Тоңазытқыш                                              1
9.   Тоңазытқыш тізбектерге арналған контейнерлер
     (вакциналарды тасымалдауға сақтауға арналған)           1
10.  ЖДК дәрігерінің шемоданы                                1
11.  Ересектер мен балаларға арналған еден таразысы          1+1
12.  Жаңа туған нәрестелер таразысы                          1
13.  Бой өлшегіш (ересектер мен балаларға арналған)          1+1
14.  Өлшегіш жолақ                                           2
15.  Балаларға арналған фонендоскопты тонометр               1
16.  Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр             1
17.  Жамбас өлшегіш                                          1
18.  Сүт сорғыш                                              2
19.  Медициналық термометр                                   5
20.  Асқазан зонты                                           2
21.  Амбу қабы                                               2
22.  Ересектер мен балаларға арналған тіл ұстағыш            1+1
23.  Корнцангтер жиынтығы                                    1
24.  Бой тартқыш                                             1
25.  Эсмарх кружкасы                                         1
26.  Тасымалды жарық шамы                                    2
27.  Клизмалық груша (әртүрлі өлшемдердің кешені)            3
28.  Резеңке грелка                                          2
29.  Мұзға арналған бөтелке                                  2
30.  Металл шпательдер                                       10
31.  Автоматтандырылған фикциялы күре тамыр бұрауы           12
32.  Венаға құюға арналған штатив                            2
33.  Сым шендеуіштер                                         5
34.  Көліктік шендеуіштер                                    2
35.  Газшығарғыш жиынтық                                     2
36.  Резеңке-мата оттегі жастығы                             1
37.  Булы ингалятор                                          2
38.  Қабақ көтергіш                                          1
39.  Конус тәріздес жай воронка                              1
40.  Құлақ воронкасы                                         2
41.  Құм сағаты (жиынтық)                                    1
42.  Қан элементтерін санауға арналған Горячев камерасы      1
43.  Несептегі глюкозаны анықтауға арналған глюкотест
     (реактивтік жолақтар)                                   1
44.  Гемоглобинометр                                         1
45.  Протативті "Соллюкс" шамы                               1
46.  Бір рет қолданылатын жиынтық (мұқтаждық бойынша)
47.  Бір линзалы жай лупа                                    1
48.  Эритроциттердің тұну жылдамдығын анықтайтын аспап       1
49.  Тырнақ қайшылары                                        2
50.  Жалпы хирургиялық қайшылар (әр түрлі)                   4
51.  Гипс таңуларын қиюға арналған қайшылар                  1
52.  Жалпы мақсаттағы 200х2,5 анатомиялық пинцет             5
53.  Жалпы мақсаттағы 200х2,5 хирургиялық пинцет             3
54.  Скальпель                                               3
55.  Патронажды мейірбике жиынтығы                           1
56.  Туберкулездік сынамаларға арналған жиынтық              1
57.  Кушетка                                                 1
58.  Бала орайтын үстел                                      1
___________________________________________________________________

Емханалар үшін

___________________________________________________________________
N  |    Жабдықтардың атауы                              | Саны
___________________________________________________________________
      Клиникалық және биохимиялық зерттеулерге арналған
___________________________________________________________________
1.  Термостат                                               1
2.  Суырмалы шкаф                                           2
3.  Центрифуга                                              2
4.  Термомонша                                              2
5.  Фотокалориметр                                          2
6.  Ионометр                                                1
7.  Горячев камерасы                                        5
8.  Прецензионды таразы                                     1
9.  Рефрактометр                                            1
10. Бинокулярлы микроскоп                                   3
11. Дистиллятор                                             1
12. Гемогобинометр                                          1
13. Кварцтық сәулелеуіш                                     1
14. Тоңазытқыш                                              2
15. Автоклав                                                1
16. Құрғақ ауа стерилизаторы                                1
___________________________________________________________________

      Фтизиотерапияға арналған
___________________________________________________________________
1.  Ингалятор                                               3
2.  УГН-сәулелеуіш                                          1
3.  УВЧ аппараты                                            2
4.  "Ампплимпульс" аппараты                                 1
5.  УЗТ аппараты                                            1
6.  "Тонус" аппараты                                        1
7.  "Полюс" аппараты                                        1
8.  ИКВ аппараты                                            1
9.  "Соллюкс" аппараты                                       2
10. "Искра" аппараты                                        1
11. "Волна" аппараты                                        1
___________________________________________________________________

      Функционалдық диагностикаға арналған
___________________________________________________________________
1.  ЭХО кардиограф                                          1
2.  Көп арналы электрокардиограф                            3
3.  Кардиографиялық велоэргометриялық кешен                 1
4.  Реограф                                                 1
5.  Спирограф                                               2
6.  УДЗ аппараты                                            2
___________________________________________________________________

      Рентгендиагностикаға арналған
___________________________________________________________________
1.  Стационарлық рентгенодиагностикалық аппарат             1
2.  Флюорографиялық аппарат                                 1
3.  Негатоскоп                                              2
4.  Пленкілерді өңдейтін бак                                2
5.  Түсірілгендерді кептіру шкафы                           1
6.  Қызметкерлердің қорғаныш құралдары                      1
___________________________________________________________________

      Эндоскопияға арналған
___________________________________________________________________
1.  Фиброгастродуоденоскоп                                  2
2.  Кварцтық сәулелеуіш                                     1
3.  Ректороманоскоп                                         1
4.  Фиброколопоскоп                                         1
5.  Бронхоскоп                                              1
___________________________________________________________________

      Жалпы дәрігерлік қабылдауға (хирург, травматолог, лор, окулист, невропатолог, пульмонолог, ревматолог, уролог, кардиолог, акушер-гинеколог, педиатр, тіс дәрігері кабинеті) арналған
___________________________________________________________________
1.  Амбулаториялық көмек үшін шағын хирургиялық жиынтық     3
2.  Офтальмоскоп                                            2
3.  Жарығы бар көз жанарының өткірлігін анықтайтын
    кесте
    - ересектер үшін                                        1
    - балалар үшін                                          1
4.  Көздегі қан қысымын өлшейтін тонометр                   1
5.  Маңдай рефлекторы                                       2
6.  Жұтқыншақты тексеретін жарық беруші қарындаш            2
7.  Неврологиялық балға                                     2
8.  Ересектерге арналған едендік таразы                     1
9.  Жаңа туған нәрестелерге арналған таразы                 1
10. Бала орайтын үстел                                      1
11. Гинекологиялық кресло                                   1
12. Кушетка                                                 1
13. Шағын гинекологиялық жиынтық                            1
14. Құрал-саймандар үстелі                                  1
15. Массаж үстелі
16. Гипстік қысқыштар жиынтығы                              1
17. Ересектерге арналған бой өлшегіш                        1
18. Қол динамометрі                                         1
19. Өлшегіш лента                                           3
20. Балаларға арналған фонендоскопты тонометр               4
21. Ересектерге арналған фонендоскопты тонометр             4
22. Медициналық термометр                                   20
23. Бөлме термометрі                                        5
24. Су моншасына арналған термометр                         3
25. Бактерицидты сәулелеуіш                                 3
26. Электрлік стерилизатор                                  3
27. Дистиллятор                                             1
28. Құрғақ қыздыру (стерилизациялау) шкафы                  1
29. Дез. ерітінді (Na гипхлоридін) дайындауға
    арналған аспап                                          1
30. Стоматологиялық кресло                                  2
31. Таңу үстелі                                             2
32. Тегістегіш                                              2
33. Сүйреткіш                                               2
34. Негатоскоп                                              1
35. Бормашина                                               2
36. Амбу қабы                                               2
37. Қолмен тыныстандыру аппараты                            2
38. Электростат
39. Трахеотомикалық, оның ішін.балаларға арн. жиынтық       2
40. Балаларға арналған ларингоскоп                          1+1
41. Бой тартқыш                                             2
42. Интубациялық, оның ішін.балаларға арн. түтікшелер
    жиынтығы                                                2+2
43. Ересектер мен балаларға арналған тіл ұстағыш            1+1
44. Асқазандық оның ішін.балаларға арн. зонттар жиынтығы    3+2
45. Оттегі жастығы                                          3
___________________________________________________________________

      Иммундық алдын алуға арналған
___________________________________________________________________
1.  Аллергендер жиынтығы                                    5
2.  Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф                          1
3.  Кушетка                                                 2
4.  Суырмалы шкаф                                           1
___________________________________________________________________

      Процедуралық және егу кабинеттеріне арналған
___________________________________________________________________
1.  Кварцтық шам                                            3
2.  Дәрі-дәрмектерге арналған шкаф                          1
3.  Суырмалы шкаф                                           1
4.  Кушетка                                                 2
___________________________________________________________________